АРНАЙЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ...

172
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ АРНАЙЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ЛОГОПЕДТІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция МАТЕРИАЛДАРЫ Атырау қаласы 2019 жыл

Transcript of АРНАЙЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ

БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

АРНАЙЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ

ЛОГОПЕДТІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

ЖОЛДАРЫ тақырыбында

облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

МАТЕРИАЛДАРЫ

Атырау қаласы 2019 жыл

2

Жалпы редакциясын басқарған:Галимжанова М.А.-педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, академик

Редакциялық алқа мүшелері: Г.Ә.Әлім, Э.А.Торебекова-магистр,

Г.С.Қаленова-магистр, К.А.Ханалиева, А.К.Ермагамбетова,

Арнайы және инклюзивті білім беру мекемелерінде логопедтік жұмыстарының әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру жолдары: облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы/ құраст. С.Джаманбаева, Атырау, 2019.172 б.

Жинаққа «Арнайы және инклюзивті білім беру мекемелерінде

логопедтік жұмыстарының әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру жолдары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар енгізілген.

Инклюзивті білім берудің ерекшеліктерінен сай ұйымдастырылатын жұмыстар мен сабақтар, педагогтардың іс-тәжірибелері жинақталған жинақ өзара тәжірибе алмасу мақсатында дайындалды.

Жинақ педагогтарға және көпшілік оқырманға арналған. Барлық материалдар авторлар ұсынған нұсқада жарияланған.

© «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, 2019 жыл

3

АЛҒЫ СӨЗ

Ғалымжанова Маржан Анесқызы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты,

профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу білім беру жүйесінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Бұл орайда ҚР Үкіметінің 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылуда. Мұнда білім саласы мамандарына арналған міндеттер барысында ақыл-ойы қалыпты дамитын балалармен қатар дамуында ауытқуы бар балалардың да білім алуына барлық жағдайды жасау керектігі айтылған.

Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін Мемлекет тарапынан көптеген шаралар енгізіліп жатыр.

Бүгінгі күні білім саласында өз шешімін таппай отырған мәселелер баршылық. Инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары 2011-2020, 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік дамыту бағдарламасында шешімін тапты.

Қоғамдағы дамуында ауытқуы бар тұлғалардың жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі кездеседі. Алайда дамуында ауытқуы бар ересек тұлғалардың өз құқықтарын іске асыруына байланысты мүгедектік проблемалары жиі іске алынып жатады, ал дамуында ауытқуы бар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл дамуында ауытқуы бар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар-ожданын кемсітетін, оның дамуға және тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші көріністер болып табылады.

Осы мақсатты жүзеге асыруда біз оқушының деңгейіне мән бермейміз, нәтижесінде көптеген оқушылар осы деңгейге жетпей қалу салдарынан үлгермеушілер қатарына жатады.

Мектептегі үлгермеушіліктің негізгі себебі мектептегі білім беру жүйесінің баланың интеллектуалдық жүйесіне сәйкес келмеуінен. Ал біз болсақ, білім беру бағдарламаларын күрделендіріп жатырмыз. Баланың меңгеру деңгейін, оның жас ерекшелігін назарға алмай, бір жағынан баланың жаңа бағдарламамен оқуы қиынға соғатынын түсіне отырып, оны беделді мектепке, мықты мұғалімге беруге тырысамыз. Қазіргі уақытта арнаулы білім берудегі нақты прогресске бірнеше факторлар: дамуында ауытқуы бар оқушыларға қатысты үміттің аздығы, жоқтығы, инклюзивті білім беруге мектептердің дайын еместігі кедергі келтіруде.

Арнаулы білім беруді кез келген білім беру реформаларының бағдарламаларына енгізу,жоспарлау кезінде дамуында ауытқуы бар балалардың нақты мүмкіндіктерін ескеру, білім сапасын жақсарту және оны алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету, арнаулы заңдарды даярлау, ерекше білім

4

алу қажеттіліктері бар адамдардың санаттарының құқықтарын қамтамасыз ету осының барлығы жағдайды едәуір өзгертіп, барлық адамдардың білім идеяларын іске асыру үшін алғышарттар жасап, үйден оқыту мәселесін қатаң қадағалау қолға алынып жатыр.

Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту өзекті мәселе болып отыр.

«Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ. Бұл термин көбіне «Сапалы білім барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде дамуында ауытқуы бар бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда дамуында ауытқуы бар балалар көбінде арнайы мектеп-интернаттарда білім алуда. Жалпы мектептердегі мұғалімдер дамуында ауытқуы бар бала сыныпқа келген кезде оны қандай оқулықтармен оқытып, қандай әдістемелік құралдарды пайдалану керек екенін білмейді. Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе-арнайы мамандардың жеткіліксіздігі. Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз дамуында ауытқуы бар жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді - енді қолға алына бастады.

Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады.

Баланың шындықты тануға ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану баланың әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән- жайын танып, оларды тереңірек түсінуіне жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Ақыл-ой сезімі адамның кез келген әрекеттегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл- күй болып табылады. Ал сондай ақыл- ой сезімі кейбір балада жетілмей артта қалып қояды. Оның себебі негізіне тұқым қуалаушылық, ортаның экологиялық әсері, отбасының әлеуметтік жағдайы. Мұндай ауруларға ұшырау салдарынан жапа шеккен балалар, дене кемістіктеріне ақыл-ой кемшілігі қосылып, ақыл-есі тоқырап қалған балалар, тағы да басқа себептермен кеміс болып қалғандар жатады. Сонымен бұл топқа дені сау, бірақ тұрмыс жағдайының ауыр болу себептерінен бір қалыпты дамымай қалған балаларды да қосамыз. Мұндай жәйттер негізінен әлеуметтік жағдайларға байланысты.

Ақыл-ойы кем болған балаларға әлеуметтік көмек көрсету барысында медициналық бейімдеудің маңызы зор. Осындай ақыл-ойы кем балалармен жігерлі терапия жүргізе отырып, оларды дәрілік емдеу, физио, психотерапия, емдік дене шынықтыру жаттығулары, жалпы денсаулыққа пайдалы емдеу шараларымен сүйемелдеу қажет. Ақыл ойы-кем балаларды оқытудың негізгі әдісі-біріктіру болып табылады. Біріктіре оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерін анықтап, білім беру стандартына сай қалыпты дамуын

5

қадағалап, зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып оқыту, тәрбиелеу – басты мақсат болып отыр.

Біріктіру әдісі–білімді түзетудің,дамытудың заңдылығы болып табылады.

Біріктіре оқыту келесі қағидалар негізінде жүргізіледі: дамуындағы кемшілікті ерте бастан түзету, дамуында ауытқуы бар балалардың бірнеше қызметтерін қалпына келтіру қабілеттері, біріктіре оқыған балаға түзету көмектері міндетті түрде алынуы.

Біріктіре оқуға негізделген балаларды таңдау психоэмоционалдық дамуы терең бұзылған балалар қалыпты балалар арасында тәрбиелене алмайды. Ақыл-ойы кем балалардың психологиялық қауіпсіздігін сақтау, мейірімділік пен қамқорлық жағдайын туғызу, олардың қиыншылығын түсіну және жағдай жасау.

«Ең бастысы дамуында ауытқуы бар балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасау керек. Сондықтан күндізгі шағын стационар да арнайы жұмыс тобын құрып, әр баланың қабілетін анықтап, дұрыс бағыт-бағдар беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеу керек».

Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға жан-жақты мән берілуде. Жарымжан балаларды оқыту процесінде ерте бейімдеудің маңызы зор. Тек оқытып қана қоймай, мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау қызметін тарту қажет. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды.

Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенция аясында инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық жоспарын жасап, сапалы білім алуды қамтамасыз ету үшін қоғамдық институттардың тәжірибесін ескере отырып, дамуында ауытқуы бар жандарды үздіксіз оқытудың тұжырымдамасын жасау қажет.

Қандай мемелекетте болмасын өзінің заңды тұлға, азаматы болғандықтан дүниеге келген дамуында ауытқуы бар азаматтарына қамқорлық жасауға, өз қатарларымен бірге жүріп, өмірден тиісті сыбағасын алуына жағдай жасап жатады. Ал дүниеге алпыс екі тамырын идіріп, алып келген баласының дамуында ауытқуы бар болуы, кез-келген ата-ана үшін психологиялық тұрғыдан үлкен соққы болары анық. Есін біле, өзін қоршаған ортамен араласа бастайтындай жасқа келген ондай балалар ше, әрине олардың да ішкі жан дүниесі (психологиясы) аласапыран күйде болуы анық.

Осы орайда, адамның ең басты игілігі – жеке басының бостандығы мен құқықтары болып табылады. Бұл құқықтар мен бостандықтарды қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері конституциялық–құқықтық жарлықтар да және адам құқығы туралы халықаралық құжаттарда белгіленген.

Дамуында ауытқуы бар балаларды, әлеуметтік және медициналық–педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңның 4 тарауында дамуында ауытқуы бар балалардың құқықтары бекітілген, нақты ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің міндеттері мен құқықтары

6

көрсетілген. 15 бап дамуында ауытқуы бар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдауды кепіл ретінде көмекті тегін алуға құқығын бекітті. Осыған қарамай, кейбір ата-аналар балаларына мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтарға мойынұсынғысы келмей, баласын, көпшілік ортасына араластырмай, өз беттерінше әрекет жасап, баласы есейіп кеткеннен кейін, барып, тиісті орындарға шапқылайтындары да кездесіп жатады.

Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. Жыл санап дамуында ауытқуы бар балаларға деген көзқарас өзгеріп келеді, яғни, орта оларды қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын жеке тұлға ретінде қабылдауда. Осы орайда педагог қызметкерлердің ең басты міндеті болып, қоғамдағы дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ерекшеліктерін анықтап, олардың отбасындағы қарым-қатынасын дамытып, дені сау балалармен аралас-құралас жағдай туғызу, қоғам мен жеке адамдардың түсінігінде жарымжан балаларға әркез жәрдем беруге әзірлік сезімін туғызуды қамтамасыз ету болып табылады.

Отбасы баланың тұлға ретінде қалыптасуына, қоғамда алғашқы қадам жасауына жәрдемдесуі тиіс. Дамуында ауытқуы бар бала дүниеге келгеннен кейін оның тәрбиесіне отбасының әрбір мүшесі жауапты. Өйткені мұндай балалар отбасына көптеген проблемаларды өзімен бірге ала келеді. Ата-ана балаға қойылған аңғарымды алғаш естіген кезде үрейленіп, қорқыныш сезіміне беріле бастайды. Одан кейін өздерін кінәлі санау басталады. Сондықтан, мұндай отбасылар арнайы педагог мамандардың, соның ішінде дефектолог, психолог, әлеуметтік-педагогтардың көмектеріне зәру. Өйткені мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді, арнайы тәрбиелеу мен оқытуды талап етеді. Дамуында ауытқуы бар баланың отбасындағы қарым-қатынасын және өзі қатарлас балалармен қарым-қатынасын анықтау, олармен бірдей деңгейде араласуына мүмкіндік туғызу, білім деңгейіне сай оқыту және қоғамның болашақ өз-өзіне сенімді азамат етіп тәрбиелеу үшін педагог мамандар ата-аналармен, әлеуметтік сала қызметкерлерімен тығыз байланыста болуы керек. Тек осы жағдайда ғана, дамуында ауытқуы бар балалардың өздерін қоғамның толыққанды азаматы ретінде қабылдауына жағдай туар еді.

7

АРНАЙЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ТІЛІН ДАМЫТУ

Урымбаева Ардақ Джекеновна Атырау қаласы, жалпы білім беретін Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дефектологы

Тіл кемістігі бар оқушылардың жүйелі сөйлеуін дамыту және оның қарым–қатынас құралы екенін ұғындыру, байланыстырып сөйлей білуге дағдыландыру арнайы мектептің оқыту үрдісіндегі ең күрделі мәселелер болып табылады.

Логопедиялық сабақтағы мақсаттардың бірі–оқушыларды оқуға, сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу. Сабақта оқушыларға берілген жаттығулардың тек грамматикалық материалдар көлемімен шектеліп қалмай, логикалық ойын, тілін дамыту, сонымен бірге жан-жақты білім беру жағы да ескеріледі. Сондықтан, тапсырмалар қызықты, тартымды, мазмұны терең болуы, оқушылардың жас ерекшелігіне сай келуі көзделеді.

Түзету оқуының ең басты бағыттары: Дыбыстарды дұрыс айтылуын қалыптастыру (арнайы логопедиялық

әдістерді қолдана отырып, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, дыбыстардың артикуляциясын анықтау).

Фонематикалық есту қабілеттерін жетілдіру (дыбыстарды ажырата білуге, есте сақтауға үйрету, артикуляциялық дағдыларды және фонематикалық қабылдауын дамыту, дыбыстық талдау және жинақтау қабілетін дамыту).

Тіл дамыту оқуына дайындық (оқу мен жазу). Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Мектептегі оқыту үрдісі тіл

дамытудан басталатыны белгілі. Тіл дамыту жұмысының мақсаты – оқу мен жазуды үйрету. Тілі дамымаған баланың басқа да психикалық қызметтері дамымайды. Әсіресе, жазба тілді дамыту маңызды, әрі күрделі мәселе. Ауызекі сөйлеу тілінің патологиясынан басқа жазу тілдің бұзылуы болады. Қандай да бала болмасын еш уақытта бірден дұрыс жазып және оқып кете алмайды. Балалардың барлығы оқу мен жазуды үйренуінің алғашқы сатысында азды-көпті қателерді жібереді. Сөйлеу тілі дұрыс жетілген балалар мектепке дейінгі жастарында қажетті сөздік қорларын игереді, сөйлеу тілінің грамматикалық түрлерін меңгереді, сөздерге дыбыстық талдау жасай алады. Ал, сөйлеу тілдерінің түрлі патологиялары бар балаларда бұлардың даму барысы кешеуілдеп артта қалып қояды.

Оқу мен жазу бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, жазуындағы кемістіктер оқуында да қатар жүреді.

Қазіргі уақытта балалардың оқуы мен жазуындағы кемістіктер сөйлеу тілінің фонетика – фонематикалық және лексико – грамматикасының барлық сыңарларының жалпы толық дамымауы салдарынан жиі болатындығы анықталады.

8

Дисграфия мен дислексия жалпы сөйлеу кемістігінің ауыр түрлеріне (1-2 деңгей) оқу мен жазуды меңгеру мүлде мүмкін емес. Бұндай балаларды жазуға үйрету үшін бірнеше жыл бойы олардың ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырумен айналысу керек.

Біздің тіліміз ойлаумен тығыз байланысты. Тіл – ойдың құралы деп аталады. Сондықтан баланың тілін дамытумен бірге, біз оның ойын да дамытамыз. Олай болса баланың таза, дұрыс сөйлеуінің оның ойының дамуы үшін де үлкен маңызы бар.

Сынып оқушыларының сөйлеу тіліндегі мүкістіктің ішкі сырының ерекшелігін және оның ауқымдылығын анықтай білу қажет. Мүкістіктер сөйлеу тілінің фонематикалық, лексикалық, және грамматикалық жақтарын қамтиды. Сонымен бірге оқушылардың оқуы мен жазуын да тексеру қажет.

Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұзылуы өз бетімен дербес болып келуі белгілі, бірақ ол көп жағдайларда сөйлеу тілінің фонетикалық жағын, кейде фонетика – фонематикалық және лексико – грамматикалық жақтары сияқты жалпы дамуын да қамтитын бұзылудың күрделі нышанын білдіретін ақаулықтарға сай келуі мүмкін. Сөйлеу тілі дыбыстарын естіп қабылдауының, ажыратуының жеткіліксіз дамуы жекелеген дыбыстардың айтылуындағы бұзылуына және баланың фонематикалық түсінігінің кешеуілдеп қалуына себепші болуы мүмкін. Сондай-ақ ол сөйлеу тіліндегі дыбыстардың талдауының қалыптаспауына, демек оқуы мен жазуын меңгеруіне де әсер етуі мүмкін.

Сөйлеу тілін тексермес бұрын ата-аналармен әңгіме өткізілу қажет. Әңгімелесудің барысында баланың қандай аурумен ауырғаны, жарақаттанғандығы және сөйлеу тілінің дұрыс қалыптаспауына зиянын тигізетін тәрбие жағдайлары анықталады (анамнез жинақтау). Мектепке келген балалардың сөйлеу тілінің жалпы жағдайынан түсінік алу үшін қарапайым жеңіл әңгімелер өткізіледі.

– Отбасы туралы әңгімелесу. Сұрақтар: Сенің атың кім? Сен қайда тұрасың? Отбасыңда кімдер бар? Әңгімені тек сұрақ–жауаппен шектеп жүргізуге болмайды. Балаға

бейнелі сурет бойынша қысқа әңгімені ауызекі айтып беруді ұсынуға болады. Оқу мен жазу сөйлеу тілі қызметінің ерекше түрі. Сөйлеу тілінің толық

дамымауы мен оқу және жазуының бұзылуының арасында тығыз байланыс бар. Баланың сөйлеу тілінің жазуын тексерудің үлкен маңызы бар, себебі ол жазуды меңгеру дағдысының деңгейін ғана емес, сонымен бірге ақаулықтарының түрлерін де анықтауға жәрдем береді. Жазу дағдысы жат жазу арқылы тексеріледі. Қателердің себебін және ерекшелігін анықтау үшін дағдылануға байланысты сөздермен немесе қысқа сөйлемдерден жат жазу жазғызуға болады. Сонымен бірге көшірме жазуы да тексеріледі. Жат жазуындағы жіберілген қателері мен көшірме жазуындағы жіберілген қателерді салыстырып теңестіреді. Жазуды енді үйрене бастаған балаларға жат жазуды дыбыстарды жазғызудан бастайды. Балаға өзінің сөйлеу тілінің айтылуындағы жиі бұзылатын дыбыстарды жазғызады. Бала буындарды немесе қысқа сөздерді айтумен қалай жазатынын тексереді. Жат жазумен қатар баланың айтуымен жазғанда байқалмайтын кейбір қателерін, сөйлемді

9

жазғанда байқалмайтын кейбір қателерін және сөйлемді құрастыруының бұзылуын, сөздік қорының жеткіліксіздігін анықтауға мүмкіндік беретін өздігінен жазуын тексеру керек.

Өздігінен жазуын тексеру үшін әр түрлі бейнедегі суреттерді ұсынуға болады.

Балалардың оқуының жағдайын тексеру үшін арнайы іріктеліп алынған

сөйлемдерді пайдаланады, егер бала нашар оқитын болса, онда әріптерді оқып талдаудан бастайды. Бұдан кейін буындарды оқуды тексереді. Құрамында қатар тұрған дауыссыз және дұрыс айтылатын да, дұрыс айтылмайтын да дыбыстары бар буындарды алдымен тура, сосын керісінше буындарды оқытады. Бұдан кейін сөздерді оқуға көшеді. Оқуды тексеру үшін алдымен жәй сөйлемдерді, сосын дыбыстық және морфологиялық құрамы бойынша күрделілеу сөздерді іріктеп алады. Бала оқыған сөздерін түсінетін, түсінбейтіндігін міндетті түрде тексеру керек. Бұны анықтау үшін оқыған сөзіне бір мағыналы сөздерді іріктеп алып, оны сөйлемнің құрамына енгізуді, сосын соған лайықты суретті іздеуді ұсыну арқылы жасайды. Оқуын тексеру барысында байқалғанның бәрі жазып алынады. Олар оқуының кемістіктерінің шығуына, сөйлеу тілінің фонетикалық бұзылуы мен жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауының қайсысының себепші болатынын және оны жоюда ең тиімді тәсілді табуды, оқуындағы қиыншылықтан құтылудың әдісін анықтауға жәрдем береді. Адамның ойлауы тек тіл арқылы ғана туып және де сол арқылы қолданылады. Тілдің сөйлегенде бұзылып, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен бірге психикалық дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан баланың тілін таза, дұрыс сөйлеуінің оның дамуы үшін де үлкен маңызы бар.

Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға білім берудегі негізгі міндет – әрбір баланы өмірде айналасындағылардың көмегіне тәуелді болмай өз бетінше өмір сүруге дайындау.

Сыныптағы оқушылардың оқу кемістіктерін түзету үшін олардың себептерін анықтау қажет. Мұндай кемістіктер әр түрлі болады, мысалы: зейіннің тұрақсыздығынан, зейінін шоғырландыра алмаушылық буындап оқу дағдысының қалыспағандығынан оқушының тіл кемістігі т.б. Сынып оқушыларының оқу сабақтарында жіберетін қателіктерін топтап көрсетсем, төмендегідей: а) Әріп,буын немесе сөз қалдырып кетіп оқу. ә) Кейбір буындарды, сөздерді екі рет қайталап, ежелеп оқитындар.

10

б) Тілі келмегендіктен және тіл кемшілігіне байланысты бір әріпті екінші әріппен алмастырып (оңда–онға, күзет – күжет т.с.с) оқиды.

Мұндай кемшіліктерді алдын- ала есепке алып, түзету жұмыстарын жүргізіп отырамын.

Оқу мен жазу дағдыларын қалпына келтіруге фонематикалық есту қабілеті мен сөйлеу тілінің дамуымен қатар, көру түйсігі және кеңістікті бағдарлауы, қимылы, жазуға үйрету кезінде, ең алдымен, қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қимылдары дамуының маңызы зор.

Оқу мен жазу дыбыстық талдау, жинақтау әдісі арқылы жүргізілетіні белгілі. Сондықтан, ең бірінші талап – балалардың дыбыс есту қабілетін дамытып, тіліміздегі түрлі дыбыстарды ажырата білуге, дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ол үшін әр түрлі ойын түрлері пайдаланылады. Мысалы: «Еденге не түсті?», «Қай аспапта ойнадым?», «Кім атыңды атады?», «Қай жануар үн шығарды?».

Келесі тапсырма – суреттермен жұмыс. Дыбыстық жинақтау дағдыларын қалыптастыру. Жеке кеспе әріптерден сөз шығару: апап, кәе, нара. Жазу процесін түзету үшін саусақтың бұлшық ет қимылдарын дамыту

қажет. Ол үшін сурет, еңбек, жазу сабақтарында міндетті түрде арнайы жаттығулар өткізілуі қажет. Осы бағытта мынандай жұмыстар жүргізуге болады:

• Трафарет, контурлармен жұмыс жасау, берілген нүктелерді қосу арқылы геометриялық фигураларды сызу, фигуралардың ішін штрихтау.

• Дәптер жолынан шықпай түзу, сынық сызықтардан тұратын оюлар салу.

• Әріп белгілеріне ұқсас заттар салу. • Әріп элементтерін сызу. Сонымен қатар, әр түрлі дидактикалық арнайы ойындарды қолданған

жөн. Мысалы:«Кім пирамиданы тез жинайды?», «Сиқырлы дорба», «Кім жылдам?» (шашылған ұсақ заттарды жинау). «Кесілген суреттерді құрастыру». Бұл ойын барысында балалар саусақтарын жаттықтырумен қатар, ойлау, сөйлеу қабілетін де дамытады.

Осындай қолдың ұсақ моторикасын дамыту жаттығуларын орындау

барысында балалардың жазу дағдылары дұрыс қалыптасады, есте сақтау қабілеті дамиды.

Жазуындағы, оқуындағы кемістіктерді жою жұмысы оқу жылы бойы жүргізіледі. Олардың қажетті шарттарының нәтижелілігі ауызекі сөйлеу тілі мен жазуын жетілдіру болып табылады. Оқу мен жазуындағы кемістіктерді түзету әрдайым тоқтаусыз жұмыс істеуді қажет етеді. Жоғарыда айтылып

11

өткен әдіс – тәсілдерді, элементтерді сабақта пайдалана отырып, мынандай нәтижелерге қол жеткізуге болады:

Фонематикалық есту қабілеті жетіледі. Есте сақтау, ойлау қабілеті дамиды. Қолдың ұсақ моторикасы дамиды. Оқу мен жазу дағдылары дұрыс қалыптасады.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, тіл кемістігін түзеуге, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер 1.«Тіл дамыту» Жүсіпова Д.З.,Ихсанова Ф.Қ.,Омарғалиева Т.Ж., Ноғайбеков Б.Ж. Алматы «Аруна баспасы» 2. «Логопедтің баламен жеке жұмыс дәптері» Қожахметова Н.К. 2015ж. 3.Ефименкова Л.Н. «Формирование речи у дошкольников (дети с общим недоразвитием речи)» - М 1992г. 4. Өмірбекова К.К., Оразова Г.С., Төлебиева Г.Н., Ибатова Г.Б. «Логопедия» Оқулық-Алматы 2011ж. 5.Филичева Т.Б.,Соболева А.З.Развитие речи дошкольников–Екатеринбург,1997г. 6. Ибатова «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру» Алматы 2015ж.

АСА ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК

Кабенова Гулжазира Сайновна Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің

жоғары санатты педагог-психологы

Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, аса қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.

«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек» - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқу процесіне жаңа көзқараспен қарау керек.

Инновациялық жолдарын жүзеге асыру мен аса қажеттілігі бар балалармен жүргізілетін психологиялық жұмыс түрлері.

Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы:

ҚР Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №174 бұйрығы. ҚР Әділет министірлігінде 2015 жылғы 14 мамырда №11047 тіркелді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қр Заңы 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

12

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

5. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін аса қажеттілігі бар балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

Инклюзив–сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.

Инклюзивті білім беру–аса қажеттілігі бар балаларға қалыпты балалармен бірге білім беру.

Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару,барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.Тәжірибе көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады,өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп,жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.

Мақсаты: Жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік танымға қабілеттілігі және оның

бағытталуы, қызығушылығының қалыптасуы мен дамуы, білімділік және біліктілік дағдыларын үйретудің жағдайын жасау.

Міндеттері: 1.Аса қажеттілігі бар балалардың психикалық дамуындағы негізгі заңдылықтарды ашу; 2. Сәйкес келетін деңгейіне психофизиологиялық мүмкіндігін дамыту, артикулярлық аппаратын, фонематикалық есту қабілеті, қолының ұсақ бұлшық еттерінің дамуы, көру-моторлық қозғалыс т.б.; 3.Мектеп жағдайына тез бейімделуге қажет әлеуметтік адамгершілік жағымды мінез-құлық қалыптастыру, оқуға қызуғышылығын дамыту; 4. Интеллектуалдық жас ерекшелігіне қарай дамыту, даму деңгейін көтеру және жеке дамуындағы ауыртпашылықты түзету; 5. Өз жасына сәйкес баланың жалпы дамуына және біліктілік дағдыларын нығайту үшін жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру.

13

Негізгі бөлім Білім берудің бұл түрінде аса қажетілігі бар баланың өз-өзіне сенімі

артады, ол маңайындағылардың тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді, бұл баланың өзін-өзіне бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады. Оқытудың бұл түрі арқылы аса қажеттілігі бар бала өз қабілетіне сай ата-анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп-интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, тұрғылықты жерде білім алады. Қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата-анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып, жеткіншек алдында жауакершіліктері артады.

Жаңашаруа қазақ орта мектебінің «Жеке оқытуға»

байланысты құрылған жұмыс жоспары Мақсаты: Баланың есте сақтау динамикасын анықтау және баланың психикалық даму деңгейін, ерекшелігін, психикалық дамудағы, мінез-құлқындағы ауытқушылығын анықтау.

Міндеттері: • Баланың даму функциясының деңгейін анықтау; • Баланың дене және психикалық даму арасындағы өзара байланысын,

қимыл – қозғалысын анықтау; • Баланың қабылдау қабілетін анықтау; • Баланың есту қабілетін анықтау; • Баланың есте сақтау қабілетін анықтау.

№ Мерзімі Тақырып Жұмыс түрі Аяқталу формасы

Сағат

1 Қыркүйек 12

Қыркүйек 19

Қыркүйек 26

Баладан сауалнама алу (ауызша); Танымдылығын зерттеу; Қиялын арттыру. (сурет салғызу)

Психодиагностика

Анықтама 1

1 1

2 Қазан 10 Қазан 17

Қазан 24

«Менің отбасым» (сурет); «Артық зат» (тест); Не аяқталып салынбаған? (әдістеме)

Психокоррекциялық және

дамытушылық жұмыстар

Анықтама 1

1 1

3 Қараша 14

Қараша 21

Қараша 28

«Түстерді таңдау» (әдісімен көңіл-күйін анықтау); Өзің туралы жағымсыз ойлардан құтылу (кеңес); «Мен күн сәулесінің астындамын» (жаттығу)

Психокоррекциялық және

дамытушылық жұмыстар

Анықтама 1

1

1

14

4 Желтоқсан 5 Желтоқсан 12

Желтоқсан 26

Есте сақтау қабілетін арттыру; «Кімге не жетіспейді?» (әдістеме); Аса қажеттілігі бар балаларға арналған психологиялық тренинг «Дөңгелекшелермен жұмыс»

Психокоррекциялық және

дамытушылық жұмыстар

Анықтама 1

1 1

5 Қаңтар 9

Қаңтар 16

Қаңтар 23

Қаңтар 30

Баланың мотрикасын дамыту; «Көру, есту, моторика- лық есте сақтау»; Коллаж «Менің қазіргі отбасым»; «Менің болашақтағы отбасым»;

Психокоррекциялық және

дамытушылық жұмыстар

Анықтама 1

1

1

1

6 Ақпан 6

Ақпан 13 Ақпан 20

Ақпан 27

Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар; Пантомима (сурет 1-8); Ойды дамыту Хеда (әдістеме) Сиротюк А.Л. I. Қол II. Екпін; Баланың моторикасын дамыту; «Манкамен сурет салу»;

Психокоррекциялық және

дамытушылық жұмыстар

Анықтама 1

1 1

1

7 Наурыз 12

Наурыз 19

Көру арқылы есте сақтау. (1, 45, 25, 63, 2, 4, 8, 34, 29, 11); «Менің көңіл күйім неге ұқсайды?» (жаттығу);

Психокоррекциялық және

дамытушылық жұмыстар

Анықтама 1

1

8 Сәуір 9

Сәуір 16 Сәуір 23

Сәуір 30

Д.Б.Элькониннің «Графикалық диктант» (әдістемесі); «Мен қандаймын?» (әдістеме); «Үй – кірпі – құлып» әдістеме; Түйсіну мен қабылдау. «Қапшық толы ойыншық» жаттығу.

Психокоррекциялық және

дамытушылық жұмыстар

Анықтама 1

1

1

1

15

9 Мамыр 2

Мамыр 16

Логикалық ойын «Қызықты әзіл- есептер»; Баладан, ата-анадан, педагогтан сауалнама.

Психокоррекциялық және

дамытушылық жұмыстар

Анықтама 1

1

«Жеке оқытуға» байланысты атқарылған жұмыстар: Мақсаты: баланың зейінін, есте сақтау қабілетін анықтау; Міндеттері:

1.Баланың қабылдау қабілетін анықтау; 2.Мектеп жағдайына тез бейімделуге қажет әлеуметтік адамгершілік жағымды мінез-құлық қалыптастыру,оқуға қызуғышылығын дамыту; 3.Баланың есте сақтау қабілетін анықтау; 4.Аса қажеттілігі бар балалардың психикалық дамуындағы негізгі заңдылықтарды ашу; 5.Баланың даму деңгейін анықтау.

Бағытжан Арсен 07.02.2010 жылы туған, үйден білім алатын оқушы. Дәрігердің қойған диагнозы: Резидуальное органическое поражение

центральный нервный системы, аномалия развитие черепа ретробульбарный фиброз левый орбиты.

Баланың зейінін, ойлау қабілетін, қабылдауын, танымын, есте сақтау көлемін анықтау барысында оқушының зейінінің шашыраңқылылығы, тұрақсыздығы байқалады. Оқуға қызығушылығы бар.

Бала тез шаршап қалады.Баламен тұрмыстық-психологиялық әңгімелесу өткізілді. Ауызша сауалнама алынды.

Қорытынды Жоғары диаграммада көрсетілгендей: таным – 55%, ойлау – 50%,

қабылдау – 35%, есте сақтау – 30%, жүйелік – 37% - ды көрсетіп отыр. Алдағы уақытта Бағытжан Арсенмен психо-коррекциялық жұмыстар

жүргізіліп отырады. Алынған әдістемелер: «Танымдылығын зерттеу» ( әдістеме). «Не аяқталып салынбаған?» (әдістеме). «Түстерді таңдау» (әдістеме). «Мен күн сәулесінің астындамын.». (жаттығу). «Кімге не жетіспейді?» ( әдістеме). «Көру, есту, моторлық есте сақтау» (әдістеме). «Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар» (жаттығу). «Логикалық ойды дамыту» ( әдістеме). «Менің көңіл күйім неге ұқсайды?» (жаттығу). Д.Б.Элькониннің «Графикалық диктанты» (әдістеме). «Мен қандаймын?» (әдістеме). «Үй – кірпі – құлып» (әдістеме). «Қапшық толы ойыншық» ( жаттығу). Бағытжан Арсеннен алынған әдістемелерінің қазіргі нәтижелері:

16

Тақырып: «Логикалық ойды дамыту». Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін анықтау. Нұсқау:Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау

операцияларының деңгейін анықтау

Қорыта келгенде Бағытжан Арсен 28 ұпай алды, яғни ойлау қабілеті

орташа. Тақырып: «Кімге не жетіспейді?» (әдістемесі). Мақсаты: Оқушының дұрыс саралауын анықтау.

Жоғарыда көрсетілген диаграммада Бағытжан Арсеннің ойлау қабілетін

көруге болады. Арсен 5 сұраққа оң жауап берді, яғни дұрыс саралауы орта деңгейде.

Тақырып: «Не аяқталып салынбаған?» (әдістеме) Мақсаты: Ойлау қабілетін анықтау.

Білім алушы Арсен 10 ұпай алды. Ол тез арада тауып, жазып шықты.

28

0

10

20

30

Жоғары Ортадан жоғары

Орташа Ортадан төмен

Төмен

19-0 ұпай 20-25 ұпай 26-31 ұпай 32-35 ұпай 36-40 ұпай

0123456

8-9 сұрақ 6-7 сұрақ 4-5 сұрақ 3 сұрақ

0

5

10

15

Жоғары Орташа Төмен

10 ұпай 9-8 ұпай 7-5 ұпай

17

Тақырып: «Танымдық қабілетін тексеру» Мақсаты:Оқушының танымдық қабілетін анықтау.

Корыта келгенде, танымдық қабілеті орташа. Тақырып: «Көру, есту, моторлық есте сақтау» (әдістеме) Мақсаты: Білім алушының мектеби жетілгендігін анықтау.

Қорыта келгенде Арсен 22 балл алды яғни көру, есту, моторлық есте

сақтау қабілеті орташа. Тақырып: «Мен қандаймын?» (әдістеме); Өзін-өзі бағалау (психодиагностика) Мақсаты: Әдістеме баланың өзін бағалау деңгейін дамытуға арналған.

Берілген протокол бойынша баладан тұлғаның жақсы 10 қасиеті бойынша өзін қалай санайтынын және бағалайтынын анықтаймыз. Баланың өзін бағалаудағы берген бағасын протоколдың сәйкес келетін бағандарына қойылып, ұпайларға аударылды.

№ Мен қандаймын? Иә Жоқ Кейде Білмеймін 1 Мен жақсымын 2 Мен қайырымдымын 3 Мен ақылдымын 4 Мен тиянақты, ұқыптымын 5 Мен тілалғышпын 6 Мен ықыласты, зейіндімін 7 Мен сыпайымын 8 Мен ақылды, қабілеттімін 9 Мен еңбекқормын 10 Мен шыншылмын

02468

10

Төмен Орташа Жоғары

0-5 ұпай 8 жоғары 10 жоғары

012345

Төмен Орташа Жоғары

11 төмен 14-23 орташа 24 жоғары

18

Жұмыстың барысы: «Мен қандаймын?» әдістемесінің протоколын дайындау.

Алынған нәтижені талдау. Әдістеме баланың өзін бағалау деңгейін дамытуға арналған. Берілген

протокол бойынша баладан тұлғаның жақсы 10 қасиеті бойынша өзін қалай санайтынын және бағалайтынын анықтаймыз. Баланың өзін бағалаудағы берген бағасын протоколдың сәйкес келетін бағандарына қойылып, ұпайларға аударылды.

Нәтижені бағалау «иә» – 1 ұпай; «жоқ» – 0 ұпай; «білмеймін, кейде» – 0,5 ұпай

10 ұпай – өте жоғары; 8-9ұпай – жоғары 4-7 ұпай – орташа; 2-3ұпай – төмен; 0-1 ұпай – өте төмен.

Қорытынды: Арсен берген 10 сұрақтың 5 жауаппен өзін адекватты бағалаған. Бұл оқушы өзіне сын көзбен қарайтын оқушы. 1.Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады; 2.Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті; 3.Әрбір адам қарым – қатынасқа құқылы; 4.Барлық шынайы қарым – қатынас шеңберінде жүзеге асады; 5.Барлық адам бір – біріне қажет; 6.Барлық адамдар құрбы – құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді; 7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру; 8.Жан – жақтылық адам өмірінің даму аясында кеңейтеді.

Бұл жерде мектеп психологіне жүктелер міндет ауыр. Ең бастысы психолог маман мектепті алға апарудың барлық жақтарын білуі шарт. Мектептегі психологиялық қызмет халық ағарту жүйесіндегі аса қажетті салалардың бірі. Психолог өзінің кәсіптік білімдеріне сүйене отырып, баланың даму деңгейін белгілейді, түрлі психологиялық ауытқушыларды дер кезінде аңғарып, оны түзету жолдарын тағайындайды, болуы мүмкін қиындықтардың алдын алу үшін психологиялық шаралар ұйымдастырылады.

Соған сәйкес психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың сипаттамаларының негізін анықтап, яғни ол психикалық және психофизикалық инфантилизм түріндегі анықталатын және ерте балалық шақтағы орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан, оның организмінің астениялық, церебрастениялық жағдайларға ұшырайтынын анықтаған.

Қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі – ол оқу процесіндегі балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды дефференциалды зерттеудің маңызы болып отыр. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде, олардың потенциальдық мүмкіндіктерін тиімді ескере отырып, бала бойындағы кемшіліктерді толықтай компенсациялауға және түзетуге болады.

19

Аса қажеттілігі бар оқушыларға тренингтік сабақтар өте қажет. Бұл тренингте жаттығу жасату арқылы оқушылар бір-бірін жақсы білуге, өз ойларымен бөлісуге, ашық болуға, жақсы көңіл-күйде болуға үйренеді. Өтілген тренингтің қорытындысы бойынша, оқушылар өздерін еркін ұстап, ойларын ашық айтып, тренингтік ережені жақсы деңгейде орындады. Қорыта келгенде, ең бастысы аса қажеттілігі бар балаларға деген қоғамның көзқарасын, пікірін өзгерту керек, олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру қажет және аса қажеттілігі бар баламен бір сыныпта отырған дені сау бала әлдеқайда мейірімді, қайырымды болып өсетінін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр. Енді сол тәжірбиенің біздің елімізде де қанат жайып, өркендеуіне педагогтар қауымы зор үлес қосуы қажет деп ойлаймын. Аса қажеттілігі бар балалардың сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсіп, өзін әлеуметтік ортада жеке тұлға санап, олардың тағдырын ел болып реттейтін уақыт келді. «Бала тағдыры-ел тағдыры» деп қарап, ұрпақтың өмірге келген сәтінен бастап, тәлім-тәрбиені бойларына сіңіріп, аса қажеттілгі бар балаларды әлеуметтік өмірге даярлап, еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын азамат тәрбиелейтін кез келді.

Жаһандану заманында ел қуаттылығын, бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты фактор – адамзат капиталы болып табылады. Адамзат капиталын жалпы халыққа, қоғамға, мемлекетке пайдалы, сапалы қызмет көрсететіндей қалыптастыра алмасақ – іргетастың дұрыс құйылмағаны. Тарихқа терең бойлай отырып, біз адамдардың жағымсыз іс-әрекеттерінің іздерін байқаймыз, бұл іс-әрекеттері қазіргі қоғамдық ғылым тілінде девиантты мінез-құлық деп аталады. Қоғамдық ғылымдардың негізгі категорияларының бірі - әлеуметтік ауытқу.

Педагог-психолог аса қажеттілігі бар балалармен сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы түрлі проблемалық сұрақтарына орнықты жауап алып отырады. Дәл осы оқушылардың интеллектісін, ой-өрісін дамыту мақсатында түрлі ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, танымдық қызығушылықтары мен оқушылардың жеке қабілеттерін шыңдауда тәжірибеге енсе, жемісін берері анық.

Пайдаланылған әдебиеттер 1.«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Астана, 2010 ж. 2.А.А.Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы» Алматы, 2008 ж. 3.Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық, педагогикалық түзету арқылы қолдау ҚР 2002ж. №343 заңы 4.Дефектологиялық сөздік. Алматы, 2010 ж. 5.ҚР Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №174 бұйрығы. ҚР Әділет министрлігінде 2015 жылғы 14 мамырды №11047 тіркелді. 6.Нейропсихология және психофизиологиялық қолдауды оқытудың шығармашылық жетекшілік орталығы.

20

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ МЕН ҚОҒАМҒА ТАРТУ ШАРАЛАРЫ Тауманова Жанаргуль Бактыгереевна

Оңайбай Көшеков атындағы «Атырау аграрлы-техникалық колледжі» КМҚК, әлеуметтік педагог

Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам,

адамгершілік тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы. Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға енгізудің қиындығы, бір жағынан бала дамуындағы дене және психологиялық ауытқулары болса, екінші жағынан әлеуметтік жүйенің дұрыс қалыптаспағандығы, мүмкіндігі шектеулі баланың қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді. Әлеуметтенудің мәні адамның қоғамға бейімденіп, жекеленуі болып табылады. Тұлғаны әлеуметтендіруде тек қана қоғам емес, ең бірінші әрбір адам белсенді рөл атқаруы тиіс. Мүгедек бала еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және қажетті дайындық алуға құқылы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы, ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы бар. Бірінші жолы, мүмкіндігі шектеулі баланы қоршаған ортаға бейімдеу. Бұл жолдың кемшілігі біржақтылығы. Бұл жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену процесі екі жақтылы болуы керек. Бұл дайындық процесінде интеграцияның объектісі ғана емес, сонымен қатар белсенді субъектісі болу керек. Екінші жолы мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар және бала жасынан мүгедектер медициналық әлеуметтік көмек алуға, оңалтылуға (реабилитация), дәрі-дәрмектермен, протездермен, протезді-ортопедиялық бұйымдармен, жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай-ақ кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар.

Лев Семенович Выготский: «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі– бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі–кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» – деп атап көрсетеді. Бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген.

Жүргізілетін жұмыстар: Мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік жұмыс; Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс; Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы; Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту;

21

Адамзат даму тарихындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтік мәдени статусы;

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды медициналық оңалту; Мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрмысқа бейімделуін

қамтамасыз ету; Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды әсемдікке тәрбиелеу. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған

мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: 1.Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. 2.Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 3.Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы. 4.Барлық адам бір - біріне қажет. 5.Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады. 6.Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету- өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. 8.Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді. Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу – педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары

22

интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп-интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткеніндей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

23

Пайдаланған әдебеттер: 1. Мағжан Жұмабаев Педагогика 1992ж 2 Қ.Жұмасова Психология Астана-2006ж 3. Қ. Жарықбаев Жалпы психология, 2000 4. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы 5. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010. 6. Республикалық педагогикалық–әдістемелік журнал. Әлеуметтік педагог №4 2010ж

ПСИХОМОТОРИКАНЫ ЖӘНЕ СЕНСОРЛЫ ҮДЕРІСТЕРІН ДАМЫТУ ПӘНІН ЗЕРДЕ ДАМУЫ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА ЗАМАНАУИ

ӘДІС-ТӘСІЛДЕРМЕН ОҚЫТУ Тәжбентай Әсия Сайлаубайқызы

Атырау облыстық көмекші мектеп – интернатының мұғалім – дефектологы

Зерде дамуы бұзылған мектеп жасындағы балалардың психомоторлық даму мәселесі ғалымдар назарын аудартпай қоймады, ХХ ғасырдың 70 - 80 жылдарында оларды тәрбиелеу тәжірибесінің молайып, арнайы мекемелердің көбеюіне байланысты болды. Соңғы жылдары да, психикалық дамуы кешеуілдеген, зерде бұзылысы бар балалардың танымдық қабілеттерін дамыту - түзету (коррекциялық) жұмыстарының қарқынды жүргізілуі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ішінде зерде дамуы бұзылысы бар балалардың негізгі айырмашылығы мынада: бұл балалардың сабаққа деген үлгермеушілігі, сондай-ақ дағдылары мен танымдық процестеріндегі өзара ауытқушылықтарымен сипатталады. Мидың сәйкес құрылымдарының пісіп жетілуі балада қажетті дағдылардың дамуын қамтамасыз етеді. Қимыл қозғалыстардың қалыптасуы баланың айналадағы әлеммен белсенді қарым - қатынас жасауына жағдай жасайды. Бала өз қозғалыстарын сезіп, оны көзбен бақылап, көру моторлық координациясы қалыптасады. Кейіннен заттарды ұстап, олармен манупуляция жасау арқылы психомоторлық қабілеттері шыңдала түседі.

«Психомоториканың» қозғалыс, таным және эмоционалдық компоненттердің органикалық біртұтас құрылымы екендігі туралы пікір оның бала тұлғасының дамуына зор ықпал ететіндігін көрсетеді. Зерде дамуы бұзылған балаларды психомоторлы дамытудың көрсетілген концепциясы шартты түрде оның келесі бағыттарын бөліп шығаруға мүмкіндік береді: қозғалыс тарапын дамыту, таным аясын дамыту, эмоциялық - жігер саласын дамыту.

Мектеп жасындағы балалардың қозғалыс тарапын дамыту қажеттілігі мен маңызына әдістемелік тұрғыда Ф.Фребель мән берген, ол қозғалмалы ойындарды дене дамуын шыңдау құралы ретінде пайдалану қажеттігін

24

көрсеткен.Баланы сенсомоторлық дамытуда доптың маңызын көрсете отырып автор былай сипаттайды «осы допқа өзінің кішкене саусақтарын дөңгеленте қойып, оның домалақ пішінін түйсініп, ұғынып, оны алып, өз қолында ұстап тұра алуды үйренеді». Осындай әрекет арқылы балада қол бұлшық еттері күшейеді, епті болады, яғни саусақтар мен қолдарының қажетті дамуы мен жетілуі қамтамасыз етіледі.

Қазіргі кезде психомоторика мен сенсорлық даму проблемалары көмекші мектептің бастауыш және орта буын оқушыларын түзете - дамыту үдерісінде өте өзекті. Зерде бұзылыстары бар балаларды тәрбиелеу және оқыту үдерісін гуманизациялау және жекелеу үдерісінің міндеттері, ең алдымен олардың толыққанды дамуына, оқу қызметінің субьектісі ретінде қалыптасуына арналған қажетті жағдайды құруды талап етеді. Соңғы кезде психомотрика және оның көрсеткіштері психодиагностикада тұлғаның психикалық қасиеттері мен жағдайының обьективті индикаторы сапасында белсенді түрде қолданыла бастады.

«Психомоторикасы мен сенсорлық процестерін дамыту» пәнінің мақсаты – орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға айналасындағы болмысты сенсорлық қасиеттерімен бірге қабылдауларына қолайлы жағдайлар жасау, психикалық дамуын ынталандыру, түрлі заттар және материалдармен мақсатты бағытта ерікті іс-әрекеттерін қалыптастыру.

«Психомоторикасы мен сенсорлық процестерін дамыту» пәнінің міндеттері: 1) түрлі талдауыштарға мақсатты бағытта жүйелі әсер ету арқылы сезімталдық тәжірибесін байыту; 2) көру, есту, тактильдік, кинестетикалық түйсігін дамыту; 3) кеңістіктік-уақыттық бейімделуін қалыптастыру; 4) моторлық дағдыларын дамыту.

Психомоторикасы мен сенсорлық процестерін дамыту сабақтарындағы мақсатты–бағытты жұмыс нәтижесінде білім алушылар мыналарды үйренеді: 1) сенсорлық эталондарға бейімделуді; 2) берілген белгілері бойынша заттарды тануды; 3) заттарды сыртқы белгілері бойынша салыстыруды; 4) заттарды формасы, көлемі, түр-түсі, функционалдық міндеттері бойынша топтастыруды; 5) түрлі белгілері бойынша заттар мен олардың бейнелерінің нұсқалық қатарын құрастыруды; 6) объекттер мен құбылыстардың белгілері мен қасиеттерін практикалық тұрғыда бөлуді; 7) қарама-қарсы іс-әрекеттер мен құбылыстарды ажыратуды; 8) өз іс-әрекетінің уақыт шеңберін белгілеуді; 9) оқиғалардың реттілігін белгілеуді; 10) кеңістікте бейімделуді; 11) нұсқаулық әрекеттерді мақсатты бағытта орындауды; 12) өз қимылы мен іс-әрекеттерін өз-бетінше келістіруді; 13) іс-әрекетін тілмен жалғауды.

25

«Психомоторикасы мен сенсорлық процестерін дамыту» пәнін оқыту кезінде монтессори элементтерін (нумикон), сенсорлық бөлме, эдуквест құралдарын оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылады. М.Монтессори әдістемесі қазіргі таңда баланың танымдық белсенділігін, сенсорлық эталондарды қалыптастыруда негізгі тиімді әдістері болып табылады. Баланың сенсорлық тәрбиесі–бұл заттардың сыртқы қасиеті туралы көзқарастарын қалыптастыру және қабылдау тәрбиесі, яғни олардың формасы пішіні, түсі, көлемі. Кеңістікте орналасуы, сонымен қатар иіс және дәм сезу т.б.

Ерте жас сезім мүшесінің іс-әрекетін жетілдірудің сәтті кезеңі. Қоршаған ортаға деген көзқарасының жиынтығы. Cондықтан сенсорлық тәрбие бұл мектеп жасындағы тәрбиенің аса маңызды жағы. Сенсорлық тәрбие жалпы ақыл-ой дамуының негізін қалайды, ол баланың сәтті оқуының қажеттілігі. Заттарды қабылдау және қоршаған ортаға деген танымдық аймағы.

Нумикон – бұл 1996-1998 жылдары Англияда математиканы оқуда қандай да бір қиындықтарға кездесетін балаларға арнайы әзірленген оқыту бағдарламасы мен көрнекі материалдар жиынтығы. Біздің елімізде бірінші болып 2013 жылы іс-тәжірибеге енгізген ӘБЕҰ орталығы. Бұл әдістемелік құралдың ең басты қасиеті – білім алу барысында есту, көру, ұстап көру қабілеттері және қимыл-қозғалыс пен сөйлеу әрекеттері бір мезгілде жұмыс жасайды, себебі құралды түсіне қарай ажыратуға болады, сандық ерекшелігін көрсететін, баланың саусағы сиятындай тесіктері бар, тақ сан мен жұп сандарды көру арқылы ғана ажыратуға болады, санның құрамын құрастыру арқылы анықтауға болады.Нумикон–мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың математикалық дағдыларын қалыптастыру, сан мен пішіндердің байланысын көрсету мақсатында қолданылатын жиынтық. Нумиконда 1-ден 10-ға дейінгі сандар әр түрлі түсте пластмасса шаблонды кесінділермен берілген, сол себепті сандар көру арқылы және тактильді қабылдауына өте тиімді.

Сондай ақ, дидактикалық тасбақа, мозаика үстелі, акустикалық тактильді қабырға панелі, тактильді жасушалар (6 жасуша модулі), тактильді-дамытушы «Көп түсті домино» тақтасы, тактикалық қорап, тактильді-дамытушы ойыншық «Ілмекті», тактильді-дамытушы ойыншық «Палитра», құрғақ душ, «16 айналар» тақтасы, тактильді-дамытушы панелі «Текстуралар», «түсті шеңберлер» тақтасы, «лабиринт-гүл» тактильді-дамытушы панелі, «лабиринт дөңгелегі» тактильді-дамытушы панель, тактильді-дамытушы панельдер «Кілттер», «магнитті шар» тактильді-дамытушы панельді көруге болады.

«Психомоторикасы мен сенсорлық процестерін дамыту» пәнінің мазмұны 3 бөлімді қамтиды: 1)1-бөлім «Сенсорлық процестері мен кеңістіктік-уақыттық бейімделуін дамыту»; 2) 2- бөлім «Қимыл-қозғалыс саласын дамыту»; 3) 3- бөлім «Зерделік саласын дамыту».

26

«Сенсорлық процестері мен кеңістіктік-уақыттық бейімделуін дамыту» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:

1) есту қабілетін дамыту; 2) көру қабілетін дамыту; 3) кеңістікте бейімделуін дамыту; 4) уақыттық бейімделуін дамыту; 5) тактильдік-қозғалыстық түйсігін дамыту; 6) дәм және иіс сезімін дамыту. «Қимыл-қозғалыс саласын дамыту» бөлімі келесідей бөлімшелерді

қамтиды: 1) ұсақ моторикасын дамыту; 2) мимикасы мен пантомимикасын дамыту; «Зерделік саласын дамыту» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды: 1) жадын дамыту; 2) тіл мен ойлау қабілетін дамыту; 3) қиялын дамыту; 4) зейінін дамыту. Сабақ барысында іс жүзіне асырылатын жалпы түзету жұмысы жеке

оқушыларға немесе шағын топ оқушыларына тән кемшіліктерді түзетуге арналған сабақтармен толықтырылуға міндетті. Мысалы, бір балаларда қолдың ұсақ қимылдарының дамымағаны айқын байқалады, ал басқаларында көру арқылы қабылдау үдерісі әлсіз, ал үшіншілеріне кеңістікте бағдарлау қиындықтар туғызады. Зерде дамуы бұзылған балаларға дер кезінде көрсетілетін психологиялық педагогикалық көмек олардың табысты оқуының алғы шарты болып табылады.

Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман талабы мұғалімге алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы әр қилы шәкірттердің жүрегіне жол таба білетін білім біліктілігі жоғары, жаңашыл, ізденімпаз ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады.

Сонымен қатар, зерде даму бұзылған балаларды түзете-дамыту кезінде заманауи жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану: біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.

27

28

29

30

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАҒЫТЫНДА

ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР Кабиева Гулбариса Нагимовна

Атырау облысы, Индер ауданы, М.Сиранов атындағы орта мектептің педагог-психологы

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар бізде аз емес. Ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуі тиіс. Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» Н.Ә. Назарбаев

Инклюзив–сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. [Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде ақыл-ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері

31

бар].Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі.

Қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Осы ретте мектебімізде мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр.

[Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.]

Бүгінгі таңда даму мүмкіндігі шектеулі балалар проблемасы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Әр баланың өз өзінің адамгершілік қасиетін бағалауы, өзіндік менін анықтауға ықпал ету. Адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата отырып, өмірде қолдана білуге үйрену.

[Қарым-қатынас мәдениетін сақтай отырып, өз ойын еркін жеткізуге ойлап сөйлеуге дағдылану. Ойын кезінде бұрын бала мән бермеген қарамаған нәрселерге көңіл бөлуге болады]. Дидактикалық ойындар оқытушыға әртүрлі педагогикалық тапсырмаларды сабақ кезінде қолдануға мүмкіндік береді. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар ойындарды қызығушылықпен орындайды. Дидактикалық ойындар баланың сабақта қызығушылықпен қабылдауына мүмкіндік береді. Сабақ оқыту кезіндегі ойындар баланың ойын кезеңінен өтіп білім алу кезеңіне қалай өткенін байқамай қалады. Балалардың мәтінді оқуы және ойын түріндегі оқуы, санауы, есеп шығаруы неше түрлі фигураларды құрастыруы баланың ой өрісінің дамуына сөздік қорының молайуына әсерін тигізеді. Дидидактикалық ойындар баланың қиялын шарықтатады, көңілін көтереді. Ойындар баланың мүмкіндігін қабілетін көрсетеді. Ол кезде бала физикалық және психикалық түрде дамиды.

Ойын баланың қалыптасуына көмектесетін ең күшті фактор. Ойын ең бірінші баланың жылдамдығын, икемділігін, шынайылығын, ойлау қабілетін арттырады.

[Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың мінез-құлықтары жылдам өзгеріп тұрады, көңілі басқа нәрсеге жылдап ауып кетеді. Содан кейін оның көңілін белгілі бір тапсырмаға, сабаққа әлде бір ойынға аудару үшін көп күш керек.] Негізінен бір ойынды таңдағанда тәртіпке шақыратын, шыдамдылыққа үйрететін ойындар қажет. «Суреттер бір-бірімен несімен ерекшеленеді», «Бұлардың қайсысы артық», «Менің есімім», «Кім ең ұзын», «Бау» т.б.

Сабақ кезінде ойын бір екіден аспауы тиіс және оған 10 минуттай уақыт керек. Егер оқушы шарсаса онда оған демалуға қимылдап жүруге уақыт бөлу керек. Сондақтан ойынды сабақтың ортасында аяғында жүргізуге болады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың бір нәрсеге көп көңіл бөліп қарауы қиын, шаршайды әлде жалығып кетеді.

Сондықтан әр сабақты көрнекілікпен өткізген тиімді. Біздің М. Сиранов атындағы орта мектепте былтырғы оқу жылынан бастап даму мүмкіндігі шектеулі бір оқушы оқытылуда. Ол оқушыға екі мұғалім сабақ берудеміз. Ол оқушымен диагностикалық зерттеу жұмыстарынан бастап, түрлі түзету

32

жұмыстары, денсаулық жағдайына байланысты жұмыстар жүргізіледі. Даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға білім беру үшін көп еңбек пен ұстаздың жылы сезімі мен кішіпейілдігі қажет. Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу де оңай шаруа емес.

Олардың әрқайсысының түсінігі әртүрлі. Ұстаз ізденісінің арқасында әр баланың жан дүниесіне үңілуден басталады. Сәйкес келетін деңгейіне психофизиологиялық мүмкіндігін дамыту арттикулярлық апаратын, фуниматикалық есту қабілеті, қолының ұсақ бұлшықеттерінің дамуы, көру моторлық қозғалысы т.б. жұмыстар жүргізілуде.

Оқу мәліметтерін қабылдау үшін ой-өрісін дамыту, жан-жақты бұйымдар және құбылыс туралы түсініктерін қалыптастыру.

Мектеп жағдайына тез бейімделуі қажет әлеуметтік адамгершілік мінез-құлықтарды қалыптастыру.

Оқу себептерін дамыту. жеке тұлғалық негіздерін дамыту (оқу белсендігі, өз бетімен жұмыс істеу т.б.) арқылы оқудағы негізгі қиындықтарды жою.

Өзіндік бақылау мен өзіндік бағаны жүзеге асыру, кез келген іс-әрекет түрін: мекемені межелеуді үйрену, алдағы жұмысты жобалау, қажетті көрмесін үлгісімен орындау немесе мұғалімнің сөзін түсіндіруімен істеу.

Жалпы интеллектуалдық біліктілігін жас ерекшелігіне қарай құрастыру (салыстыру, қарым-қатынас, практикалық топ, ойлау т.б.).

Жалпы даму деңгейін көтеру және жеке дамуындағы ауытқушылықты түзету.

Баланың соматикалық және жүйкелік денсаулығын нығайту және сақтау: жеке және топтық түрлерінде оқу жетістіктерін қамту, психологиялық жағымды жағдай туғызу, эмоциялдық тұрақсыздықты және жүйкелік жүктеуді алдын алу.

Өз жасына сәйкес баланың жалпы дамуын және біліктілік дағдыларын нығайту үшін жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен түзете – дамыту жұмысында ойындар мен жаттығулардың маңызы зор. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағдымен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Әр сабақта ойынды тиімді пайдалану сол сабақтағы өтілетін жаңа тақырыпты баланың жақсы өз дәрежесінде меңгеруіне әкеледі.

[А.С.Макаренко ойынның ролін былай тұжырымдаған: «Кез-келген баланың бойында ойынға деген қызығушылық, ынта-жігер болады, міне, осыны қанағаттандырып отыру керек]. Бала өмірі – ойын арқылы дамиды» деген. Міне, сондықтан мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты тәрбиелеуде және сөйлеу тілін қалыптастыруда әр түрлі ойын түрлерін ұйымдастырудың маңызы өте зор. Ойын баланың мінез – құлқына, физикалық және эстетикалық тәрбиесіне үлкен әсерін тигізеді.

Ойын баланың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырады. Бала ойын үстінде өзіне ұнаған адамның іс-әрекетәне еліктеп қайталайды, сол адамға ұқсағысы келеді.

Баланың инабатты, қайырымды, әдепті болып өсуі қоршаған ортасына байланысты екені мәлім. Бала өмірде көрген, білгендерін ойын арқылы айқын

33

бейнелейді. Мұғалім топтық ойынды қызықты, тартымды өткізсе, балалардың бір-бірімен достық қатынастары қалыптасады. Мүмкіндігі шектеулі балалармен сюжетті-рөлді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Оның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Ойында бейнелеу құралы рөлмен ойын әрекеттері болып табылады. Бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мазмұнды рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Ойын – баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе.

Көру мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Балалардың қалдық көру қабілетін сақтау және дамыту бағытында көзге коррекциялық жаттығулар жасау, саусақ моторикасын дамытудың маңызы зор.

Ойын жаттығулары оқушылардың ұсақ саусақ моторикасын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге бағытталған.

Мысалы:«Кім не істейді?»,«Не қалай дыбыстайды?, «Түр-түсті ажырат», «Он саусақ». Осындай ойындарды түрлендіріп отырудың пайдасы зор.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың көру-қозғалыс координацияларын жұмыстың жүйелі жүргізілгені дұрыс.

Төменде ұсынылып отырған ойындар мен жаттығулар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған. Айталық, заттардың түсін, түрін, көлемін, формасын, салмағын, санын, кеңістікте орналасуын бағдарлай алуға, сондай-ақ, қол саусақтарының ұсақ моторикасын, ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қиялын, танымдық белсенділіктерін орындауға жағымды эмоциялық көңіл-күйлерін қалыптастыруға бағытталған. Басшылыққа алатын құжаттар: 1. Әдістемелік нұсқаулық хат 2018-2019 оқу жылы. 2. Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61 бұйрығы ҚР Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 сәуірде 9319 тіркелді. 3. Аудандық білім бөлімінің бұйрығы. 4. Мектепішілік бұйрық. 5. Сабақ кестесі. 6. Күнтізбелік - жоспар. 7. Күнделікті сабақ жоспары.

«Не жоғын ата» ойыны Мақсаты: ерікті зейінді, саусақ моторикасын дамыту. Мұғаліммен бірге үстелдің үстінде жатқан заттарды көреді, атайды.

Содан кейін оқушы көзін жұмады, ал мұғалім бір затты сандықтың ішіне

34

салып қояды. Оқушы сандықтың ішін сипау арқылы, не жоғын атын дұрыс айту керек.

«Моншақтарды тізбектеу» ойыны Мақсаты: зейіннің көлемін, қолдың ұсақ саусақ моторикасын дамыту. Нұсқау: Суреттегі моншаққа қара. Мен саған моншақ пен жіп беремін.

Суретте қалай көрінеді, дәл сондай етіп жіпке тізіп шығуың керек. Кейін, ірі моншақтарды қолдана отырып, ойынды күрделендіруге болады. Бұл балалардың саусақ ұштарының жұмысын жасаудағы ептілігін дамытады.

«Бүлдірген жинаймыз» ойыны Мақсаты: зейінін, қиялын, ұсақ моторикасын дамыту. Сол қолының ұшы (саусақтары төмен түсірілген) бұтақта тұрған

бүлдіргенді келтіреді. Оң қолымыздың саусақтарымен бұтақта тұрған бүлдіргенді түсіріп аламыз.

«Геометриялық фигуралар» ойыны Мақсаты: есте сақтау мен ойлау қабілеттері және түстерді ажырату. Балаларға түрлі геометриялық фигураларға қарап, олардың қалай орналасқанын есте сақтап қалулары ұсынылады. 10 секундтан кейін таза ақ параққа есте қалған фигураларды салып түстермен бояу.

35

«Көңілді күн» сергіту жаттығуы

Мақсаты: балалардың эмоциялық көңіл-күйлерін қалыптастыру. Балалар жүрген музыкаға қарап қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды.

«Көбелек» жаттығуы Мақсаты: балалардың сөйлеу тілін, есте сақтауын,тыныс алу, ұсақ моторикасын дамыту. Балалар қолдарына ине жіп арқылы көбелектерді тізбектеп ауыз бен үрлеп ұшыру.

«Жемістерді бояу» ойыны Мақсаты: есте сақтау мен ойлау қабілеттері және түстерді ажырату. Балалар түрлі жемістерді қарап, олардың қалай орналасқанын есте сақтап қалулары ұсынылады. 10 секундтан кейін таза ақ параққа есте қалған жемістерді салып түстермен бояу.

36

Иппотерапия– тірек-қимыл аппаратының бұзылуында, атеросклероз,

бас сүйек жарақатында, ақыл-ой жетіспеушілігінде ұсынылады. 1950 жылдардын соңында мұны психиқалық және неврологиялық ауруларға қолдана бастады. Қазір 52 елде иппотерапия орталықтары бар. Ал біздің елімізде салт атқа мінгізіп, ем жүргізу 90-жылдардың басында пайда болды. Бұл Қазақстандағы адамдарды емдеу мен оңалту үшін комекші құрал- зоотерапияны дамытуға үлес қосады.

Құм терапиясы (Sand play) Құм терапиясы–адамға өзінің жан

дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға,өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.

37

АРТ-ТЕРАПИЯ туралы түсінік. Психотерапияның маңызды

салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.

«Алма» Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді.

Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді. Саусақ живописі – ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр түске матыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады.

Оқушылардың психологиялық даму картасы Сыныбы:1 Диагнозы:Умеренная умственная осталость на рездуально-

органическом фоне. ДЦП спастический тетропарез. Нарушение функций органов таза. ОНР 2 уровня, стертая форма дизартрий.

Әкесі: Туған жылы: Жұмыс орны: ШҚ Жұмысшы Анасы: Туған жылы: Жұмыс орны: Жұмыссыз Жанұя жағдайы: Өте жақсы Мекен жайы: Елтай ауылы, Жеңіс кошесі, 5 үй Телефоны: 25-2-83

38

Р/с Оқушының жеке белгісі Қалыптастыру дәрежелері

Томен Орташа Жақсы Жоғары 1 2 3 4 1 2 3 4 1 2 3 4 1 2 3 4

Оқу ынтасы 1 Білімге құштарлығы + 2 Еңбек сүйгіштігі + 3 Мұғалімді құптауы + 4 Ата-ананы құптауы + 5 Жауапкершілігі + 6 Өзіндік сезімі + 7 Тіл табыса білуі + Мінезінің ереше белгілері 1 Ырықты көңіл қою + 2 Табандылығы ұстамдылығы + 3 Ұйымдастырушылығы + Танымдық қабілеті 1 Есте сақтауы + 2 Ойлауы + 3 Байқағыштығы + 4 Тілдің дамуы + Мінезінің адамгершілік белгілері 1 Жолдастық сезімі

қайырымдылығы +

2 Адалдығы + 3 Білім көрсеткіші + 4 Сүйікті іс-әрекет (хобби) Телевизор көру

Оқушылардың психологиялық даму картасы Сыныбы: 2 Диагнозы: Умеренная умственная осталость на рездуально-органическом фоне. ДЦП спастический тетропарез. Нарушение функций органов таза. ОНР 2 уровня, стертая форма дизартрий. Әкесі: Туған жылы: Жұмыс орны: ШҚ Жұмысшы Анасы: Туған жылы: Жұмыс орны: Жұмыссыз Жанұя жағдайы: Өте жақсы Мекен жайы: Елтай ауылы, Жеңіс кошесі, 5 үй Телефоны: 25-2-83

Р/с Оқушының жеке белгісі Қалыптастыру дәрежелері

Томен Орташа Жақсы Жоғары 1 2 3 4 1 2 3 4 1 2 3 4 1 2 3 4

Оқу ынтасы 1 Білімге құштарлығы + 2 Еңбек сүйгіштігі + 3 Мұғалімді құптауы + 4 Ата-ананы құптауы + 5 Жауапкершілігі +

39

6 Өзіндік сезімі + 7 Тіл табыса білуі + Мінезінің ереше белгілері 1 Ырықты көңіл қою + 2 Табандылығы ұстамдылығы + 3 Ұйымдастырушылығы + Танымдық қабілеті 1 Есте сақтауы + 2 Ойлауы + 3 Байқағыштығы + 4 Тілдің дамуы + Мінезінің адамгершілік белгілері 1 Жолдастық сезімі

қайырымдылығы +

2 Адалдығы + 3 Білім көрсеткіші + 4 Сүйікті іс-әрекет (хобби) Телевизор көру

Оқушылардың психологиялық даму картасы Сыныбы: 3 Диагнозы: Умеренная умственная осталость на рездуально- органическом фоне. ДЦП спастический тетропарез. Нарушение функций органов таза. ОНР 2 уровня, стертая форма дизартрий. Әкесі: Туған жылы: Жұмыс орны: ШҚ Жұмысшы Анасы: Туған жылы: Жұмыс орны: Жұмыссыз Жанұя жағдайы: Өте жақсы Мекен жайы: Елтай ауылы, Жеңіс кошесі, 5 үй Телефоны: 25-2-83

Р/с Оқушының жеке белгісі Қалыптастыру дәрежелері

Томен Орташа Жақсы Жоғары 1 2 3 4 1 2 3 4 1 2 3 4 1 2 3 4

Оқу ынтасы 1 Білімге құштарлығы + 2 Еңбек сүйгіштігі + 3 Мұғалімді құптауы + 4 Ата-ананы құптауы + 5 Жауапкершілігі + 6 Өзіндік сезімі + 7 Тіл табыса білуі + Мінезінің ереше белгілері 1 Ырықты көңіл қою + 2 Табандылығы ұстамдылығы + 3 Ұйымдастырушылығы +

40

Танымдық қабілеті 1 Есте сақтауы + 2 Ойлауы + 3 Байқағыштығы + 4 Тілдің дамуы + Мінезінің адамгершілік белгілері 1 Жолдастық сезімі

қайырымдылығы +

2 Адалдығы + 3 Білім көрсеткіші + 4 Сүйікті іс-әрекет (хобби) Телевизор көру

Оқушылардың психологиялық даму картасы Сыныбы: 4 Диагнозы: Умеренная умственная осталость на рездуально- органическом фоне. ДЦП спастический тетропарез. Нарушение функций органов таза. ОНР 2 уровня, стертая форма дизартрий. Әкесі: Туған жылы: Жұмыс орны: ШҚ Жұмысшы Анасы: Туған жылы: Жұмыс орны: Жұмыссыз Жанұя жағдайы: Өте жақсы Мекен жайы: Елтай ауылы, Жеңіс кошесі, 5 үй Телефоны:25-2-83

Р/с Оқушының жеке белгісі Қалыптастыру дәрежелері

Томен Орташа Жақсы Жоғары 1 2 3 4 1 2 3 4 1 2 3 4 1 2 3 4

Оқу ынтасы 1 Білімге құштарлығы + 2 Еңбек сүйгіштігі + 3 Мұғалімді құптауы + 4 Ата-ананы құптауы + 5 Жауапкершілігі + 6 Өзіндік сезімі + 7 Тіл табыса білуі + Мінезінің ереше белгілері 1 Ырықты көңіл қою + 2 Табандылығы

ұстамдылығы +

3 Ұйымдастырушылығы + Танымдық қабілеті 1 Есте сақтауы + 2 Ойлауы + 3 Байқағыштығы + 4 Тілдің дамуы + Мінезінің адамгершілік белгілері

41

1 Жолдастық сезімі қайырымдылығы

+

2 Адалдығы + 3 Білім көрсеткіші + 4 Сүйікті іс- әрекет(хобби) Телевизор көру

Қорытынды: Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы –

еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер: 1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» Әдістемелік құрал, Астана 2016 жыл 2. Мектептегі психология №1290 2015 жыл 32-33 бет 3. Мектептегі психология №1(79) 2015 жыл 15-16 бет 4.Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзету және дамыту жаттығулары. Шымкент 2012 5.Психокоррекционная и развивающая работа с детьми: учебное пособие /Под. Ред. И.В. Дубровиной., Академия, 1999.

42

ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Құспанова Аңсағаным Маратқызы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,

Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының педагог-психологы

Мақсаты: Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда әр түрлі заманауи

технологияларды пайдаланудың жолдарын көрсету. Міндеттері: 1.Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда заманауи

технологияларды қолдана отырып, оқушыларды өмірге бейімдеу, алған білім дағдыларын іскерлікпен қолдана білуге тәрбиелеу;

2.Дамуындағы ауытқудың алдын алып, біріккен түрде жұмыстану (Монтессори технологиясы);

3. Баланың коммуникативті және бейімделу дағдысын қалыптастыру. Күтілетін нәтижелер: - Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмектеседі; - Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады; - Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады; - Оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді; - Оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін

дамытады; - Ерекше білімді қажет ететін оқушыларды сенсорлық және

сенсомоторлық дамытады; - Кол моторикасын жетілдіреді; - Эмоциялық ерік саласын түзетеді және жетілдіреді; - Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырып және әлеуметтік бейімдеу жұмыстары жүргізіледі.

43

Адамзат техниканың қарқында дамуы арқасында жаңа дәуірге аяқ басты. Компьютерлер, интернет, спутниктік теледидар, мультимедиа біздің өмірімізге шапшаң еніп үлгерді. Компьютерлік технологиялардың дамуы қоғамды жылдам өрістеп жатқан интеграциялық процестерге байланысты ақпараттандырудың ауқымды проблемасымен бетпе-бет келтіріп отыр. Бұл проблема тіршілігіміздің барлық саласын: ғылымды да, мәдениетті де, білім беру қызметін де, өндірісті де түгел қамтиды. Ақпараттық және басқа да инновациялық технологияларды пайдаланбайынша қазіргі өмірде бағдар табудың өзі қиын болатын жағдай туындауда. Бірақ біз бұл ғасырдың өзге де болмыстық шындығы бар екенін мойындауымыз керек. Ол – жалпы білім беретін мектеп оқушылары құрамының физикалық, психикалық және сенсорлық даму деңгейлері бойынша біртекті еместігі. Мектеп алдында мынадай міндет тұр: оқушылардың, соның ішінде денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың ойдағыдай әлеуметтенуі үшін бірқатар біліктілік қабілетін қалыптастыру. Ерекше білімді қажет ететін балаларды қатарға қосу, әлеуметтендіру үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергіге қарсы тұра алатын тұлғаны қалыптастыруда заманауи технологияның барлық мүмкіндігін пайдаланамыз. Бұрын біз көрнекіліктерді көбінесе қағаздан жазып, оны әрдайым жаңартып отыратын болсақ, ал қазірге таңда мен өз тәжірибемде әр түзету сабағында интерактивті тақтаны пайдаланамын. Біздің мектепте жаңа үрдіске сай жеке компьютерлермен, интерактивті тақтамен жабдықталған мультимедиа кабинеті ашылып, интерактивті тақта орнатылды. Қазіргі уақытта білім беруде интерактивті құралдар мен белгілі жазушылардың түрлі әдістемелік нұсқаулықтары да кеңінен қолданылып жүргені баршамызға аян. Соның ішінде М.Монтессори, В.В.Воскобович, Маасару Ибука, Вольдорф мектебінің әдістемелері кеңінен қолданылып келеді.

XXI ғасыр табылдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі.

Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.

Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру мақсатында, олардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып түзете дамыту сабақтары өткізіледі. Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың бойындағы кемшіліктерді түзету, жан-жақты жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының нәтижесінде оқушыларды қоғамдық өмірге бейімдеу, сонымен қатар зейінін қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін және тілдерін дамыту, яғни танымдық қызметін дамытуда оқытушылар және арнайы маман иелері (дефектолог, логопед, психолог т.б) түрлі заманауи технологияларды қолданып келеді. Соның ішінде ең көп кездесетін технологиялардың бірі Монттессори әдісі, ойын терапиясы, арттерапия, құм терапиясы т.б. Сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен

44

мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Заманауи технологиялар: • Монтессори әдісінің тиімділігі • Арттерапия • Ойын терапиясы Ибука, Воскобович әдістемелері • Вольдорф педагогикасы • Құм терапиясы

Заманауи білім беруде ақпараттық-коммуникативті технологиялардың мүмкіндіктері

Сабақ барысында АКТ-ны қолдануды жоспарлаудың негізгі талаптары: • Психологиялық ахуал туғызу, дамуындағы кемшіліктерін ескеру; • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту; • АКТ-мен жұмыс істей білуге үйрету; • Топ оқушыларының білім деңгейі мен танымдық қабілеттері

ескерілеуі қажет; • Тапсырмаларды орындауда естімейтін оқушыға таныс емес

сөздер мен сөз тіркестерін болдырмау; • Оқушылар өзінің үйренгенін ортаға салып, бірлесе талқылап,

олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау. Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік реттелуі –

зерттеудің алғы шарттары туралы Л. Выготскийдің ЖАДА туралы идеясы, Флейбелдің метатану үлгісімен таныстым. Мұнан соң, яғни, аптаның соңғы сабағы АКТ-ны сабақ беруде пайдалану, демалыс және қарым-қатынас үшін АКТ-ны сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыға айналатынын, интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін аса қажет нәрсе екенін түсіндім. Осындай дағдылар негізінде АКТ туралы білім, олардан ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану міндетті түрде қажет екендігін түсіндім. М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. Бұл әдістің мақсаты–балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3 пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т.б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі – ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын.

45

Құм терапиясы: - тактілі-кинетикалық сезімталдығы мен қолдың ұсақ моторикасын

дамытады; - бұлшық етке түскен күшті басады; - бала өзін өзгелердің қорғайтынын сезінеді; - белсенділікті дамытады, бала тіліне түсінікті түрде жеткізілетін өмірлік

тәжірибені шыңдайды; - жағымсыз күшті жеңуді үйретіп, көңіл-күй сезімін қалыпқа түсіреді; - балаға ойынды шынайы өмірмен астастыруға мүмкіндік береді. Болып

жатқан жағдайлардың мәнін түсініп, мәселенің шешімін табуға көмектеседі;

- «нашар суретші» кешенінің алдын алып, дайын пішіндер арқылы композиция құруға үйретеді;

- шығармашылығы дамиды, сәтті жетістікке жеткізетін өзгеше шешімдер табады;

- көру мен кеңістік бағдарын жетілдіріп, тілдік мүмкіндігін шыңдайды; - сөздік қорын молайтады; - дыбыстық-буындық талдау мен синтездеу дағдысын қалыптастырады; - фонематикалық дыбыс пен қабылдауды дамытады; - лексикалық-грамматикалық қатынас тілін дамытуға жағдай жасайды.

Арттерапия мүмкіндігі: - ойлау қабілетін дамытады; - әдеттегіден өзгеше ракурс арқылы өмірлік тәжірибесін жетілдіреді; - бейнелі, қимылдық және дыбыстық құралдарды қолдана отырып,

қарым-қатынас жасауға үйренеді; - өзі және өзгелер риза боларлықтай мәнерлі сөйлеуге дағдыланады; - құнды, әлеуметтік дағды қалыптастырады; - жаңа рольдерді меңгеріп, жеке тұлғаның беймәлім қырларын ашып,

оны бақылауды үйренеді; - өзін-өзі бағалауын көтереді; - шешім қабылдап үйрену дағдысын жетілдіреді; - босаңсу, жағымсыз ойлар мен жағымсыз сезімдерге бой алдырмауға

көмектеседі; - бейнелеу өнерімен, әуенмен шұғылданып, шығармашылық қабілетін

шыңдайды. Ойын терапиясы. Воскобович, Ибука әдістемелері. Воскобович әдістемесіндегі негізгі принциптер. Воскобович ойындары кішкентай балалар мен одан жасы үлкен

балаларға да арналған. Себебі ол ойындарды ауыстырып баланың ыңғайына келтіріп алуға болады. Бұл ойындар тек дамытпайды, сонымен қатар оқытады және үйретеді. Осы ойыншықтардың көмегімен бала көптеген жаңа сөздерді, сандар мен әріптерді үйренеді, олардың логикалық ойлау қабілеттері және ұсақ қол моторикасы дамиды.

Күтілетін нәтиже: ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.

46

эстетикалық тәрбие беру құралына айналады. еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. дене күшінің жетілуіне көмектеседі.

Воскобовичтың көптеген ойындары балабақшаларда кеңінен қолданылып жүр. Соның ішінде көп кездесетін ойындарының бірі: «чудо головоломок», «Воскобович шаршысы», «түрлі түсті тор», «геоконт», «шнурка-малыша» т.б. Воскобович ойындары қолмен және білезік жұмыстарына яғни ұсақ қол моторикасын дамытуға жақсы әсер етеді. Воскобович әдісімен оқытылған балаларда геометриялық фигуралармен қиындық тумайды және олар ерте жастан оқи бастайды. Ол балалар мектепке еш киналмай барады және сабаққа деген ынтасы да жақсы болып келеді, себебі ол балалар өз уақытында мектепке дейінгі жасында түрлі «балалар ойындарымен» ойнады, енді олар тек белгілі білімді міндет етеді.

Масару Ибуканың «Үштен кейін кеш» атты кітабы бала тәрбиесі мен дамуының ерте кезінде қалыптастыру керек екенін айтады. Бірінші үш жылдық бала зияттылығының (интелектуалдылығының) қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Жан-жақты даму кезеңінде әр күн маңызды болып саналады. Баланы жастан дейтін едік, дұрыс емес, баланы бесіктен де емес, құрсақтан тәрбиелеу керек. Біздің қалыптасқан дағдымыз бойынша адам тәрбиені жүре келе, қоғамнан жинақтайтын тәрізді. Алайда, құрсақтағы баланың өзі анасынан тәрбие ала бастайды. Автордың пікірі бойынша кішкентай балалар кез-келген нәрсені тез қабылдап алады. Бала тәрбиесін ерте кезден дамыту үшін өте қарапайым, түсінікті әдістерді ұсынады және оған қоршаған орта үлкен ықпалын тигізеді, - дейді Масару Ибука. Оның ойынша, үлкендер әрең қабылдап, ұғатын нәрсені, кішкентайлар ойнап жүріп қабылдайды. Бүгінгі таңда ана мен бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек. Сонда ғана жастар жанашыр және бауырмал болады. Автордың да негізгі ойы мынада жатыр: ерте кезеңде дұрыс қалыптасқан тәрбие – надандық, сауатсыздық, өзіңе деген сенімсіздікті жояды, сол арқылы кедейшілік, өшпенділік, қылмыс – азаю жолына түсер. Ешбір бала кемеңгер (гений) болып, не ақымақ болып туылмайды. Барлығы бала өмірінің шешуші сәтіндегі, яғни алдыңғы мидың даму кезеңінің деңгейі мен стимуляциясына байланысты. Бұл үш жасқа дейінгі уақыт. Балабақшадағы тәрбие кеш болады.

Ерте дамытудың негізгі мақсаты – бақытсыз балаларды болдырмау. Балаға жақсы әуенді тыңдату және скрипкада ойнату, бұның барлығы одан атақты музыкант шығару үшін емес. Оған шет тілдерін данышпан лингвист болу үшін емес, тіпті оны бала бақшаға не мектепке жақсы дайындау үшін емес. Ең бастысы баланың шексіз әлеуетті (потенциалды) мүмкіндіктерін дамыту, сол арқылы оған және әлемге үлкен қуаныш сыйлау. Нәрестенің әлеуетті мүмкіндіктері мол. Өйткені, ол дәрменсіз, нақ осы қасиеті үшін оның мүмкіндіктері зор.

Рудольф Штайнер – Вальдорф оқу жүйесінің негізін қалаушы. Рудольф Штайнер (1861-1925) ол ең қызық және біздің жүз жылдығымыздың таңғажайып құбылыстарының, яғни: барлық мән мағынасы олар үшін алғаш рет ашылып, мәдениет үшін жемісті болған Гетенің табиғи-ғылым еңбектерінің редакторы және басып шығарушысы,

47

философия саласындағы түбегейлі еңбектердің және ғылым теориясының авторы. Антропософия негізін қалаушы ретінде ол әлем мен адамның рухани тараптарын зерттеу әдістерін жасауға талпынды. Жаңа көркемөнер қозғалысы–эфритмия пайда болды және оларға архитектурада, театрлық көркемөнерде термеші күш берілді. Олармен негізделген ауылшаруашылығын жүргізу әдістері ауылшаруашылығының экологилық пионері болы саналады, ал әлеуметтік өмірдегі идеялары көптеген мекемелердің, кеңесші фирмалар мен банктердің қызметінің негізіне қойылған, және олармен шабытталған емдік педагогика мен медицина туралы ескертпеу мүмкін емес. Бірақ ең көп атақ даңқты бәрінен бұрын онымен (Рудольфпен) жасалған педагогика негізінде жұмыс істейтін бала бақшалар мен мектептердің педагогикалық мекемелерде көп таралуына байланысты алды. Оқу және үйрену – оның барлық өмірінің негізгі себептері болып саналады. Вальдорф педагогикасында баланың «тіршілік әлемі» ескеріледі, яғни баланың әлемді көруі мен оны сезінуі. Ол баланың мойнына «ғылыми ұғымдарды» іліп, өз астына таптауға емес, баламен бетпе-бет кездесуге тырысады.

Қорытынды. Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман талабы мұғалімге алдында

отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы әр қилы шәкірттердің жүрегіне жол таба білетін білім біліктілігі жоғары, жаңашыл, ізденімпаз ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру барысында оқушылардың танымдық белсенділіктерін, білім сапасын жоғарылатуға көмектеседі. Биік жетістіктерге жету үшін, мұғалім баланың мінез-құлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әрі дамытып отыру керек. Сонымен қатар, ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану – біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер: 1.Арт-терапия для детей с задержкой психического развития. Учебное пособие. Рыбакова С.Г. 2.Помощь психолога детям с задержкой психического развития. И.И.Мамайчук. М.Н.Ильина. Ю.М.Миланич. 3.Сказочные лабиринты игры. Игровая технология интеллектуально-творческого развития детей. В.В.Воскобович. 4.Психокоррекционные технологии для детей с проблемами в развитии. И.И.Мамайчук.

48

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПСИХОМОТОРИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СЕНСОРЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРІН ДАМЫТУДА ОЙЫН-ЖАТТЫҒУЛАРДЫ

ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ Жұмағазиева Жарқын Закарияқызы

Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау орта мектебінің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі, дефектолог Жоспар

I. Кіріспе. Мүмкіндігі шектеулі балалар – қоғам назарында. II. Негізгі бөлім. 2.1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психомоторикалық және

сенсорлық үдерістерін дамыту. 2.2. Психомоторикалық және сенсорлық үдерістерін дамытудағы ойын-

жаттығулардың түрлері. 2.3. Түзету сабақтары. III. Қорытынды.

Кіріспе Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» [1],-деп даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға кіріктіру мәселелеріне зор көңіл бөлу қажет екенін көрсеткен болатын. Қоғамда демократизация және жаһандану үрдістері әрбір адам үшін білім алу, олардың жеке қабілеттерін дамыту, тұлғаны әлеуметтік интеграциялау мүмкіндігі мен тең құқықтың құрылуы қажет екенін қарастырып отыр.

Біздің елімізде мүгедек жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған ұлттық жоспар бар. Президент Нұрсұлтан Назарбаевта жыл сайынғы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарды белсенді өмірге тарта отырып, олардың өздерін қоғамның толық мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінулеріне жағдай жасау қажеттігін талмай айтып келеді. Соның тағы бір дәлелі – Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы. Бұл Жолдауда Елбасымыз: «Мен барлық әлеуметтік әлсіз қорғалған жіктерге сөзімді арнамақпын. Біз мұқтаждарға қашанда көмек қолын созып келдік. Сонымен қатар, әлеуметтік әділеттілік бұрмаланбауы тиіс. Бүгін мен жаңа әлеуметтік саясат жасау міндетін қоямын. Мемлекеттің әлеуметтік саладағы рөлі әлсіз қорғалған азаматтарды қолдаумен және адам капиталына инвестицияларды қамтамасыз етумен шектелетін болуы тиіс»[2],-деп мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектің дұрыс орындалуын қадағалауды тапсырған болатын.

Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік мәселелері: отбасылық,экологиялық,экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар әр түрлі жастағы балалардың көбеюіне

49

әкеліп соқтырып, жылдан-жылға көбеюде. Мектепте де, үйде де ондай балалар жеке ықпал жасауды қажет етеді. Л.С.Выготский: «Бала бойындағы кемістікті оларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі жүргізу арқылы әлеуметтік жолмен толықтыруға болады»,- деп айтқан болатын. Мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетуде. Соның бір көрінісі – жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың ашылуы. Біздің міндетіміз – даму мүмкіндігі шектеулі балаларға,ата-аналарға түзеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Балалардың ақыл-ой дамуының тежелуі туралы айтатын болсақ, оның білімді меңгеру дағдысы толықтай сақталып, деңгейлері өз құрдастарынан 2-4 жылға артта қалып отырады. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері түрлі болуы мүмкін. Олар басынан өткерген аурулар, негізгі әлеуметті жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы, тағы басқа себептерден болуы мүмкін. Психиатр, невропатологтың зерттеулері бойынша, психикалық дамуының тежелуі балада малярия, тұмау, сары ауру, іштегі улану сияқты аурулардан кейін пайда болады. Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары–интеллектуалды деңгейі, көбіне таным процестері. Зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді.

Психикалық дамуының тежелуі бар балалардың оқу үлгерімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ, анық белгілері 2-3 сыныптарда белгілі болады. Олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктері:

- сабақ процесіне жай қосылады; - оқу материалын баяу қабылдайды немесе мүлдем қабылдамайды; - берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды; - оқуы мен жазуы жай; - оқыған мәтінін түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды; - есептер шығарған кезде қателер жібереді; - тез шаршағыш; - сыныптстарымен аз араласады; - өз ойын анық айта алмайды. Психикалық дамуының тежелуі бар балалар көбіне олигофрения

балаларға ұқсайды, Бірақ, егер де оқу процесі, әдістемелік нұсқаулары дұрыс ұйымдастырылған болса, 1-3 жылда өз құрдастарының білім дағдысын қуып жетуге болады. Бұл туралы Л.С.Выготскийдің: «Кемтар бала қалыпты баланың деңгейіне жету үшін қазіргі ерекше құралдарды қолданған жөн»,- деген сөзі бар.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға болады. Баланың дамуы бұзылған кезде оның қоғамда әлеуметтену процесі және әрі қарай бейімделуі қиындайды. Қамқорлаумен қатар емдеу туралы ол қоршаған ортада «Өз орнын таба ала ма, қанағаттанып толықтай өмір сүре ала ма?» деген сұрақ туады. Ол үшін не істеу қажет? Бұл үшін мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік оңалту және бәрінен бұрын оларды белсенді әрекет пен

50

қоршаған ортаны тану үшін мүмкіндік беретін шынайы әрекеттерге тарту қажет.

Педагогика жүйесіндегі балаларды оқыту мен дамытудың маңызды құрамдас бөлігінің бірі–мүмкіндіктері шектеулі балаларды мінез-құлқындағы кемшіліктерді ескере отырып оқыту, олардың ой-өрісін дамыту, қоршаған ортаға бейімділігін арттыру болып табылады. Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктер олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, оның жеке қасиеттеріне, яғни оқу, жазу, ортаға бейімделу әрекеттерінің бұзылуын қалыптастырып, баланың үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасына кері әсер етеді. Сондықтан да психикалық даму мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу үрдісін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс. Ал танымдық қабілетті дамыту ойлау қызметін жетілдірумен тығыз байланысты. Баланың ойлау қабілетін дамыту мәселесі мектеп тәжірибесінде үлкен орын алады. Оқушы қабілетіне қарай ең басты мәселені айыра білсе, демек ол мәнді тапсырмаларды орындай алады.

Менің ұстаздық жолымда қалыпты балалармен жұмыс істегеніме 18 жыл, ал мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеп келе жатқаныма үшінші жыл. Осы аз ғана уақыттың ішінде мен мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің қиындығы мен үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігін сезініп те үлгердім. Себебі, қалыпты балаларға сабақ беру барысында еңбегіңнің жемісін тез көресің. Қалыпты балалар қоршаған ортаға тез бейімделеді, айтқаныңды тез ұғады. Тіпті, сабақ оқымай келген қалыпты балаға қаттырақ сөйлесең, ұрысқанның өзін ол дұрыс қабылдай алады, келесі жолы ондай қателік жібермеуге тырысады. Мектеп табалдырығын енді ғана аттап басқан бүлдіршіннің оқығанын, жазғанын, сабаққа деген құлшынысын көрудің өзі бір бақыт. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар болса, даму жүйесінде ауытқушылықтар болғандықтан өз қатарластарынан артта қалған, қоршаған ортаға бейімделуі баяу, кейбіреулері денсаулығына байланысты ақырын қимылдайды, көбіне көңіл - күйі төмен болатындықтан да қатты сөйлегенді қабылдай алмайды. Мұндай балалардың ата-аналарымен жұмыс істеудің де өзіндік қиыншылықтары бар.Мүмкіндігі шектеулі бала үйреткеніңді қабылдайды, дегенмен, бұл ұзақ жүретін процесс. Бір сыныпта бес мүмкіндігі шектеулі бала болатын болса, әрқайсысының қабылдау деңгейі әр түрлі. Бірі түсінгенді екіншісі түсінбейді, бірін-бірі тыңдағысы келмейді, сабақтың өзін көңіл-күйіне қарай қабылдайды. Бұл балаларға қатты сөйлеуге болмайды, тек асқан шыдамдылықпен баланың тілін таба білу керек. Яғни, сабақ түсіндіру барысында әр балаға қабылдау деңгейіне қарай түрлі тәсілді қолдану керек. Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс-әрекет, яғни баланың жанына жақын заттарды еске сақтату, ойландыру, елестету, бала бойындағы түрлі қабілеттерін дамытумен тығыз байланысты. Мүмкіндігі шектеулі баланың дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, еске сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты.

51

Қазіргі кезде психомоторика мен сенсорлық даму проблемалары көмекші мектептің бастауыш және орта буын оқушыларын түзете-дамыту үдерісінде өте өзекті. Зерде бұзылыстары бар балаларды тәрбиелеу және оқыту үдерісін гуманизациялау және жекелеу үдерісінің міндеттері, ең алдымен, олардың толыққанды дамуына, оқу қызметінің субьектісі ретінде қалыптасуына арналған қажетті жағдайды құруды талап етеді. Соңғы кезде психомоторика және оның көрсеткіштері психодиагностикада тұлғаның психикалық қасиеттері мен жағдайының обьективті индикаторы сапасында белсенді түрде қолданыла бастады.

«Психомоторика мен сенсорлық үдерістерді дамыту» бағдарламасының мақсаты: баланың әрбір объектіні оның сенсорлық қасиеттері, сапасы, белгілерін біріктіре тануға тиімді жағдай туғызудың негізінде балаға оның психикалық үйлесімді дамуына қоғамға барынша тиімді әлеуметтенуіне көмектесетін қоршаған орта шындығы туралы көпқырлы дұрыс түсінік беру.

Міндеттері: 1.Сезім мүшелерінің жұмысын белсендіру негізінде қоршаған орта құбылыстары мен объектілерін оның қасиеттерімен бірлестіре отырып қабылдауды қалыптастыру; 2.Балалардың заттардың ерекше қасиеттерін, пішінін, құрылымын, көлемін, түсін, олардың кеңістікте орналасуын толық қабылдауын жүйелі және мақсатты түрде тәрбиелеу арқылы балалардың танымдық қызметіндегі кемшіліктерді түзету; 3.Кеңістік – мезгілдік бағдарлауды қалыптастыру; 4.Қоршаған әлемді,оның обьектілерінің барлық сан қилы қасиеттері мен белгілерімен бірге эстетикалық қабылдау қабілетін қалыптастыру.[3]

«Психомоторика мен сенсорлық үдерістерді дамыту» түзету сабақтары баланың мектептегі білімді барынша толық меңгеруі үшін негіз құруға бағытталған.

Түзету сабақтары– бұл балалардың мектептегі білім мен икемділіктерді меңгеруге көмектесетін, практикалық жаттығулар, ойындар, қызметтің өнімді элементтерін және басқа түрлері мен пішіндерін пайдалануға негізделген арнайы дайындық жұмыс. Олардың түзету бағыты мектептегі қиындықтарды тудыратын психикалық қызмет бұзылыстарын (көру, есту арқылы қабылдаудың жетіспеушілігі, кеңістікте бағдарлаудың бұзылуы және т.б.) түзетуде, балалардың танымдық үдерісін дамытуда байқалады. Психомоторика мен сенсорлық үдерістерді дамыту бойынша сабақтар түзету бағытында құрылған. Баланың жалпы түсініктерін дамытумен қатар ақыл-ойы дамымаған балаларға тән психофизикалық дамудың кемшіліктерін түзету оларды психикалық қызметтің күрделі түрлеріне қатысты қалыптастыру қарастырылады.

Психомоторика мен сенсорлық үдерістерді дамыту сабақтарында мақсатты бағытталған қызмет нәтижесінде оқушылардың үйренуге міндеттілері: - сенсорлық эталондарға бағдарлау; - заттарды берілген белгілеріне қарай тану; - заттарды сыртқы белгілері бойынша салыстыру,

52

- заттарды пішіні, көлемі, түсі, қолданыс түріне қарай салыстыру; - әр түрлі белгілері бойынша заттар мен олардың бейнелерін қатарға түзу.

Зерде дамуы жеткіліксіз оқушыларға дер кезінде көрсетілетін психо-педагогикалық көмек олардың табысты оқуының алғышарты болып табылады.

Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ жүргізетін мұғалімге қойылатын талап та жоғары. Ол мұғалімнің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары: 1.Мүмкіндігі шектеулі бала мен мұғалім арасындағы педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы; 2.Балаларға берілген тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы; 3.Балалардың міндетті және мүмкіндік деңгейлерін ескеру; 4.Балаларға сабақ жүргізу барысында тапсырманың бала зердесіне әсер етуін, оның қабылдауы, есте сақтауын назардан тыс қалдырмау; 5.Бала ата-анасымен тығыз байланыста болу; 6.Сабақ жүргізу барысында түрлі ойын элементтерін көбірек қолдану.

Негізінен, мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақты, көбіне, олардың жанына жақын ойын түрінде өткізу тиімді. Өйткені, мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоциялық көңіл - күйі көбінесе ойын және еңбек іс - әрекетінде көрініс береді.

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектелген балалардың сенсорлық үдерісін дамытуда ойындар мен жаттығулардың қажеттілігі мен мүмкіндіктері басты назарда. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың мінез-құлқындағы кемшіліктерді түзету, орнына келтіру, дамыту – педагогика жүйесіндегі балаларды оқыту мен дамытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан, ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Түрлі ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерін де дамытады.

Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.

Ойындар мынадай түрлерге бөлінеді: дидактикалық, тіл дамыту, сюжеттік, дамытушылық, қозғалыс ойындары. Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді: 1.Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады. 2.Үстел үстінде ойналатын дидкатикалық ойындар – «Лото», «Домино» және тағы басқа. 3.Сөздік дидкатикалық ойындар.[4]

Дидактикалық ойындардың негізгі бағыты–балаларға білім-білік, іскерлік, әдет-дағдыларды игерту мен оны бекітуге, ақыл-ой қабілеттерінің

53

дамуына ықпал ету. Дидактикалық ойындардың негізгі міндеті – балалардың ақыл-ойын дамыту, білімін байыту. Дидактикалық ойын балалардың қоршаған тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор.

Сюжетті рольді ойындар Сюжетті рольді ойындар ақыл-есі кем балаларға тән, ең сипатты

ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті рольді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті рольді ойында бейнелеу құралы мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты – бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады. Мысалы: «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Мектеп» ойынын ойнағанда мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты ұғады.

Дамытушы ойындар танымдық сезімді оятады, яғни балада тану іздену әрекетін дамыта отырып, ойдың, талдау мен әрекеттің логикасын ойлау процесінің икемділігін, жаттығуын және тапқырлығын, қиял ұшқырлығын қалыптастырады. Бұл жағдайда сөзжұмбақтар мен ребустар көп септігін тигізеді. Өз шығармашылығымен құрастырылған сөзжұмбақтар баланың аса қызығушылығын тудырады. Балалар еркін сөздерді буынға бөліп, ойлау қабілеті дамиды, есеп сабағынан білім деңгейі кеңейеді.

ХХ ғасырдың басында неміс педагог-дефектологы П. Шуманның: «Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» [5],- деген сөзінен-ақ даму мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс істеу өте қиын екенін байқауға болады. Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт-бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім-білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда.Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына мынадай міндеттер қояды:

- баланың мектепке дайындығын анықтау; - тәрбиесіндегі кемістігін жою; - сабақты жүйелі жоспарлау. Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды арнайы оқытуға деген

сұраныс, әсіресе, олардың танымдық процестерін психологиялық жағынан зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Оқыту үрдісінде мұндай балаларға оқу материалын меңгерту үшін арнайы мектептер мен мекемелерде арнайы білім берудің мазмұны мен әдістерін жасау және оны негіздеу қажет. Әсіресе ауылдық жерлерде туа біткен, сонымен қатар еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарынан, мектепке бару бақыты бұйырмаған балалар бар. Осы балаларды психологиялық ойындар көмегімен дене кемістігін қалпына келтіріп, сол

54

арқылы психологиялық саулығын сақтап, бала мүгедектігінің деңгейін төмендетуге мектеп психологтары аз да болса өз үлесімізді қосып алдымызға мақсат етіп келеміз. Әр психолог үйден оқитын балаға барғанда біріншіден баланың көңіл күйіне қарап, динамикалық бақылау күнделігін жүргізіп отырады. Баланы мектепішілік іс-шараға қатыстырады немесе көрермен ретінде көруге шақырады. Екіншіден, баланың үйіне барғанда ата-анасымен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады. Тек қана баланың өзімен жұмыс жасағаннан көрі ата-анасымен қосылып, жұмыс жасаған балаға қатты ұнайды. Ол үшін үйден оқитын оқушының отбасылық әлеуметтік жағдайын, жас ерекшелігін ескере отырып, балаға ешқандай қиыншылық туғызбайтын өз іс-тәжірибемде қолданып жүрген, ата-анасымен бірлесе жүргізген, баланың өзіне арналған коррекциялық ойындарды ұсынамын. Әрбір мұғалім жеке балаға сабақ бергенде сабағына қолдануға болады. Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді: 1.Олар ойланады. 2.Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталады. 3.Ұжымдық сезімі қалыптасады. 4.Ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. [6]

Түзету жұмыстары психикалық дамуы тежелген және ақыл-ой кемтарлығына шалдыққан оқушылардың зейіні мен еске сақтауын, кеңістіктік елестетуін, қисынды ойлауын дамытуға жағдай жасайды.

Сондықтан барлық танымдық психикалық үрдістер (қабылдау, ойлау, есте сақтау және т.б.) «таза» күйінде болмайтындығын, өзінше тұтас бір жүйені білдіретіндігін, соның негізінде кешенді түрде дамитындығын есте сақтаған абзал. Мысалы, «графикалық сынақхат» жаттығуын кеңістіктік-бағдарлық тапсырмаларға жатқызуға болды, сонымен қатар ол зейіннің, есте сақтаудың, өзін-өзі бақылаудың, қолдың ұсақ моторикасы қызметінің дамуына ықпал етеді.

«Сөз ойла, тез ойла!» жаттығуы. Бес дыбыстан құралатын, үшінші әрпі «Л» болатын, Не? Қандай? деген

сұраққа жауап беретін сөздерді ойлауға тапсырма беріледі. Ортасындағы әріптерді өзгерте беруге болады.

Л

Мысалы, торкөздерді мынадай сөздермен толтырады: талап, құлан, шалап, жолақ, халат, далап, құлын, келін, жалын, тулақ, салақ, рулон, кулон, балақ, талақ, сылақ, салық, талма, жұлын, галош, салым, қалам, ғалам, ғалым, ғылым, қалқа, қалта, салат, долма, малта, шелек, сулық, белок, тұлып, желім, залым т.б.

Оқушылар сөздерді ойламаған жағдайда жоғарыдағыдай сөздер құрауға болатыны айтылып, әр сөздің мағынасы түсіндіріледі.

«Оқиғаның бірізділігін құр!» жаттығуы.

55

Оқушыларға мазмұнды суреттер сериясы бар суреттер беріледі. Олар оқиғаның басы, ортасы, аяғы қайсы екенін тауып, әңгіме құрастырады. Мысалы: «Аяз ата», «Бағбан», «Портрет» т.б. суреттер топтамалары беріледі. Бұл жаттығу ойлауы мен байланыстырып сөйлеуін дамытады. Жаттығуды мәтін арқылы беруге де болады. Мәтіндегі орны ауыстырылған сөйлемдерді мазмұны бойынша қойып шығу тапсырылады.

«Белгісін тап» жаттығуы. Оқушыларға үш-төрт сөз беріледі. Мысалы: АЛМА, СИЫР, ТҮН. Осы

сөздердің бір белгісін табуға тапсырма беріледі. (Алма – тәтті, сиыр – сүтті, түн – қараңғы). Оқушылар жаттыққан соң екі, үш белгісін таптыруға болады.

«Қарама-қарсы мағынасын тап!» әдісі. 1. Жуан – 2. Биік – 3. Тар – 4. Кішкентай – 5. Салқын – 6. Ұзын – 7. Ақ – 8. Ашық – 9. Қою – 10. Өткір – 11. Ашық – 12. Жоғары – Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін мынадай тапсырмалар

беруге болады. Мен өз тәжірибемде мүмкіндігі шектеулі балалардың сенсорлық

үдерісін дамыту мақсатында ойын элементтерін көптеп пайдаланамын. Мысалы, көру арқылы қабылдауды дамытуға арналған «Әріптер», «Айырмашылықты тап»,«Аяқталмаған бейнелер», түс, пішін, көлемді ажыратуға арналған «Дәл осындай пішіндегі затты тап», «Қандай фигура артық?», «Заттың түсі қандай?», тактильді сезімталдықты дамытуға арналған «Әріпті тап», «»Жылдың төрт мезгілі», «Мысықты ұстап ал», есту арқылы қабылдауды дамытуға арналған «Қандай музыкалық аспаптың ойнағанын тап», «Ақырын және қатты», сондай-ақ ұсақ моториканы дамытуға арналған «Әріптер», «Саусақтар амандасады», «Оркестр», «Таңғажайып жануар» ойындарын ойната отырып түзету сабақтарын өткіздім.

Мен сабақтарымда төмендегідей ойындарды жиі өткізіп тұрамын. «Кімде қандай қасиет бар». Малдың түрі бейнеленген карточкаға бала оның қасиетін көрсететін сөз

жазылған басқа карточканы таңдап алады. Мысалы, ит және иесіне берілгендік, түлкі және айлакерлік, түйе және тәкаппарлық және т.б.

«Өзің жалғастыр….» Мақсат сабаққа кешіккенін енді ғана ұқты…. Айнұр досын ренжітіп алғандай болды… Оспан ағасына бір нәрсені айтуды ұмытып кетті….

56

Әңгімелерді одан әрі жалғастырып, өз бетінше аяқтауын тапсырып, соңынан баланың ойын талқылауға болады.

«Түспен ажырату». Ойынның мақсаты: адамның мінез-құлқын бояумен көрсетіп, жағымды,

жақтарын түспен ажырату. Жүргізуші: балаға адамның қасиеттерін кемпірқосақ тәрізді етіп бояуды

тапсырады. Қандай қасиетті қай түспен бояуды баланың өзі шешеді. Ойын соңында адамның мінез-құлқын көрсету үшін қай түсті неге таңдағанын өзі түсіндіріп береді.[7]

Енді 7-сыныпта өткізген «Жалаң, жайылма сөйлемдерді ажырата білу» тақырыбындағы сабағыма тоқталайын.

Қазақ тілі .7-сынып. Сабақтың тақырыбы: Жалаң, жайылма сөйлемдерді ажырату, мысал

келтіру. Сабақтың мақсаты: жалаң, жайылма сөйлемдердің айырмашылығын

түсіндіру; тәрбиелілігі: оқушыларды тазалыққа, әсемдікке тәрбиелеу; дамытушылығы: шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік

қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Коррекциялық мақсаттары: артикуляциялық дағдыларды және

фонематикалық есту, қабылдау қабілеттерін дамыту. Саусақ жаттығулары арқылы түрлі психикалық үрдістерін ояту. Дыбыстық жинақтау, талдау қабілеттерін қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: сөйлейтін «Әліппе», пластикалық карта арқылы жұмыс жасайтын «Ноутбук»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың коррекциялық мақсаттарын іске асыру жоспары: Саусақ жаттығулары. «Саусақ амандасады» Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сабақ. Жалаң, жайылма сөйлем. 1-тапсырма. «Кім тапқыр?» ойыны. Қар жауды. Қар қалың жауды. Ұшақ көтерілді. Ұшақ биікке көтерілді. Мұғалім кірді. Мұғалім сыныпқа кірді. Күн жылынды. Күн көктемде жылынды. 2-тапсырма. «Сергіту сәті» («Өз есіміңді ерекше ата» ойыны) Күннің суретін салып, әр сәулесіне бала өзінің тек жақсы қасиетін

жазады.

Бастауыш пен баяндауыштан

тұрады

Тұрлаусыз мүшелерден басқа тұрлаусыз мүше де

қатысады.

57

ұқыпты таза тәртіпті мұқият тілалғыш алғыр Сабақты қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма. Анықтама жаттау. Осы сабақта «Өз есіміңді ерекше ата» ойынын жүргіздім. Адамның есімі

– оның бетке ұстар құралы. Біздің есімдеріміз өмір бойы бізбен бірге, олар біздің мінезімізге, сезімдеріміз бен ойымызға өз ізін қалдырады. Қанекей, өзіміздің есімімізді еркелей әрі ардақтап айтып көрейік. Жаттығып алайық. Мұғалім баланы ортаға шақырады. Бала өз есімін атаған кезде қандай сезімде болғанын сұрауға немесе осы айтқандарын қағаз бетіне түсіруіне болады.

Ал енді 7-сыныпқа өткізген «Менің отаным – Қазақстан» тақырыбындағы сабағымда «Заттың түсі қандай?», «Айырмашылықты тап», «Аяқталмаған бейнелер» ойын-жаттығуларын пайдаландым.

Қорыта айтқанда, біз-педагогтар, «Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына көмектес!» қағидасын бекем ұстанайық. Өздері кемтар болып келген баланың көңіліне кірбің түсірмейік. Мен биылғы жылы сабақ беретін 7-сынып оқушысы Дүзелова Айкөркем, 9-сынып оқушылары Мырзағалиева Арайлым мен Ламиха Әйгерім денсаулығына байланысты үйден оқиды. Олар менің әр сабағымды, әр кездесуімді асыға күтіп отырады. Осының өзі менің жаныма медеу. Мені олардың алдағы өмірі қатты ойландырады. Сондықтан оларды түзету-дамыту жолында күш-жігерімді аямай, ізденіп, еңбектеніп келемін. Қазіргі күні Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау Университетінде дефектология мамандығында оқып жатырмын. 2011 жылы Атырау қаласында «2011-2020 жж. білім беру мемлекеттік бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір дағдысы, әлеуметтік құзіреттілігін қалыптастыруға талаптану» тақырыбында білім көтеру курсынан өттім.

Осы жұмысымды қорытындылай келе мынадай ұсыныстар жасағым келеді. 1.Мүмкіндігі шектеулі балалардың (аудан көлемінде) кәсіптік білім алуына мүмкіндіктер жасалса; 2.Ауылдық жердегі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекет тарапынан әлі де болса көмектердің ұйымдастырылуы аса қажет; 3.Осы топтағы баланың ата-анасымен, балаға көбірек көңіл бөлініп, ұдайы қамқорлыққа алынса; 4.Күрделі ақыл-ой кемістігі бар балаларды психолог-дефектолог оқытса; 5.Күрделі ақыл-ой кемістігі бар балалардың сенсорлық үдерістерін қалыптастыру мақсатында түзету сабақтарына сағат қосылса.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан –2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы

Айкөркем

58

2.Н.Ә.Назарбаев«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы. 3.Қ.Ж.Бектаева, А.Е.Ерболат»Типтік арнайы білім беру оқу бағдрламалары». Алматы-2010 жыл. 4.Дубровина И.В. Психокоррекционная и развивающая работа с детьми. – М., 2001. 5.Дубровина И.В. Об индивидуальных особенностях школьников. – М., 1975. 6.Захаров А.И. Психотерапия неврозов у детей и подростков. — М., 1982. 7.Байтұрсынова А.А. «Арнайы педагогика: проблемалар мен даму болашағы». Оқу құралы.- Алматы, 2008

ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУДАҒЫ ФИЗИКАЛЫҚ ҰҒЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Ахметова Насип Муқасқызы Атырау қаласы, №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің

физика пәнінің мұғалімі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттеріне: білім бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы ушін жағдай жасау арқылы парасатты байыту» қажеттілігі айрықша деп атап көрсетілген. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді. Инклюзивтік білім беру дегеніміз–барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық еңгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-ананаларын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Инклюзивті оқыту–ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.

Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалптастырады.

Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесімді дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр.

Отанымыздың әрбір болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, білім беру арқылы дамыту ең жауапты іс. Қазіргі таңда балалардың мүмкіндіктерін

59

ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына барлық жағдай жасалуда. Сонымен қатар елімізде инклюзивті білім беруді дамыту дұрыс жолға қойылған.

Психикалық дамуының негізгі бұзылыстары инеллектуалды даму деңгейі, яғни, зейіні, есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерімі төмен болады. Иклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірбие көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.

Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.

Инклюзивті оқыту–барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын-өңдеуге талпынады.

Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді. Баланың жалпы дамуы дегеніміз–тек мектептен алатын білім ғана емес, сонымен қатар жалпы өзі меңгерген білігі, ойлау қабілетінің дамуы, танымдық қабілетінің дамуы, өздігінен білім игере алу мүмкіндігі. Егер оқушы қоршаған орта немесе қоғам жайлы аз да болса түсінігі болса, мектеп пәндерін (мысалы, математика, табиғаттану) терең әрі, тезірек меңгере алады. Сабақта оқылған материалдарды, отбасының мүмкіндігін, баланың жеке талабын ескере отырып, мұғалім баламен сөйлесудің тақырыбын анықтайды, қандай да болмасын айналасында болып жатқан нәрселерді түсінеді. Алайда баланы бірден көп мәлімет беріп, шаршатуға болмайды. Ол қабылдауы тиіс материалдар, сөздер жүйелі түрде болуы шарт.

Сөздік материалды оқып, үйрену оңай емес. Ол тәжірибе арқылы ғана жүзеге асырылады: мысалы, ағаш кесінділерін өлшеу арқылы үш өлшемді дененің көлемін есептей алады. Сондықтан, көптеген сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, ойға сақтауға кейбір әрекеттер көмектеседі.

Баламен сөйлесу барысында баланың әрдайым үлкендермен сөйлесуге, олардан қажеттісін сұрай білуге қабілетті болуын қамтамасыз ету керек, бір

60

сөзбен айтқанда, баланың ата-анасымен сөйлесуге, мектепте болып жатырған болмаса өзге де жаңалықтарын айтуға деген тілегі, құлшынысы жойылмауы тиіс. Алайда әр уақыт баладан толық жауапты талап етуге болмайды, жауап қысқа, болмаса толық емес сөйлем түрінде болмаса да жеткілікті.

Сабақ берудегі өз тәжірибиемді сондай оқушылармен жұмыс жасауда жан-жақты өмірмен байланыстырып алудың ерекше орны бар.

Мысалы: заттың 3 күйі деген тақырыпта судың қатты, сұйық, бу түрінде кездесетіндігін қарапайым тәжірибиемен анықтай алады. Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау деген тақырыптарда оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, көзбен көру, қолмен ұстау арқылы формуланың орнына мәнін қойып ойша жасай алмайды.

Дөңгелек бөліктерін қарапайым қатарлау тәсілі арқылы жұмысты орындай алады. «Бұранда қадам өлшеу» деген тақырыпта бұранданың қадамын, орам санын, ойманың ұзындығын есептей алады. Таразымен өлшеу жұмыстарын жасай алады. «Механикалық қозғалыс» деген тақырыпта айналаға көз жүгірту арқылы қозғалыстың салыстырмалығын еске сақтай алады. Сол арқылы өздігінен мысал ойлай алады. «Мектеп пен үйдің арасы 200 м. Оқушы мектепке барып, үйге қайта келгенде барлығы қанша жол жүреді? Ал орын ауыстырудың ұзындығы неге тең?» деген есепте көз алдына ойша елестету арқылы шығара алады. Сонда оқушыға ойша елестету арқылы тапсырмалар берген кезде орындай алатындығы анықталды. «Білеушенің көлемін анықтау», «Емханаға саяхат» ойыны. Дененің массасын таразыға тартуға «дүкен» ойыны, рөлдік сахналық ойын элементтері. Ойын элементтерін пайдалану кезінде оқушының белсенділігінің бұрынғыдан да арта түсетіндігі түсінікті. Сонда «Сөзді жалға», »Жалғасын тап», «Есіңе сақта» т.б ойын элементтерін пайдаланамын. Ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушының танымдылығын арттыра отырып, өмірге деген көзқарасы қалыптасып, өмірге деген құлшынысы артады.

Көзбен көріп, қолмен ұстап қарапайым тәжірибелер жасау арқылы оқушының сабаққа деген ынтасы көтерілгендігі анық байқалады. Бұндай оқушыны тысқара қалдырмай үнемі көңіл бөліп, жақсы көзқараспен қарау керек.

Қазіргі кезде қоғамда осындай мүмкіндігі шектеулі балалардың көбеюіне байланысты қоғам алдында да көптеген жұмыстың тұрғандығы байқалады. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді-енді қолға алына бастады.

Мектеп оқушыларының бойында физикалық ұғымдар жүйесін қалыптастыру–оларды білім жүйесімен қаруландырудың маңызды элементтерінің бірі. Әрбір пән өзара байланысты ұғымдар жүйесін қамтиды. Жалпы оқушылардың пән бойынша білімдерінің сапасы олардың сол ұғымдарды меңгеруіне байланысты. Заттардың физикалық қасиеттері мен құбылыстарды үйрену мазмұны болып табылады. Мұның бәрі ғылымдар жүйесін – құбылыстар (қайнау, булану) физикалық шамалар (жылдамдық, масса ... т.б.) туралы ұғымдарды қамтиды. Ұғым дегеніміз – айналадағы

61

болмыстық заттардың және құбылыстардың жақтардың мәнді қасиеттерін, олардың арасындағы мәнді байланыстар мен қарым-қатынасты білу деген сөз. Ұғым – ойлаудың жоғары формаларының материяның шындықты бейнелеу формаларының бірі. Ұғым – мидың нәтижелі жемісі.

Оқушы ұғымды бірдей игеріп кетпейді, оның мазмұнын, көлемдік байланыстарын басқа ұғымдар мен қатынастар арқылы бірте-бірте меңгереді. Оны үйрену процесінде оқушылар алғашында жекеленген ұғымдар, жүйесі қалыптасады.

Ұғымды қалыптастыру процесінде олардың анықтамасының берілуінің маңызы зор. Ұғымға ие болу оқушылардың белсенді ой қызметін операцияларын орындаумен байланысты, сондықтан ұғымдарды қалыптастыру оқушылардың ойлауын дамыту үшін зор маңызға ие.

Инклюзивтік бағдарламамен оқыту кезінде физика курсының оқыту материалын және басқа пәндерді оқу, үйрену әдебиет оқу, фильмдер көру, телевизия хабарлар, интернет... физикалық ұғымдарды қалыптастырудың қайнар көзі қызметін атқарады. Осы факторлардың барлығын ұғымдарды нысаналы қалыптастыру барысында ескеру қажет. Кейде ұғымдарды қалыптастыру процесінде ойлаудың көрнекті-бейнелік, сөздің практикалық деңгейде болады. Сонда физикалық ұғымды әр алуан міндеттерді шешу пайдалану шеберлігі қалыптасады.

Ұғымды қалыптастыруда ситуация жасау маңызды рөл атқарады. Проблемалық ситуация жасау эмоциялық көңілдің бөлінуі, олардың жаңаны оқып үйренуге деген ықылас-ынтасын арттырады. Олардың ойлануын, зейінін дамытады. Ұғымды қалыптастыру тәсілдері оның мазмұнын оқушылардың жалпы дамуына, олардың алдыңғы алған тәжірибесі мен білімдеріне байланысты. Кей жағдайларда ұғымдарды қалыптастыруды оқушылар олардың құбылыстарын талдаудан бастайды. Мәселен: күш, қысым, механикалық жұмыс, қуат т.б. ұғымдарын қалыптастыру кезінде көрінеді. Ұғымдарды ұғындыру кезінде құбылысқа нысаналы бақылау ұйымдастыру қажет. Анықтамада заттар мен құбылыстардың сол ұғымды бейнелейтін айырмалық белгілері көрсетіледі. Ең жақын тек пен түр айырмашылығын көрсету арқылы ұғымдарды анықтау: мысалы, бір қалыпты қозғалыс – тұрақты жылдамдықтар қозғалысы. Тендік ұғым – қозғалыс түрлік белгі – тұрақты жылдамдық. Қозғалысқа байланысты энергетикалық жаттығулар. Белгілі философ Ф.Беконның ойын бойынша оқытудың ақиқаты мақсаты білім емес-іс әрекет. Ол тек оқушының өмірлік тәжірибе деңгейінде даму психологиясы деңгейіне қарай әртүрлі психологиялық мінез-құлқы ашылатындай ситуация ойластыра отырып, білім мазмұнын, оқушы өмірімен ұштастыру. Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін жеке тұлғаны қалыптастыру өсіп келе жатқан ұрпақтың белсендік өмірін ұстамын тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты басты мәселені оқыту үрдісіне оқушының өзара қарым-қатынасы. Мен өз тәжірибемде физика пәнімен алғаш рет танысатын 7, 8-сыныптарда оқушының пәнге қызығушылығын арттыруға және ойлау қабілеттерін дамытуға жұмыс жасап жүрмін.

Қарапайым тәжірибелер жасау арқылы ой-өрісін дамытып, оның өмірге қажеттілігін, тұрмыста қолдану жерлерін көрсетіп отырмын. Іс-тәжірибемде

62

оқушы жұмысы жаңа технологиялық элементтерді пайдалану арқылы жүзеге асады. Сонымен бірге рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға көңіл бөлемін. Пәнді оқытуда пәнаралық байланысқа да мән беріп отырамын.

Мысалы: технология пәні, политехникалық оқудың қажетті шарты болып есептеледі. Кристалдық кеңістіктің моделі. (Жабдықты қарапайым стержень, метал шар) математика бойынша шаманың мәні.

Мысалы: дененің жылдамдығы -7 м/с 7м/с физикалық шама 7- сандық мән 7- қазына Биология пәні бойынша ауыл шаруашылық өнімдері, көкөністердің

пайдасы, массасын таразыға салып т.б. өлшеу жұмыстарын жүргізіп жүрмін. Оқушылардың формативтік бағалау жүйесі жақсы нәтиже беріп жүр.

Қазіргі таңда педагогтардың алдына қойылған міндет заманына білімі сай жан-жақты оқушы дайындау. Әрбір педагогтың қоғам алдындағы міндеті өзінің жеке тәжірибесімен шәкіртке білім беру жолында нәтиже беретін жаңа технологияны меңгеру оны әрі дамыту арқылы жүзеге асыруға болатындығына өз тәжірибемде кезінде көз жеткіздім.

Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс – әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытта білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.

Пайдаланған әдебиеттер: 1.Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева «Физика және астрономия 7-8 оқулық» 2.Қ. Жарықбаев «Жалпы психология», 2000 ж. 3.«Білім технологиясы» журналы 2012 ж. 4.«Әлеуметтік педагог» №3.2

«Ғ» ДЫБЫСЫ МЕН ӘРПІ

Ермуханова Светлана Тулегеновна Атырау облыстық көмекші мектеп-интернатының педагог-логопеді

Күні: 23/04/2019 Сынып: 2 (жең.) Сөйлеу тілінің даму кемшіліктерің түзету

Қатысқандар саны: 3 Қатыспағандар саны: - Мұғалім-логопед Ермуханова С.Т.

Сабақтың тақырыбы Ғ дыбысы мен әрпі. Осы сабақта қол Білімділік: Ғ дыбысы мен әрпін дұрыс меңгерту, буын,

63

жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

сөзде анық айтуға машықтандыру. Түзету-дамытушылық: артикуляциялық жаттығуларды дұрыс, толық орындауын қалыптастыру. Фонематикалық есту қабілетін, ойлау, көру, есту қабілетін дамыту. Тәрбиелік: өз сөйлеу тілін қадағалауына, өз бетінше жұмыс жасауына тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы меңгереді. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері Айтылған буын, сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Тақырыпты меңгереді. Ғ әрпінің ерешеліктерін түсінеді.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап Пәнаралық байланыс Оқу және тіл дамыту, музыка және ырғақ, сан АКТ қолдану дағдылары Слайд, бейнежазба Тілдік құзыреттілік Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут

а/ - Жылдың қай мезгілі? - Бір жылда неше мезгіл бар?

- Аптаның қай күні? - Бір аптада неше күн бар? - Атап шығыңдар. ә/ «Шаттық шенбері» Қызыл түс: «Жемістей тәтті болайық» Сары түс: «Күн шуағындай жарқырап жүрейік» Көк түс: «Аспанымыз ашық болсын» Жасыл түс: «Жасыл бақтай жайнайық» Ақ түс «Әрқашан көңіліміз ақ болсын» Қоңыр түс: «Табиғатымыз құнарлы болсын» Қызғылт сары түс: «Денсаулығымыз дәруменге толы болсын»

Шаттық шеңбері Түстер арқылы жылы лебіздерін білдіреді Слайд.

Өткен дыбыстарды қайталау 5 минут

а/ Кубиктермен жұмыс. Ойын шарты: оқушылар бір-біріне кубикті лақтырып, әріпті атайды (А О М У Н Т П С ) ә/ Нейрогимнастика жаттығулары (саусақтарға) «Жұдырық-тақтай-алақан», «Жұдырық-алақан», «Саусақтар амандасады», « Отырғыш»

Кубиктер Классикалық музыка қосылады

64

Сабақтың ортасы 8 минут

- Сабағымызды бастамас бұрын, біз қандай дыбыс, әріппен жұмыс істейтінімізді тауып алайық. - Мұқият қарап, қай әріптің адасқанын табыңдар. О У И Ы Ғ Ө Ү Ұ А - Қай әріп ? - Ғ әрпі - Неліктен? - Ғ әрпі дауыссыз. - Сонымен бүгін Ғ әрпімен жұмыс жасаймыз. *Тіліміз бен ерніміз дұрыс жұмыс жасау үшін артикуляциялық жаттығулар жасаймыз «Жымию» «Тістерді тазалау»

«Жасырынбақ»-тілімізді ауыз қуысының артына қарай апару.

Ауызды ашып-жұму Айнаға қарап, Ғ дыбысын жеке және хормен айту. *Ғ дыбысының артикуляциясы: - Ерін жымияды, тіс арасы шамалы ашық, тілдің ұшы төменгі тістерге жақын, тілдің арты жоғары көтеріледі, дауыс шымылдығы дірілдейді. *Ғ дыбысына сипаттама беру. Дауыссыз, ауызымызда кедергі кездеседі, көк текшемен белгіленеді. Ғ дыбысының әріп таңбасын еске түсіру, жіптерден құрастыру.

Слайд-Әріптер Слайд –артикуляциялық жаттығулар суреті Әріп таңбасын көрсету. Жіптермен жұмыс

Сергіту сәті 3 минут

«Қарлығаш» «Қарлығаш» әуеніне билеу

Тапсырманы орындау 8 минут Аяқтал

- Ал, балалар, біз бүгін Ғ дыбысын буын, сөзде анық айтып үйренеміз. Алдымыздағы тұрған тапсырмаларды кезегімен орындаймыз. 1-тапсырма. «Әндетіп дауыстап оқу» ҒА-ҒА-ҒА, ҒО-ҒО-ҒО, ҒУ-ҒУ-ҒУ, ҒЫ-ҒЫ-ҒЫ ҒА-ҒО-ҒУ, ҒУ-ҒЫ-ҒО, ҒО-ҒУ-ҒЫ, ҒЫ-ҒУ-ҒА 2-тапсырма. Суреттерді атау (Ғ дыбысын сөзден бөліп, анық атау) Ғарышкер, ағаш, қарға, торғай, сағат 3-тапсырма. «Ермексазды конструктор» ойыны Мақсаты: әріпті есте сақтау, ұсақ моториканы дамыту. Оқушылар ермексазбен Ғ әрпін құрастырады 4-тапсырма. Қыстырғыштармен буындарды оқу. ҒА ҒИ ҒО ҒЫ

Слайд-Буындар Слайд-Суреттер Музыка ойналып турады. Түрлі түсті қыстырғыштар-ды түрлі түсті

65

уы 8минут

ҒУ ҒА 5-тапсырма. Көру зейінін дамыту. Әріптер қатарынан Ғ әріп таңбасын тауып, астын сызындар және неше Ғ әрпі бар санандар Г Т В Р Ғ Ғ, Л Д А Ғ, Ғ Г Г Е Л

буындардың жанына қыстыру Карточкамен жұмыс Суреттер

Сабақтың соңы 3 минут

Рефлексия «Пантомима» Оқушылар пантомима арқылы өз жұмыстарының нәтижесін көрсетуі тиіс. Қолын жоғары көтерсе – өз жұмысына риза болғаны Басын төмен қаратса – өз жұмысына қанағаттанбады Бетін қолымен жапса – жұмысқа немқұрайлы қарайды

«Пантомима»

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Оқушыларға деңгейі бойынша қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтар-мен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету. Жеке жұмыс арқылы оқушылар айтылған

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл-күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Музыка, оқу және тіл дамыту. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

66

сөздердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Тапсырма

Тапсырма «Торғай» саусақ жаттығуын жаттау және орындау. Торғай, торғай, торғайсың, Жақын келіп қонғайсың. Жем шашайын тойып ал, Сонда торғай тоңбайсың.

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР

БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ: ТЕОРИЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ

Сарина Мөлдір Лайыққызы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,

№5 Құрманғазы ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің педагог-логопеді

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі заңында «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психологиялық-медицина-педагогикалық кеңестің қорытындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік білім жалпы беретін мектептерде тегін оқуға құқылы делінген.

Атап айтсақ мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады.

Бұл бағдарламаның басты міндеттерінің бірі – еліміздің инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады.

Инклюзивті білім беру оқыту процессінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педогогикалық қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшілігінде ескерген жөн.

67

Инклюзивті білім беруді іске асыру отбасының белсенді қатысуымен, коррекциялық-педагогикалық және баланың жеке қажеттіліктерін әлеуметтік қолдау мен балалардың жеке ерекшеліктерінің білім алу ортасына бейімделуі және білім алуына қатысты қажеттіліктерін, яғни білім алуға толық жағдайларды жасау жолымен жүзеге асырылады.

Сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету барысында ең әлсіз санаттағы мүмкіндігі шектеулі балалар ерекше назар аударуды қажет етеді.

Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы және оларға психологиялық-педагогикалық, коррекциялық қолдау көрсету жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда жүзеге асырылады.

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. -негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, -барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр; -барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; -оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; - адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді; -барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері -бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы; -балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін ұйымдар мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

1)барлық балалардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта деңгейлеріндегі сапалы білімге тең қолжетімділігін;

2) барлық оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған арнайы жағдайларды жасау;

3) «кедергісіз», қолжетімді білім алу ортасын құру; 4)психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолдау (білім беру үдерісі

жағдайында баланың дамуын қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық тұрғыдағы қолдау), сонымен қатар қозғалысы шектелген мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау;

5) оқу кабинеттерін қазіргі заманғы құралдармен жабдықтау (желілік түрде әрекеттесетін байланыс және коммуникация құралдары, кең жолақты интернет, аудио және бейнетехника, компьютерлік, мультимедиялық, интерактивтік және зияткерлік жабдықтар), оның ішінде оқушылардың жекелеген білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған көмекші техникалық жабдықтармен және бағдарламалық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету;

68

6) оқыту және түзете-дамыту үдерістерін, сондай-ақ бейімдеу және модификациялауды ұйымдастыруға арналған білім беру ресурстарын шоғырландыру және оқу материалын оқушылардың білімділік қажеттіліктеріне пайдалану;

7) оқушылардың қоғамда өмір сүруіне әлеуметтік бейімделу іс-шараларын жүзеге асыру, еңбек және басқа өмірлік дағдыларын қалыптастыруын қамтамасыз етуі тиіс.

Инклюзивті білім беруде жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне қойылатын талаптар:

• Сабақ үстінде берілген тапсырманы қызықты етіп түсіндіруге; • Оқушылардың селқостығына назар аударуға; • Сабақ үстінде сыныпта тыныштықты орнату барысында қаталдық

танытпауға; • Жаттығулармен, соның ішінде қатемен жұмыс, оқу дәптерлерімен

жұмыс жасауға көмектесу; • Бағалау жүйесі бойынша мүмкіндіктерін ескеруге; • Оқушыларды «қабілеттілік пен мүмкіндіктеріне» байланысты топқа

бөлуге; • Ынталандырушы әдістемесін жиі қолдануға; Логопедтің мақсаты:

1.Ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға уақтылы көмек көрсету; 2.Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру; 3.Көмек берудің әдістері мен түрлерін қолдануы жайында ата-аналармен байланыста болу; 4.Пән мұғалімдері, психолог мамандармен жиі қарым-қатынас орнату.

Міндеті: 1.Ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, түзеу жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне байланысты қолдану; 2.Ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларды ерте түзете-дамыту жұмыстарын уақытылы жүргізу.

Күтілетін нәтиже: 1.Психофизиологиялық мүмкіндігі дамиды; 2.Оқудағы қиындықтары жойылады, өз ойларын жеткізе алады; 3.Әлеуметтік – адамгершілік қасиеттері дамиды, жағымды мінез-құлық қалыптасады. Өмірге құштарлығы артады.

Инклюзивті оқытудың тиімділігі: 1. Айрықша мұқтаждықты қажет ететін балалар үшін: • Өз қатарларымен қарым-қатынас жасағанда тілінің дұрысталуы,

эмоцияның өзгеруі; • Өз қатарларын ол рольдік үлгі ретінде біледі; • Баланың мықты таланттылығы, қызығушылығы артады, мінезі

өзгереді. 2. Айрықша мұқтаждықты қажет етпейтін балалар үшін: • Айырмашылықты түсініп оған баға беру;

69

• Жаны ашу, көңіл бөлу, көмектесу арқылы тәрбиелік құндылығының артуы;

• Таза достық пен бірігіп жұмыс жасау. 3. Ата-аналар үшін: • Басқа ата-аналардан көмек пен қолдау алу; • Баланың әдеттегі жағдайынан өсуі жөнінде ақпарат алуы. Қорыта келе, инклюзивті білім беру жүйесін қолдаймын. Себебі, ерекше

оқытуды қажет ететін ерекшеліктеріне немесе ақыл-ойының баяу дамуына қарамастан, оларда қандай да бір өнерге деген табиғи дарындылық, бейімділік болатыны заңды құбылыс. Сондықтан да инклюзивті оқыту арқылы бала бойындағы қабілетті дер кезінде байқауға ақыл-ойын дамыта отырып, дарындылығын ұштауға болады. Бұндай мүмкіндікке қол жеткізе білсек, бала болашағына жол ашқанымыз деп білемін. Әйтсе де мұндай балалармен жұмыс жасау үлкен еңбекті, табандылық пен шыдамдылықты қажет ететіндігі белгілі.

Пайданылған әдебиеттер: 1.Закон РК «О социальной и медико-педогогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями», Алматы, 2002 2.Капустин А.И. «Проблема дифиректированного и интегрированного обучения в историй олигофренопедогогики» ж. Дефектология,1996.5 3.Интегрированное обучения детей с нарушением слуха (методические рекомендаций), 1999 4.Сулейменова Р.А. «Система ранней коррекционной помощи детям с ограниченными возможнастями в Казахстане: проблемы создания и развития», Алматы 2001

ТҰТЫҚПА ДИАГНОЗЫ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ӘДІСТЕРІ

Малиева Нурганым Жанболатовна Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,

№5 Құрманғазы ауданының психологиялық -педагогикалық түзеу кабинетінің педагог -логопеді

Тұтықпа – сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысу салдарынан, сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы. Тұтықпа негізінен күрделі тіл кемістігі болып саналады.Онда сөйлеу функциясының бұзылуымен қатар нерв жүйесінің, соматикалық денсаулығының, жалпы және сөйлеу моторикасының бұзылуы және психологиялық ерекшеліктері байқалады. Тұтығу негізінен нерв жүйесі әлсіз, балаларда пайда болады. Тұтықпаның негізгі белгісі – ауызша сөйлеу процессінде сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысуы. Тыртысу тек сөйлеу кезінде немесе сөйлей бастағанда байқалады. Тыртысу негізгі үш түрге бөлінеді: тоникалық және клоникалық, сонымен қатар кейде аралас түрге де бөледі. Сөйлеудегі тоникалық тыртысу бірнеше топтағы бұлшық еттердің (мысалы: еріннің, тілдің т.б.) тонусының қатаюымен сипатталады. Тұтығушы сөйлеу

70

кезінде тоқтап, бөгеліп қалады (Мысалы: т....тауық). Ауыз бұл кезде жартылай ашық немесе еріндер қосылып тұрады. Тырысудың клоникалық түрі сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің біркелкі қайталанып қысқаруымен сипатталады. Көбінесе тұтықпада тыртысудың клоникалық және тоникалық түрлері бірдей байқалады ( Мысалы: та-та-та-тауық). Аралас

Мысалы: кі...кіт-та-тап Тұтықпа балалардың ауызша сөйлеуін ұйымдастырудағы сол жақ жарты

шардың басқарушы ролінің бұзылатындығы электрофизиологиялық зерттеулерде анықталған.

Тұтықпаны зерттеу: психологиялық, педагогикалық, логопедиялық, медициналық тексеруден тұрады.

Тексеру үш кезеңнен тұрады: ***Анамнестикалық мәліметтерді жинау; ***Жалпы, ұсақ, мимикалық және артикуляциялық моторикасын тексеру; ***Тұтықпаның байқалуын тұлғалық ерекшеліктерін тексеру. Тұтығуға комплексті әсер ету мынандай бағыттардан тұрады:

1. Медициналық әсер ету. Ол баланың нерв системасының функциясын қалыпты жағдайда болуына мүмкіндік жасайды және психотерапия мен логопедиялық жұмыстар үшін қолайлы жағдайлар жасайды. 2. Психотерапиялық әсер ету. Барлық логопедиялық жұмыс кезінде жүргізіледі. Ол баланы тұтығусыз сөйлей алатынына сендіру. Әрдайым әңгімелесу барысында сөйлесіп жатқан адамының жүзіне қара. Бұл сенің бойында сенімділік пен батылдықты сездіреді. Есіңе сақта, қай жерден болмасаң да, асықпай, баяу, сабырлы сөйле. Сөйлеп тұрғанында басынды төмен салбыратпа, артық қимылдар жасама. Басынды жоғары көтеріп, өзіне сенімді бол! Жауап беруге асықпа, ең алдымен іштей айтып ал. 3. Логопедиялық әсер ету. Бұл ұзақ уақыт бойына /8-9 ай/, жүйелі түрде жүргізілетін системалық сабақтар курсы. Бұл сабақтың негізгі мақсаты өмірдің кез-келген жағдайында тұтығудың жеңіл түрінен бастап, күрделі, қиын түрлеріне дейін балаларды дұрыс және еркін сөйлеуге дағдыландыру болып табылады. 4. Логопедиялық ритмика /ырғақ/. Ол әртүрлі жаттығулар мен ырғақтар немесе балалардың сөйлеуіне байланысты қозғалыс ойындарынан тұрады. Мұндай жаттығулар мен ойындар жалпы және сөйлеу моторикасының дамуына ықпал етеді, сигнал бойынша әрекет жасауға, өзін-өзі меңгере білуге, ырғақты сезінуге тәрбиелейді, қозғалыс координациясын дамытады. 5. Тұтығатын баланың жеке басына қоршаған ортасының әсер етуі. Тұтығудан айыру үшін баланың араласатын ортасының дұрыс сөйлеуінің үлкен маңызы бар. /балалар мекемелері мен жанұясында баланың жақындары/. Балалар баяу, асықпайтын, бірқалыпты сөйлеуді естулері керек. Сонда олар өздері де осылай сөйлеуге дағдыланады. Баламен бірқалыпты қарым-қатынаста болған жөн. Кішкентай ғана жетістігін сол кезеңте мадақтап отыру қажет. Сол сяиқты жалпы сөйлеу режимінің, дұрыс тамақтанудың, міндетті түрде күндізгі ұйқының, таза ауада демалу, баланың психикасына шамадан тыс салмақ түсірмеу керек. Мысалы: ересектер

71

көретін телебағдарламалар көсетпеу, ұйқы алдында гиперэмоционалды ертегілер айтпау қажет.

Тұтықпасы бар балалармен жүргізелетін негізгі түзету жұмыстары: Ең алдымен дұрыс сөйлеуге тәрбиелеуде сөйлеу кезінде дұрыс тыныс

алуды қалыптастыру маңызды. * Стрельникованың пародаксальдік тыныс алу жаттығуы арқылы жасаймыз. * Мұрыннан шулы тыныс алып, жылдам дем алу * Насос * Серіппе * Өз-өзіңді құшақта * Мысық * «Цигун» қытай жаттығуын да жасаймыз. * Босаңсып, терең тыныс алып, ұзақ тыныс шығару. Ішпен тыныс алып, дем шығарғанда, ішті ішке тарту. *Терең тыныс алып, тілді жоғары көтеріп, дем шығарғанда тілді төмен түсіру керек. -Логопедтің тұтықпасы бар баламен жұмысы барысында жеңілдетілген деп саналатын сөйлеу формаларын (сыбыр, нақты сұраққа жауап, өлең оқу, ән айту, жеке дыбыстармен буындарды оқу) қолданады. -Баланың қорғанғыштық режимін қалыптастыру үшін, бала айна алдында өзін еркін ұстау, психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.

Артикуляцияға және мимикалық бұлщық еттерге арналған релаксациялық жаттығулар жасау:

А) басты сәл ғана артқа шалқайтып, 10 секунд ұстаймыз. Ә) 15 секунд қолымызды жоғары көтереміз. Б) 5 секундқа қабақты түйеміз. В) 5секундқа тістенеміз. Г) 5 секундқа тісімізді көтереміз. Артикуляциялық жаттығулармен бұлшық етті дамыту жұмыстарын бала

қимылмен орындайды. * Тісімізді көрсете отырып, барынша күлеміз. Зейінді беттегі қысымға

аударамыз. * Түтікше – езу тарту. * Ерінді алға шығарып 10 сек үрлеу. *Тілді алдыңғы тіске тірейміз, назарымызды тілдегі қысымға аударамыз. * Ауызды ауаға толтырып, көзімізді барынша ашу.

Дауысты дыбыстармен жұмыс * Дем шығару арқылы дауысты дыбыстармен жұмыс жасау керек * ааа-ооо, ммм-аааа, нннн-оооо - Санау жаттығуларын жасау кезінде * бір тыныста терең тыныс алып тура және кері санау керек. «Ән айту» да дұрыс тыныс алуды қалыптастырады. Қосылып сөйлеу, қайталау, сұрақ-жауап түрі, мазмұндау,

артикуляциялық жаттығулар, үндемеу тәртібі Буын, сөз, жай фраза, жайылма фраза

72

Дыбыстар жаттығуы, сыбырлап сөйлеу, ақырын сөйлеу, қатты дауыстап сөйлеу, қалыпты дауыспен сөйлеу

Нәтижеге келетін болсақ жыл сайын үш баладан тұтықпа диагнозы бар балалардан шағын топ жасап, солармен жыл бойы арнайы түзету бағдарламасымен жұмыс жасаймыз.Негізінен қазақ тілді түзетудің комплексті жұмыстарының бағдарламасы, нұсқаулығы болмағандықтан тек орыс тілді басылымдарды негізге аламын. Тұтықпадан толық айықпаса да сөйлеу кезінде тыныс алуды, артикуляцияны меңгеріп сөйлей алудың өзі үлкен жетістік болып табылады.Қорыта келгенде, тұтықпамен түзету жұмысының нәтижелілігі ата-аналар мен логопедтің, дәрігер маманның тығыз қарым – қатынаста болып жұмыс жасауына тікелей байланысты.

Пайдаланылған әдебиеттер 1.Ерғалиева Г.Б. «Тұтықпаны түзету жолдары» Тілашар-Логопед журналы 2017-208жж. 2.Г.А. Волкова «Устранения заикания школьников»

АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЛЕЛЕРІНІҢ БІРІ ЗИЯТЫ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗУЫНДА

КЕЗДЕСЕТІН ҚАТЕЛЕРДІ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚАРАСТЫРУ ЖӘНЕ АНЫҚТАУ

Кадирова Камшат Турмахановна Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,

№5 Құрманғазы ауданының психологиялық педагогикалық түзету кабинетінің ӀI-санатты дефектологы

Зерттеу тілінің бұзылуын және жазудың бұзылуын ғалым Куссмауль

1877 жылы атап көрсеткен. Дисграфия, жазу қабілетінің бұзылуы. Грамматикалық ережелерді білгенімен сөздерді, сөйлемді қате жазады. Көбінесе ауызекі бұзылғанда (алалия, афазия, дизартрия, дислалия, нашар есту) пайда болады, олигофренияда байқалады немесе өзінен-өзі де болуы мүмкін.

XIX ғасырдың 30 жылдарынан бастап дефектологтар зерттей келе дисграфияның бірнеше түрлерін атап көрсетті. Орыс тілінде Садовникова мен Ефименконың, Воронкованың қате түрлері туралы еңбектері дисграфияны жан-жақты талдаған. Ал қазақ тілінде кездесетін қателерді жан-жақты қарастыру, талдау бағытында еңбектер жоқтың қасы. Кейінгі онжылдықта қазақ тілінде Аязбаеваның, Өмірбекованың зияты бұзылған көмекші мектеп оқушыларының жазуындағы қателер туралы жалпылама жазылған. Сондықтан менің жұмысым /2-3-4-5-6-7/ зияты бұзылған балалардың жазуында кездесетін орфографикалық қате түрлерін практикалық тұрғыда талдауға арналған.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Зияты бұзылған балалардың жазуында кездесетін орфаграфикалық қате түрлерін анықтауға бағытталған.

Міндеті: 1.Берілген тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жүргізу.

73

2.Көмекші мектеп оқушыларының жазуында кездесетін қателердің таралу деңгейін анықтау. 3.Жазу қателерінің жазу түрлеріне байланысты өзгеруін анықтау.

Левина, Садовникова, Спирова, Ястребова, Корнев т.б. авторлардың ғылыми жұмыстарында дисграфияның себептерін, сипатын көрсете отырып, қателерді бірнеше топқа бөлді. 1.Дыбыстың құрамындағы қателер; 2.Сөздің лексико-грамматикалық жағындағы қателер; 3.Графикалық қателер; 4.Орфографиялық қателер яғни,емлелік және тыныс белгілеріндегі қателер. 1) Дыбыстарды дұрыс естіп айыра алмауынан ұқсас дыбыстарды қате жазу. Оған негізінен ысқырық дыбыстар, айтылуы ұқсас дыбыстар. 2) Лексико грамматикалық қате түріне сөздерді алмастыру, сөзді тастап кету, сөз қосу, сөздердің орнын ауыстырып жазу жатады. 3) Графикалық қателерге оптикалық ұқсастығы бар дыбыстарды кинестетикалық ұқсастығы бар дыбыстарды алмастыру, бала әріптің бірінші элементін жазып әрі қарай қолын ойнап икемдей алмай келесі әріптің емлесін не тіпті басқа әріпті жазуын айтамыз.

Ең алдымен зияты зақымдалған балалар жазбаша жұмыстарды қатесіз жазуды қаншалықты меңгергендігін анықтау үшін мен үш кезеңнен тұратын педагогикалық тәжірибені өткіздім. 1. Мәтінді көшіру. 2. Диктант. 3. Есте сақтап көшіру.

Зерттеу жұмысының нәтижесінде арнайы педагог маманына келетін балалар қамтылды. Балаларда жиі кездесетін қателер дыбыстың құрамындағы қателер. Оның ішінде айтылу бойынша дыбыстың алмасуы. Мыс: жапырақ– жабырақ, қобыз – қобыс, апай – абай т.с.с. Бұндай қателердің көп мөлшерде кездесуі көмекші мектептің оқушыларының қатаң, ұяң дауыссыз дыбыстарды және жуан, жіңішке дауыстыларды ажырату ережелерін дұрыс меңгере алмауынан.

Лексикалық, грамматикалық қателердің ішіндегі жиі кездескен қателер сөзді бөлмей бірге қосып жазу. Мысалы: онбес, ақжауын задамензере т.с.с. Бұндай қателер балалардың жұрнақ, жалғау қосымшалардың жазу емлесін толық игермеу салдарынан деп есептеймін. 4. Емлелік және тыныс белгілеріндегі қателерге тоқталсақ зада-зада, Ақан, Абай әндерін ақан-абай әндерін т.б. балалардың жалқы есімдерді жазу ережесін дұрыс игермегендігінен және қос сөздерді ажырата алмағандықтан осындай қателер жиі кездеседі.

Графикалық қателер ішіндегі кинестетикалық ұқсастығы бойынша қателер де жиі кездеседі.Сонымен диктант жазуда сөздің дыбыстық құрамындағы қателер ішіндегі айтылуы бойынша дыбыстардың алмасуы жиі кездеседі.

Көшіріп жазудағы қателер негізінен дыбыстық құрамындағы қателер т.б. оның ішінде дауыссыз әріптің түсіп қалуы /жаппас-жапас, ұстау-ұсау/ қатар келген дауыссыздардың бірін тастап кетуі мыс: аспабы-асбабы,

74

қобызшы-қобышшы. Сонымен қатар, емле және тыныс белгілеріндегі қателер, кісі аттарын кіші әріппен жазу, сөйлемнің шегін білмеу яғни нүкте қоймау, үтірді тастап кету сияқты қателер жиі кездеседі.

Бұлардың бәрінің көрсеткіші диаграммаларда оның көрсетілген қазақ тілінде жиі кездесетін жазу қателеріне практикалық тұрғыда жан-жақты талдау жасауға ұмтылдым.

Айта кетелік, арнайы педагог ретінде 32 бала, олигофринолог ретінде 8 бала берілген болатын, олардың барлығына математикадан 1 дәптер, жазудан 1 дәптер бастап отырдым. барлығына өз жасына сай алғырлығына қарай тапсырмалар беріп отырдым.

Пайдаланған әдебиеттер: 1.Назарова «Арнайы педагогика». 2.Е.Н. Краузе «Логопедия» .

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ Аталыкова Райхан

Атырау қаласы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің педогог-психологы

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқыту мен толық қамтылуын, олардың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген. Қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр. Оларды оқыту кеңейіп, түзетіп қолдау технологиялары жетілдірілуде.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңы қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру ,әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған.

Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін қандай арнайы жағдайлар қажет:

Ең алдымен, даму мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыс жасай алатын мамандар даярлау.

Екіншіден архитектуралық кедергілерді жою. Білім мекемелерін арнайы тұтқалармен, парталармен,

үстелдермен және басқа да компенсаторлық құралдармен жабдықтауды, көтергіш қондырғылар, пандустар, санитарлық бөлмелердің арнайы қондырғыларын орнататын іс-шаралар кешені қажет.

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беруді

75

жетілдіру мақсатында төмендегідей нормативтік құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады:

Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңдары және Ережелер.

Адам құндылығы бүгінгі зайырлы қоғамда басты назарда болумен қатар, төмендегі міндеттер үнемі назарда болу қажет:

- Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. - Барлық адам бір-біріне қажет. - Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. - Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет

етеді. - Әрбір оқушы үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай

орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. - Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясында кеңейеді. ХХ ғасырдың басында неміс педагог-дефектологы П.Шуманның «Бала

кемістігнің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» деген. Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды арнайы оқытуға деген сұраныс, әсіресе олардың танымдық процестерін психологиялық жағынан зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс ерекшелігін ескере отыра психолог мамандар жан-жақты біліммен қаруланып, білімдерін жетілдіруде. Психология ғылым саласын терең меңгерумен қатар мамандар төрт негізгі аспек бойынша жұмыс жүргізеді. Психологиялық диагоностикада таным процестерін зерттеу басты міндет.

Психологиялық диагностикада таным процестерін зерттеуде қарым-қатынас диагностикасы, мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу диагностикасы жүргізіледі.

Психологиялық дамыту және түзету жұмысында таным процестерін дамыту және түзету, мотивациялық және эмоциялық аясын дамыту және түзету, қарым-қатынас аясын түзету және дамыту бағытындағы жұмыстар жүгізіледі.

Психологиялық кеңес беру бағытында баланың дамуындағы ата-ананың көмегі, дау-жанжал жағдайындағы мінез-құлқы және оны басу әдісі, баламен жағымды қарым-қатынасқа жету жолы туралы ата-аналарға кеңес, жадынамалар беріледі.

Психологиялық ағарту бағытында мұндай балаларды қалай тәрбиелеу, қалай қарым-қатынас жасау керектігі туралы әңгіме, дәріс, жадынама, тренинг, тақырыптық баяндамалар арқылы ата-аналарға психологиялық білім беріледі.

Әр бағытқа жеке-жеке тоқталар болсақ, педагог-психгологтің жинақ қоржынында баланы псхологиялық-диогностикалық тексеруге арналған құралдар, логикалық ойлауға, зейін және есте сақтауға арналған әр түрлі әдістемелік құрал-жұмыстары сатылы жүргізіледі.

76

Зерттеу барысында психолог зерттеу хаттамасын жүргізіп, тіркеп отырады:

- Берілген тапсырманы түсінуі және оны орындау деңгейі; - Балаға көрсетілген көмек пен оның білімділік дәрежесі; - Өз бетімен қателіктерін түзете алуы; - Үлкендермен қарым-қатынас ерекшелігі; - Тапсырманы орындауға қарым-қатынасы; - Тапсырманы орындаудағы белсенділігі. Мысалы, мүмкіндігі шектеулі балалардың зейін қасиеттерін зеттеу үшін

зейіннің көлемін, ауысуын, шоғырлануын, тұрақтылығын зерттеу әдістемелерін қолдануға болады. Бұған сынып жеткешісінің немесе пән мұғалімдерінің көмегін пайдалануға болады.

Есте сақтауын зерттеу үшін «Ашудың суретін салу» жаттығуы, «Жағымсыз портреттер көрмесі» жаттығуы, «Сырласу хаты» жаттығуы, «Құмды мүсін әлемі» жаттығуы т.б. әдістемелерді, ойлау процесін зерттеу үшін «Артығын тап»,«Қандай фигура жетіспейді» т.б. әдістемелерді қолдануға болады.

Психологиялық түзету–бұл баланың жеке тұлғалық психикалық дамуында, оқу барысында білігі мен дағдысында қандай да бір ауытқушылықтар, психологиялық қиыншылықтарды түзетіп, дамытуға арналған жұмыс жүйесі болып табылады. Әр психолог үйден оқитын балаға барғанда біріншіден баланың көңіл-күйіне қарап, динамикалық бақылау күнделігін жүргізіп отырады. Баланы мектепшілік іс-шараға қатыстырады немесе көрермен ретінде көруге шақырады. Екіншіден, баланың үйіне барғанда ата-анасымен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады.

Мектеп психологінің мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысының негізгі педагогикалық консилиумда көрінеді. Жалпы және арнаулы (түзету) білім беру мекемелерінің психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консилиум жағдайлары негізінде мектепте мектеп директорының бұйрығымен психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консилиум құрылады. Консилиум құрамына мектеп директоры, оқу ісі мегерушісі, психолог, әлеуметтік педагог, медбике, сынып жетекшісі, тәрбиешісі, мұғалімі қатысады. Консилиумға әр маман өз зерттеулері мен ұсыныстарын жазып, даярлап келеді.

1. Педагогикалық қорытынды (сынып жетекшісі); 2. Психологиялық қорытынды (педагог-психолог); 3. Медициналық қорытынды (медбике); 4. Әлеуметтік педагог қорытындысы; 5. Логопедиялық қорытындысы (логопед). Бұған қосымша балалардың жұмыс дәптерлері, бала дамуын бақылау

күнделігі, сабақ үлгерімін тіркеу журналдары әкелінеді. Қорыта келгенде, ең бастысы кемтар балаларға деген қоғамның

көзқарасын, пікірін өзгерту керек, олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру қажет және мүмкіндігі шектеулі баламен бір сыныпта отырған дені сау бала әлдеқайда мейірімді, қайырымды болып өсетінін халықаралық тәжірибе

77

көрсетіп отыр.Енді сол тәжірбиенің біздің елімізде де қанат жайып, өркендеуіне педагогтар қауымы зор үлес қосуы қажет деп ойлаймын.

КӘСІПТІК ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ИНКЛЮЗИВТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ

АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЫ Кабышева Мирамгуль Бакитжановна

Атырау аграрлы-техникалық колледжінің оқытушы, КЕАҚ «Кәсіпқор» холдингінің штаттан тыс тренері

Бұл мақалада еліміздегі инклюзивті білім берудің, оның ішінде кәсіптік

білім беру жағдайындағы негізгі аспектілері туралы баяндалады. Түйін сөздер: инклюзия, кәсіп, білім беру, интеграция. Қамқорлық пен мейірімге зәру жандар қай заманда да, қай қоғамда

болмасын бар және бола да береді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік салаға аса зор мән беретіні де сондықтан. Әсіресе барлық әлеуметтік топтардың жайлы да сапалы өмір сүруіне қажетті жағдайларды жасау мемлекеттік саясаттың үнемі басты назарында болып келеді. Мемлекеттік білім саясатында сапалы білімнің қолжетімдігі басым бағыттардың бірі болып табылады. Инклюзивті білім беру осы бағыттағы шараларды жүзеге асырады.

Инклюзивтік оқыту (фр.inclusif–қамту)–жалпыға ортақ оқу бағдарламасымен білім алушылардың неғұрлым кең ауқымдағы санатын қамту. Бұл термин ерекше қажеттіліктері бар студенттерді жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін сипаттау үшін қолданылып жүр. Барлық дамыған елдерде инклюзивті білім беру ұғымы термин түрінде ғана таныс емес, сонымен қатар заңнамалық түрде бекітілген. Инклюзивті білім беру үдерісін бүгінде ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ сияқты беделді халықаралық ұйымдар қолдап отыр.

Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 1990 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді.

92 үкіметтер мен 25 халықаралық ұйымдарды ұсынатын үш жүзден астам қатысушылар Испания, Саламанкада 1994 жылдың 7-10 маусым аралығында барлығы үшін білім беру мақсаттарына қол жеткізу және инклюзивті білім беруден тұратын тәсілді ынталандыру үшін талап етілетін саясаттың негізгі бағыттары саласында жүзеге асыру қажет өзгерістерді қарау мақсатымен жиналып: «Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру саласындағы принциптер, саясат және практикалық қызмет туралы» Саламандық декларацияға қол қойылды.

Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.

78

Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін және 2015–2020 жылдарға арналған инклюзивті білім беру жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені бекітілді.

Инклюзивті білім беруді дамыту индикаторлары Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы бағдарламасына енгізілді (ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығы):

«Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларға жағдай жасау мақсатында мамандықтар бойынша оқу жоспары әзірленетін болады. Білім беру қажеттіліктері ерекше білім алушылар үшін мамандықтар тізбесі әзірленетін болады. Колледждерде білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында инклюзивтік білім беру бағдарламалары сынақтан өткізілетін болады.

2020 жылға қарай ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттер үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасаған ТжКБ ұйымдарының үлесі 40 %-ды құрайды» деп көрсетілген.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінде білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты, еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр.

«Біздің түпкілікті мақсатымыз – интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру»

Жоғарыда аталған шаралардың қажеттілігі елімізде тұратын 651,9 мың мүгедектің құқықтарын қамтамасыз ету мен өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған. Олардың 62,8 %-ы еңбекке қабілетті жаста, 25%-ы зейнеткерлік жаста, ал 12,1%-ы 18 жасқа толмаған.

Инклюзивтік білім беру идеясының туындауы студенттерды бір-бірінен ажырататын кедергілерді жою мәселесіне бағытталады.

Шын мәнінде инклюзивтік білім беру ісі студенттердің дамуына қатысты проблемаларды барынша игеруге және олардың психофизикалық денсаулығын сақтауға бағытталған оқытып-үйрету процесін ұйымдастыру мәселесімен байланысты қарастырылады.

Негізге алынатын мемлекеттік заң шығару құжаттарында мұндай студенттердің әр түрлі категорияларын белгілі бір жағдайлар жасау арқылы жалпы білім беру процестеріне қосуға болатындығы туралы нақты жазылған. Бұл жағдайлар, атап айтқанда, мыналар болып табылады:

• Даму жағдайындағы мүмкіндіктері шектеулі студенттерді интерацияланған жолмен оқыту (жалпы білім беру ортасына қосу) процесін нормативтік құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ететін әзірлемелер жасау (интерациялық білім беру ісін ұйымдастырудың ережелері);

• Мүгедек студенттер үшін «Кедергісіз зоналар жасау» (көтергіш қондырғылар, арнаулы парта, үстел);

• Мүмкіндігі шектеулі студенттердің психологиялық педагогикалық тұрғыдан сүйемелдеуін қамтамасыз ету. Мүмкіндігі шектеулі студенттер мынадай түрге бөлінеді:

79

• Психикалық даму деңгейі тежелген; • Жеңіл деңгейде ақыл-ойы тежелген; • Орташа деңгейде ақыл-ойы тежелген; • Күрделі және қимыл қозғалысы бұзылған студенттер мен сөйлеу

бұзылыстары бар студенттер. Мүмкіндігі шектеулі студенттердің дамуы ауруының сипатына,

басталған уақыты мен түзеу жұмысының уақытылы басталуына тәуелді болады.

Кейбір колледждерде қазірдің өзінде сау студенттермен бірге мүмкіндігі шектеулі студенттер бірге оқитын оқу топтары пайда бола бастады. Жалпы, инклюзивті білім беру біз үшін жаңа термин. АҚШ пен бірқатар еуропалық мемлекеттерде ондай тәжірибе баяғыдан бар.

Инклюзивті білім берудің мәні мынады: мүмкіндігі шектеулі студенттер өздігінің сау құрдастарымен бірге оқиды. Бұл мүгедек студенттің өзін қоғамнан тыс жапандағы аралда жалғыз өмір сүріп жатқан секілді сезімнен арылтып, мемлекеттің азаматы ретінде қалыптасуына ықпал жасайды. Адам қандай болмасын қоғамнан тыс қалмауы керек.

Дені сау студенттердің ата-анасы студент баласының мүгедек студенттермен оқуына іштей қарсылықтарын жасыра алмайтынын, олар мүгедек студенттердің қимылы,жүріс-тұрысы ұнамайтынын білдіреді. Осындай-ақ, проблема алдымен сау студенттерде емес, олардың ата-аналарында екендігі анық. Мұндай көзқарасты түбірімен өзгерту керек. Ешкім де мүгедектікті сұрап алмайды. Тағдырдың ауыртпалығын өмір бойы арқалап келе жатқан студент пен оның ата-анасына сау адамдар тарапынан оң көзқарас, түсіністік, сәл де болса, олардың ауыртпалықтарын жеңілдетуге деген адами жылылық орнатуымыз керек.

Инклюзивтік білім берудің тиімділіктері: 1.Студент бойында өз-өзіне деген сенімділік жоғарылайды; 2.Студент басқа студенттермен бірдей деңгейде білім алады; 3.Өзі қатарлас студенттермен қарым-қатынас орнатады; 4.Дені сау студент мүгедек студенттердің жан дүниесін ұғына алады; 5.Қоғам дамуына байланысты қалыптасады.

Біріктіріп оқыту тәжірибесін іске асыру үшін инклюзивті білім беру – мемлекеттің саясаты болуы керекті жүйелі шараларды ұйымдастыруы қажет. Ол жанұяны, жалпы мектептерді қолдауға, мүмкіндіктері шектеулі студенттердің интеграциялау деңгейін жоғарлатуы керек етеді. Бұл жерде мүмкіндіктері шектеулі студенттердің және жасөспірімдердің білім беру және әлеуметтік қажеттілігін бағалау оқу мекемелерінде бара бар жағдайларын қамтамасыз ету, жанұяны қолдауды дамыту қажет.

Мүмкіндігі шектеулі студенттермен психо-коррекциялық жұмыс барысында олардың топта, жанұяда нақты іс-әрекет моделі қалыптасады, қорқыныш басылып, позитивтік ойлауы басым болады. Ата –ана мен педагог міндетті түрде студенттің жетістіктерін бір-біріне хабарлап отыру керек.

Инклюзивті білім беру деген не? Және бүгінгі таңда даму мүмкіндігі шектеулі студенттерді инклюзивтік оқыту неге өзекті мәселеге айналып отыр деген сұраққа тоқталсақ. Инклюзивті білім беру – барлық студенттерді

80

жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, студенттерді айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, студенттің түзету-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның студенттерді жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Инклюзивті оқыту – барлық студенттердің мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар студенттердің білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Бұл оқыту түрі студенттердің оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып оқу мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады және мүгедек студенттің адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту негізінде студенттер құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар студенттерға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.

Нағыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін: жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындатады.

Кәсіптік және техникалық білім беруде сау студенттер мен мүмкіндігі шектеулі студенттердің бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру кезінде кері салдарлар туындау мүмкіндігін азайту үшін инклюзивті білім беруге қажетті арнаулы жағдайлар тізбесін нақты белгілеп алу шарт. |Бұл тізбе оқу процесін ұйымдастыруды, оқу мазмұны мен әдістемесін, студенттердің үлгерімін бағалауды т.б. қамтуы тиіс.

Оқу процесін ұйымдастыру ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Мүмкіндігі шектеулі студенттерге интеграцияланған (инклюзивті) білім беру ісін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда» мүмкіндігі шектеулі студенттерді инклюзивті оқытуға қойылатын талаптар белгіленген. Олардың орындалуына оқу орны басшысы жауапты. Бұл талаптар бойынша мұндай студенттерді қабылдау және білім беру процесіне ендіруге байланысты мынандай дайындық жұмыстары жүргізілуі тиіс: -Оқу орнындағы физикалық тұрғыдан қол жетімділігін қамтамасыз ету (лифтілер, пандустар, тірек-қозғалыс аппаратының қызметінде ақаулығы бар студенттер үшін); -Білім беру және коррекциялық-дамыту процестерін арнаулы техникалық жарақтармен қамтамасыз ету (есту, көру, сөйлеу мүшелерінің ақаулықтары бар студенттер үшін); -Коррекциялық педагогикалық қолдау көрсетілген педагог қызметкерлерді (педагог-дефектолог, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, мұғалім логопед) іріктеп, жұмысқа қабылдау және білім беру процесіне ендірілген студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау жасау; -Педагогтерге мүмкіндігі шектеулі және сау студенттерге, студенттер ата-аналарына, сондай-ақ мектептің техникалық қызметкерлеріне кеңес беру.

Кәсіптік және техникалық білім беру орнын инклюзивтік разрядқа ауыстыру шарасы оқу-тәрбие процестерін ұйымдастыру ісіне бірқатар өзгерістер де алып келеді: күн тәртібі, сабақ кестесі, оқу ұзақтығы мен

81

құрылымы өзгереді, жеке коррекциялық оқулар ендіріледі, аяушылық, қорғаушылық бағытындағы педагогикалық режимдерді сақтауға басымдылық береді, педагогикалық қызметті жоспарлау, оның тиімділігі мен сапасын бақылау сипаты өзгереді, психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумдар құрылып, өзге де психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағытында қызмет орындары ұйымдастырылды, оқу-тәрбие процесінің бағыт-бағдары мен мазмұн - мәні өзгереді (студенттер мен тілектестік сипатта қарым-қатынас жасау, оқу-тәрбие процесінің коррекциялық бағытын дамыту және т.б.), білім беру ұйымының пәндік дамыту ортасындағы талаптар күшейеді, өйткені ол мүмкіндігі шектеулі студенттерды жан-жақты дамыту мен ақаулықтарды коррекциялау процесінде басты рөл атқарады.

Оқу орнында мүмкіндігі шектеулі студенттерді оқып-үйрету процесін психологиялық-педагогикалық қолдау үшін психологка, логопедке, арнаулы педагогке, әлеуметтік педагогке арналған кабинеттерді арнайы жабдықтау қажет. Сондай-ақ кітапхана қорын арнаулы оқытулармен оқу-әдістемелік кешендермен әдістемелік әдебиеттермен толықтыру керек.

Интеграциялық білім беру альтернативтік оқыту түрлерінің бірі, оның базалық ұстанымдары: түзету жұмыстарында неғұрлым ерте жастан бастау, әрбір студентке тындырымды түзету көмегін беру, интеграциялық оқытуға студенттерді тиянақты іріктеу, әлеуметтік ортада жағымды қарым-қатынастың жүйесі болуы және т.б. болып табылады. Қалыпты дамудағы құрбы-құрдастарына арналған мекемелерде ерекше студенттер интеграциясына әр студенттің жеке даму деңгейі ескеріліп, «пайдасы мен мүмкіндігі» және ол үшін интеграцияның (құрамдастырылған, ішінара, уақытша және толық) үлгісіне нақты іріктеу жасалынуы тиіс.

Инклюзия білім жүйесінің дамуындағы заманауи саланың жетекші тенденциясы болып табылғанмен, өздігінен арнаулы оқыту жүйесін толығымен алмастыра алмайды. Бұл тек басқалармен бірігіп болашақта қолданысқа ие болатын, бір текті емес – дәстүрлі емес инновациялық түрлерінің бірі. Бірлескен оқыту арнаулы білім беруге қарама-қарсы қойылмайды, оның түрлерінің бірі болып табылады.

Интеграция мен инклюзия жалпы арнаулы – екі білім беру жүйесінің шекараларының арасында өткізгіш жасай отырып жақындастырады. Мүгедек студенттің кез келген білім беру мекемесінде өзінің білім алу құқығын жүзеге асыруына, сонымен бірге өзіне қажетті мамандандырылған көмек алуына болады. Мүмкіндігі шектеулі студенттердің бәрі қалыпты дамып келе жатқан құрбы-құрдастарының арасында өздерінің әлеуметтік тәжірибесін байытуды және оқу-сабақ барысында өзара әрекет етуді қажет етеді, дегенмен барлық жағдайда да тиісті мамандандырылған психологиялық-педагогикалық көмекті сақтай отырып, әрбір студенттің дамуына түсінікті де пайдалы интеграциялық оқыту моделін таңдап алу қажет.

Бүгінгі күні студенттер құрамында әртүрлі психикалық дамуы бұзылған студенттер саны көбейгені байқалды. Жалпыға бірдей білім беру мекемелеріне арнайы білім алуға мұқтаждығы бар кемтар студенттер көптеп келуде. Бүгінгі күні кез келген оқу тобы немесе колледж интегративтік болып

82

қалуы әбден мүмкін, себебі олардың қатарында дәл осындай білім алуға мұқтаждығы бар студенттер бар екені аян. Қалыпты дамудағы дені сау студенттермен бірге денсаулығында мүмкіндіктері шектеулі студенттер бірге оқытуды ұйымдастырудың бұл түрі, яғни интеграцияның, білім алумен әлеуметтік ерекше мұқтаждығы бар адамды дұрыс мәнінде қабылдап, оларға мүмкіндіктері шектеулі студенттермен дұрыс қарым-қатынастарын қалыптастырып, жаңадан қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғамда адамдар арасындағы өзгешеліктерге түсінушілікпен қарайтын мәдени ережені орнатуды мақсатты түрде дайындауға мүмкіндік беретін болғандықтан, қалыпты дамудағы студенттер үшін де оның мәні маңызды болмақ. Қалыпты дамудағы студенттер тарапынан кемтар студенттің басқаша көрінгені, ойлағаны, оны жатырқауы (мазақ ету, жиіркеніштілік сезімін білдіру және т.б.) теріс арақатынас танытуына апарып соқтыруы мүмкін.

Осы мәселенің өзектілігі қалыпты дамудағы студенттер мен дамуында бұзылысы бар студенттердің бірлескен тәлім-тәрбиесін дұрыс жолға қойса жақсы нәтиже береді.

Сондықтан студенттермен интеграциялық тәлім-тәрбиесінің табысты жүзеге асуы үшін, олардың әртүрлі қызмет жасау мүмкіндіктері қалыптасып, ынтымақтастығы және өзара түсінушілігі негізінде бір-бірімен қарым-қатынастарын құра білуі, басқа адамдардың өзгешеліктеріне қарамай, оларды сол қалпында қабылдауға дайындау қажет.

Мүмкіндігі шектеулі студенттерді оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын білім беру ұйымының педагогтар ұжымы инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және іске асыру мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарында оқуға, арнайы педагогика мен психологияның негізін білуге, мүмкіншіліктері шектеулі студенттердің психологиялық және даму ерекшеліктері туралы түсінуге, білуге, білім беру үрдісін ұйымдастарудың әдістемесі мен технологиясын білуге міндетті.

Инклюзивті оқытуды жүзеге асырып, нәтиже алып отырған республика көлеміндегі колледждерді атап айтуға болады.

Мысалы, ҚКМК «Алматы Мемлекеттік политехникалық колледжі» 2007 жылдан бастап есту қабілетінде ақауы бар студенттерді «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша «техник» және «техник-программист» мамандарын дайындауды жүзеге асырып келеді.

«Қарағанды құрылыс – техникалық колледжі» 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап есту, сөйлеу және қимыл-қозғалысы шектеулі студенттерді оқытуды қолға алып, оларды «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» және «Сәндік-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнер» мамандықтары бойынша оқытып келеді.

Олай болса, мүмкіндігі шектеулі студенттер қоғамда шет қалмауы тиіс деген ұғым әр адамның жүрегінде орын алуы керек. Олардың дені сау студенттермен бірдей дәрежеде білім алып, өмірге көзқарастарының жақсы деңгейде қалыптасуына негіз қалап, оларды қолдап жүрейік.

Пайдаланған әдебиеттер 1.Жарықбаев Қ. Жалпы психология, Алматы «Білім», 2000

83

2.Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы 3.Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010. 4.Республикалық педагогикалық –әдістемелік журнал .Әлеуметтік педагог №4 2010ж 5.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23 тамыз 2012 жылғы № 1080 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт» жаңа редакцияда (13.05.2016 № 292) 6.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III 7.Бұйрық №348 және ҚР БҒМ «01» мамыр 2015 жылғы № 348 «Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамасы» 8.«Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция» БҰҰ, Нью-Йорк және Женева, 2014 жыл 9.«Бала құқықтары туралы Конвенция» (Нью-Йорк, 20 қараша 1989 ж.), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы «Бала құқығы туралы Конвенцияны ратификациялау», 8 шілде 1994 жыл 10.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17 мамыр 2013 жыл № 499 «Тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидаларын, оның iшiнде балаларға арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» 11.Білім және Ғылым Министрінің 20 тамыз 2004 жылғы №696 бұйрығына № 1-қосымша «Арнайы білім беру орындарында (түзету) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу жоспарында интеллектуалдық бұзылуы жеңіл балаларға арналған арнайы мектептің үлгілік оқу жоспары 12.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 5 ақпан 2007 жылғы № 81 «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы іс-шаралар Жоспарын» бекіту туралы Қаулы 13.«Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру саласындағы принциптер, саясат және практикалық қызмет туралы» Саламандық декларация (ЮНЕСКО) маусым,1994 ж. 14.«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы

84

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРҒА ТҮЗЕТЕ –ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Кажимгалиева Клара Умирзаховна Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,

№5 Құрманғазы ауданының психологиялық–педагогикалық түзеу кабинетінің ӀӀ-санатты дефектолог мұғалімі

Психикалық дамуы тежелген балаларды түзетудің жолдары

Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік жанұя мәселелері, экологиялық-экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар әр түрлі жастағы балалардың көбеюіне әкеліп соқтырды. Олар аутизм, психикалық дамуының тежелуі, инфантилизм, жүйке жүйесінің бұзылуы, энурез сияқты түрлі аурулармен ауырады. Балалардың психикалық дамуының тежелуі туралы айтатын болсақ, оның білімді меңгеру дағдысы толықтай сақталып, деңгейлері өз құрдастарынан 2-4 жылға қалыс қалған баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері әртүрлі болуы мүмкін. Олар басынан өткерген аурулар, негізгі әлеуметтік жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы тағы да басқа себептерден болуы мүмкін. Психиатр, невропатологтың зерттеулері бойынша психикалық дамуының тежелуі балада тұмау, малярия, сары ауру, іштегі улану сияқты аурулардан кейін пайда болады. Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары интеллектуалды деңгейі көбеюіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Бұл балалар өзінің құрдастарынан кеш жүріп, кеш сөйлейді. Олардың салмағы аз, бойы кіші, көп сөйлемейтін, әлжуаз, тез шаршап, көп ауырады. Психикалық дамуының тежелуі бар балалардың оқу үлгерім ерекшеліктеріне келетін болсақ, бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ анық белгілері 2-3 сыныптарда белгілі болады. Оқу процесінде олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктері: -сабақ процесінде жай қосылады; -оқу материалын жай немесе тіптен қабылдамайды; -берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды; -оқу мен жазуы баяу; -оқыған мәтінді түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды; -есептер шығарған кезде үлкен қателер жібереді; -тез шаршағыш; -сыныптастарымен аз араласады; -өз ойын анық айта алмайды.

Мақсаты: ПДТ балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Мүмкіндігі шектеулі балалардың түрлі сырқаттардың салдарынан дамымаған немесе бұзылған функцияларының себептерін, белгілерін, құрылымын мезанизмдерін зерттей отырып, анықталған кемістіктерді түзету, жетілдіру, толтыру жолдарын, әдістерін, амалдарын іздену және орнын тәжірибеге енгізу.Сөздік қорын молайту,көрнекті сюжетті суреттер мен ертегілер арқылы әнгімелеуге дағдыландыру.Зейін тұрақтылығына арналған

85

жаттығулар арқылы зейінін шоғырландыру. Сенсорлы этолондары мен математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Өлшем бірліктері мен бағыт-бағдарлауға үйрету. Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту, ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Тәжірибелік бақылаудағы баланың жасы: Н.А. – 3 те. Аңғарымы: Балалар сал ауруы, спастикалық диплегия. Энцефалопатия,

церебралды органикалық психикалық дамудың тежелуі. Сөйлеу тілі дамымауының 3-деңгейі.

Баланы психологиялық-педагогикалық зерттеу

Баланың заттық ойын әрекетінің дамуы Тексеріс барысында

қолданылған көрнекілік құралдар

Мақсаты Баланың тапсырманы орындауы

Машина, екі сақиналы пирамида, қарындаштар, пошта жәшігі, тұрмыстық заттар (кесе, қасық, сүлгі) Жұмсақ ойыншықтар (Қоян, күшік) дәрігер Айболит

Заттық ойын әрекетінің дамуын, ережеге сай ойын ойнау дағдысын және заттық іс-әрекеттерін анықтау

Тұрмыстық заттарды құрал ретінде пайдалана алмайды. Ойын әрекеттерін қайталай алмайды. Заттарды еркін әрекет барысында қолымен шамалы ғана қозғалтады, қарындашты ұстай алмайды. Сюжеттік және рөлдік ойынға кіріге алмайды, күле береді.

Танымдық әрекетінің дамуы 1. Сенсорлық дамуы (көру арқылы қабылдауы мен зейіні)

Төртбұрыш, үшбұрыш, домалақ, куб геометриялық пішіндер. Қызыл, сары, көк түсті доптар, шарлар. Ата-анасының суреті.

Пішіндер мен түстерді ажыратуын анықтау. Көріп қабылдауымен зейінін анықтау. Баланың қоршаған адамдар туралы түсінігін анықтау.

Заттарды көлемі бойынша және түстерді ажырата алмайды. Өзінің атын атағанда қарамайды, ересек адам өзіне қарап сөйлегенде көз арқылы қатынасқа түспейді, өзінің дене мүшелерінен басы мен қолын көрсетеді. Суреттегі ата-анасын таниды.

Сөйлеу тілін түсінуін және қарым-қатынас дағдыларын дамыту Ойыншықтар (қуыршақ, машина, қоян) Сюжетті суреттер. (сүт, тоқаш, кәмпит)

Сөйлеу тілінің түсінуін анықтау Сюжетті суреттер арқылы көріп қабылдауын анықтау

Қуыршақты бер, ал, машина қайда? қоянды көрсет? деген сөздерге жауап бермейді. Сурет арқылы тамақ түрлерін көрсеткенде бала ым-ишарат арқылы (ням-ням) дыбыстар шығарды.

Баланы зерттеуден кейінгі тұжырымдама: Баланың зейіні щоғырланбаған бір заттан екінші затқа қарай алмасып

отырады. Қоршаған орта, өзі, жанұясы туралы түсінігі қалыптаспаған, сюжетті суреттерді көрсеткенде бұрылып немесе зейін қойып қарамайды, сенсорлы этолондары мен математикалық ұғымдары қалыптаспаған. Сөздік қоры аз, түсініксіз тез сөйлейді, байланыстырып сөйлей алмайды, отбасы

86

мүшелерін суреттер арқылы көрсеткенде бала бетіңе қарап күледі, есту, еліктеу әрекеттері қалыптасқан, ойыншықтарды көрсеткенде бала қолын созды, сылдырмақты сылдырлатқанда басын көтеріп қарады, қол қимылдары әлсіз, заттық әрекеттері толық қалыптаспаған, ойыншықтарды қолына дұрыс ұстай алмайды, қолын қысуды, көтеруді алға немесе артқа созуды білмейді. Бала өздігінен жүре алмайды, анасының көмегімен ғана еңбектеу арқылы қозғалады, отыра алмайды.

Баланың даму ерекшелігіне қарай жеке дамыту бағдарламасы құрылды:

1-кезең. Мақсаты Міндеті

Танымдық әрекетінің алғышарттарын дамыту Сенсорлық дамуы

Көріп қабылдауы мен зейінін дамыту.

Үлкендермен көз қатынасын орнатуға ынталандыру: көз бен ауызға қарауға үйрету. Қайда? деген сұраққа жауап беруді үйрету: өзін табу, өзіне таныс адамдарды суреттер арқылы табуға үйрету. Таныс заттар мен ойыншықтарын бейтаныс заттар арасынан ажыратуды үйрету! (Доп қайда?).

Естіп қабылдауы мен зейінін дамыту.

Дыбыс пен дауысқа реакциясын шақыру.

Есту зейінін дамыту. Үлкендердің дауысын, ойыншықтың сыңғырын және музыкалық аспап сылдырын тыңдауды үйрету.

Айналамен таныстыру. Баланың қоршаған орта туралы түсінігін қалыптастыру.

Өзінің атын атағанда қарауға үйрету. Баланың өзінің дене мүшелері туралы түсінігін қалыптастыру.

Қоршаған орта туралы түсінігін қалыптастыру.

Қоршаған орта заттарымен таныстыру: ойыншықтар, тұрмыстық заттар (киім, аяқ киім, ыдыс-аяқ, жиһаз және т.б.).

Сөйлеу тілі мен қарым-қатынас дағдыларын дамыту Сөйлеу тілін түсінуін дамыту Қарым-қатынас дағдылары мен белсенді сөйлеуін дамыту.

«Мысық, қоян қайда?» деген сұраққа көзінің алдындағы ойыншықты көзімен табу және көрсетуді үйрету. Тұрмыста жиі қолданылатын заттардың (киім, ыдыс-аяқ, жиһаз) атауларымен таныстыру. Тұрмыстық және ойын әрекетін білдіретін сөздердің (бер, ал, шеш, жап) мағынасын түсінуге үйрету. Тапсырмаларды түсініп орындауға үйрету: «табақты бер», «қуыршақты алып бер» Баланың айтқан дыбыстарын «қосылып» айту. Сөздерді айтуға талпындыру. -баланың жақындарын атау: мама, папа, апа; -өтініштер: бер, ал; -жануарлардың даусына еліктеу: мяу, бу, пи-пи, аф-аф; -музыкалық ойыншықтар дыбысына еліктеу; бам-бам, тың-тың;

Жалпы қол қимылдарын, ұсақ моторикасын дамыту Жалпы қол қимылдарын, ұсақ моторикасын дамыту. Күш салатын әрекеттерді дамыту.

«Сау бол» деп қол бұлғауға, қарындашты ұстауға, сызуға талпындыру. Заттар мен күш салатын әрекет жасауға үйрету; сырғыту, итеру, иқысу, басу, тарту, шымшып алу.

87

Заттарды сұқ саусағымен көрсетуге талпындыру; Кәмпиттің қабығын аршуды үйрету.

Жеке дамыту бағдарламасы бойынша жұмыстардың нәтижелері 1-кезең. Көріп, естіп қабылдауы мен зейінін дамыту. Үлкендермен көз

қатынасын орнатуда бала тура қарауды, сөйлегенде ауызға қарауды, суреттер бойынша өзіне таныс адамдарды атауды үйренді. Қайда деген сұрақтарға жауап беруді түсіне бастады. Мысалы: доп қайда, машина қайда т.б. Таныс заттар мен бейтаныс заттардың арасынан ойыншықтарын табуға дағдыланды. Дыбыс пен дауысқа мән беріп қарауды және тыңдауды, сылдырмақтың сыңғырын ажыратуды, музыкалық аспаптардың дыбыстарын зейін қойып тыңдауды үйрене бастады.

Баланың қоршаған орта туралы түсінігін қалыптастыру. Өз атын атағанда бұрылып қарауды, өз дене мүшелерінің аттарын атағанда түсініп, көрсетуді үйренді. Ойыншықтарын машина, доп, екі сақиналы пирамиданы өздігінен шашып жинауға дағдыланып келеді.

Сөйлеу тілін түсінуін, қарым-қатынас дағдыларын, белсенді сөйлеуін дамыту. Қайда сұрағына жауап беруді үйренді. Ойыншықтардың аттарын атағанда қарауды, өзіне таныс ойыншықтарды көргенде дыбыс шығарып көрсетуді үйренді. Мысалы (допты-дөп, мәшинені-бип-бип). Тұрмыста жиі қолданатын заттардан киіміңді ки, түймеңді түймеле, қасықты қой деген сұрақтарды түсінуді, қолдануды үйренді. Ойын әрекетін білдіретін сөздерден қорапты аш, ал, жап мағынасын түсініп тапсырманы орындауды үйренді.

Жалпы қол қимылдарын, күш салатын әркеттерді дамыту. Қолын бұлғап сау бол деп айтылған сөзді, қимылмен көрсетуді үйренді. Допты домалатуды, машинаны итеруді, жұмсақ заттарды қысуды, басуды, кәмпиттің қағазын ашуды өз бетінше орындауды үйренді.

Түзету педагогикасыныңнегізгі қағидалары Генетикалық (онтогенетикалық)

-Дамыта оқыту -Дамудағы ауытқулықтарды түзету мен диагностикалаудың бірігіп жүру -Біріншілік және екіншілік ауытқулықтардың ара қатынастығын ескеру -Түзету және орынбасу (компенсация) -Баланың психикалық үрдістері мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тұлға болып дамытуда негізгі әрекетін ескеру қағидасы

Түзетушілік-педагогикалық үрдіс білімнің келесі аймақтарымен жүзеге асырылады.

• Денсаулық» - мәдени гигиеналық дағдыларын тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен дене дамуы;

• «Әлеумет» - әлеуметтік тұлғалық даму, еңбекке тәрбиелеу (қол еңбегі, тұрмыстық еңбек);

88

• «Таным» - ойын ойнауға үйрету, сенсорлы тәрбиелеу, ойлау әрекетін қалыптастыру, құрастыру, қарапайым сандық елестерін қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру;

• «Қатынас»-сөйлеу тілін және қарым қатынас жасау мүмкіндіктерін қалыптастыру;

• «Шығармашылық»-сурет салу,мүсіндеу,жапсыру, ән айтуға тәрбиелеу. Интеллектісі төмен балаларға көмектің келесі түрлерін бөлуге

болады • Медико-клиникалық бағыт – ақыл-ой кемдіктің этиологиясын зерттеуге

негізделген. Интеллектінің бұзылуына әкелетін анатомо-физиологиялық жәнегенетикалық себептерге назар аударылады;

• Психологиялық бағыт – интеллектуалды дамуы бұзылған балалардың психикалық әрекетіне, олардың эмоционалды сферасының жағдайына назар аударады;

• Педагогикалық бағыт–осы категориядағы балаларды түзету, оқыту, тәрбиелеудің педагогикалық әдістерін, қағидаларын және формаларын қарастырумен айналысады;

• Психометрикалық бағыт–интеллектуалды ерекшеліктердің даму деңгейін сандық бағалау әдісімен негізделеді.

Түзету әрекеттерінің негізгі бағыттары: 1.Қоршаған ортаның (әлеуметтік, табиғи) көмегімен балаға түзетушілік ықпал көрсету. 2.Оқу үрдісінің ұйымдасуы және түзетушілік бағытталуы. 3.Мәдени және сауықтыру іс-шараларын іріктеу. 4.Отбасы тәрбиесінің психогигиенасы.

Бұл бағыттар келесі түрде ұсынылуы мүмкін: • сенсомоторлы даму жетістіктерін жетілдіру; • психикалық әрекеттік жеке жақтарын түзету; • ойлауды дамыту; • эмоционалды-тұлғалық сфера дамуындағы бұзылуларды түзету; • тілін дамыту және сөйлеу тілі техникасын меңгеру; • қоршаған әлем туралы елестетулерін кеңейту; • жеке білімдегі проблемаларды түзету. Психологиялық, педагогикалық түзеу кабинеті өз қызметтерін Бала

құқықтары туралы БҰҰ конвенциясына, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарына және басқа нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес жүзеге асырып келеді. Құрманғазы аудандық психологиялық педагогикалық түзеу кабинеті 2005 жылдан бастап жұмыс жасап келеді.

Кабинет мамандары әлеуметтік ортаның баладан мәдениетті, әдепті, сыпайы мінез құлықты, білімді болуға жету жолында кабинетке келетін барлық балалардың ақыл-ойының, сөйлеу тілінің дамуын, сөз қорының

89

молаюын және баланың жеке ерекшеліктерінің қалыптасуын қамтамасыз ету үшін жұмыстанып келеді. Күнделікті жұмыстарды түзету кезінде шеберлікпен ұғындырудың арқасында кабинеттің педагог-логопеді сөйлеу қабілеті дамымаған фонетикалық, фонематикалық кемістігі бар, жазу, оқу бұзылыстары бар, сөйлеуі бұзылған балалармен жұмыс жүргізіп бірқатар сөйлеу кемістігі бар балаларды түзеді. Тілінде кемістігі бар балалармен жасалатын логопедия кабинеттің жабдықтары жеткілікті. Балалардың проблемасын біртіндеп шешудің негізін қалыптастырып, олардың өзіне-өзі қызмет етіп өмір сүруіне жағдай туғызу үшін жұмыстанатын болады. Дамуында кемісітігі бар балалардың проблемасын біртіндеп шешудің негізін қалыптастырып, олардың өзіне-өзі қызмет етіп өмір сүруіне жағдай туғызу үшін жұмыстанатын болады.

Пайданылған әдебиеттер 1.«Арнайы педагогика» курсы бойынша оқу бағдарламасы 2.«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте жастан дамыту» Жалмұхамедова А.Қ., Халықова Б.С. 3.«Зерде дамуы орташа және терең бұзылған балалардың сөйлеу тілін дамыту және сауаттылықа үйрету» Баряева Л.Б.,Логинова Е.Т.,ЛопатинаЛ.В., Сүлейменова Р.А., Есенжолова Г.Ж. 4.«Ақыл-ой дамуы ауыр және терең бұзылған баларды психологиялық-педагогикалық тексеру және дамыту бағдарламасы» Сүлейменова Р.А., Ильмұратова Г.А. 5.Дефектология журналдары 6.«Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы» В.С.Мухина, Алматы Мектеп,1981ж.

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ

Сарсекенова Айслу Багитовна Балапанова Жаныл Темировна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ

Инклюзивті білім беру инновациялық жолдармен, қажетті жаңа

технологияларды қолдануда болашақта мүмкіндігі шектеулі балаларға білім алуда еш кедергі келтірмеуіміз керек. Инклюзивті білім берудің маңызды міндеттерінің бірі болып оқушылардың оқудағы қажеттіліктерін ескере отырып оқу процесін нәтижелі ұйымдастыру, білім алу жағдайларын жасау табылады.Ерекше назарды инклюзивті сыныптарда оқыту процесін қамтитын оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына аудару керек. Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы мектептерде оқытуды қолдайтын, қалыпты сыныптардың мұғалімдерінің ойынша балаларға, оқу бағдарламасын меңгеруде қойылатын талаптарды жеңілдету керек. Олар, балалардың

90

танымдық процестеріне сүйене отырып көмек беру қажеттілігін түсінгенімен, инклюзия жағдайында оқу процесін ұйымдастырумен байланысты арнайы білімдерді меңгермеген.Тәжірибеде оқу үлгермеушілігі мәселесі пайда болады, өйткені даму ауытқушылығы жағдайында оқу материалын меңгертуге мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер дұрыс пайдаланылмайды. Мұғалімдер оқу тапсырмаларының мазмұнын жеңілдету мен ата-аналардың көмегіне жүгінгенді дұрыс көреді. Нәтижелердің жоқтығы түсінбестікке әкеледі,мұғалімде мүмкіндігі шектеулі бала оқуға қабілетсіз деген пікір қалыптасады, осылай бала өзін жайсыз, шеттетілген және «қажетсіз» деп сезінеді.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына жасалатын жағдайлар, даму бұзылыстарын түзету мен әлеуметтік бейімдеу жолдары қарастырылған Стандарт бойынша инклюзивті мектептерде оқу процесі іске асырылады. Еске салу қажет, инклюзивті білім беруде жалпыға білім беру мектебінің баланың дамуына немесе дайындық деңгейіне қандай да болмасын талаптар қоюға құқығы жоқ. Мүмкіндігі шектеулі балалар жалпыға білім беру сыныбында басқалармен қатар, қосымша үздіксіз түзету көмегін алу арқылы оқып, тәрбиелену жағдайында инклюзивті білім беру процесі іске асырылады.

Инклюзивті сыныпта оқыту процесін бейімдеу мен модификациялау мәселесіне қатысты, Стандартта қолданылатын анықтамалар:

Жұмыс оқу жоспары – оқушылардың білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, типтік оқу жоспарының негізінде жалпыға білім беру мекемесі құрастыратын құжат.

Міндетті оқу бағдарламасы–типтік оқу инварианттық компонентіне кіретін, әрбір оқу пәні бойынша білімдер, іскерліктер және дағдылар мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.

Вариативтік оқу бағдарламасы – типтік оқу жоспарының вариативтік компонентіне кіретін, оқу курсы бойынша білімдер, іскерліктер, дағдылар мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.

Білім алушылардың дайындық деңгейі үш аспект бойынша бағаланады: жеке тұлғалық нәтижелер; жүйелі іс-әрекеттік нәтижелер; пәндік нәтижелер.

Жеке тұлғалық нәтижелер білім алушының тәрбиелік, әлеуметтену және рухани-адамгершілік, шығармашылық және физикалық даму деңгейлерін психологиялық мониторингі арқылы бақыланып, оның портфолиосына жинақталады.

Жүйелі іс-әрекеттік нәтижелер білім алушының пәндік олимпиадалар, таңдау курстары, шығармашылық оқу жобаларын орындау, сонымен қатар басқа да зерттеу іс-әрекеттері түрлерінен жетістіктерімен анықталады, оның портфолиосына жинақталады. Пәндік нәтижелер білім алушының орта білімнің негізгі мазмұнын меңгеруде көрініс табатын білімділік пен іс-әрекеттік дайындықтарымен анықталады.

Инклюзивті мектепте оқыту процесін бейімдеу мен модификациялау контекстінде арнайы білім беру тәжірибесін пайдалануға болады: нақтырақ,

91

жаңа түзету педагогикалық технологияларын (А.Т.Баймуратова, В.В.Воронкова, А.М.Змушко, Л.Р.Муминова, Л.И.Солнцева және т.б.) және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды интеграциялау мақсатымен құрастырылған жалпы білім беру кешендерін (Н.Н.Малофеев, Л.М.Шипицина, Т.В.Егорова, Е.В.Резникова, Н.В.Щевцова, М.Л.Баранова және т.б.).

Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру нормативтері Стандарт негізінде құрастырылған арнайы жалпыға білім беру мектептерінің Типтік оқу жоспарларында құрастырылған. Оқу жоспарлары мектептерде оқыту мен білімдерді меңгеру процестерін байланыстырады. Арнайы жалпыға білім беру мектептерінің Типтік оқу жоспарлары келесі міндеттерді шешеді: - Стандарт талаптарының деңгейінде мүмкіндігі шектеулі балалардың білімін дамыту, ал интеллект бұзылыстары бар оқушыларға, мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай білім беру; - білім алушылардың, тәрбиеленушілердің даму бұзылыстарын түзету немесе орнын толықтыру; - білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай дамуға жағдай жасау; -білім алушылардың, тәрбиеленушілердің физикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулығын сақтау және шынықтыру. -Арнайы жалпыға білім беру мектептерінің Типтік оқу жоспарларының құрылымына, мүмкіндігі шектеулі балалардың даму бұзылыстарын жою, алдын алу үшін, «түзету компоненті» енгізілген.

«Түзету компоненті»–арнайы жалпыға білім беру мектептерінің оқу жоспарларының ерекше бөлігі. Арнайы жалпыға білім беру мектептерінің Типтік оқу жоспарларына, білім алушылардың даму бұзылыстарының ерекшеліктеріне сай, түрлі «түзету компоненттері» қосылады.

Даму бұзылыстары бар оқушылардың психикалық іс-әрекетінің даму ерекшеліктері оқу жоспарларын модификациялауды, ерекше бағдарламаларды пайдалануды, оқу материалдарының көлемі мен оны өту жылдамдығын өзгертуді талап етеді.

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру ұйымына қосу мүмкіндіктері (түрлері) білім беру жүйесінің қолданыстағы нормативтік құжаттарымен бекітілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларының 18-тармағында белгіленген: «Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн. Инклюзивтік және арнайы сыныптардағы даму мүмкіндігі шектеулі барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы

92

педагогтер (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүзеге асырады. Жалпы сыныптарға қосылған даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беретін бағдарламалар бойынша білім алады» [1]. Білім бағдарламаларын бейімдеу жұмыс жалпыға білім беру мектебінің әкімшілігі мен педагогтарының инновациялық іс-әрекеті болып қарастырылады. Сонымен қатар, жаңашылдығы мен күрделігіне қарамастан, бұл жұмыс барлық білім алушылардың құқықтарын теңестіреді. Жалпыға білім беру мектептерінің мұғалімдері даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру мазмұнын білулері тиіс, сондықтан арнайы жалпыға білім беру мектептерінің «түзету компоненттеріне» жатқызылатын пәндерді қарастыру керек.

Типтік оқу жоспарын бейімдеу үшін мұғалім дайындық жұмысын жүргізу керек.

Мақсатқа жету үшін инклюзивті мектептің мұғалімі келесі міндеттерді шешуі керек: 1.Инклюзивті сыныптың барлық оқушылары білім беру бағдарламасын меңгеруі үшін жағдайлар жасау; - білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай замануи технологияларды, әдістерді, тәсілдерді, оқу жұмыстарын ұйымдастыру түрлерін қолдану; - мүмкіндігі шектеулі балаға қажетті оқу материалын бейімдеу; -түрлі топтағы мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті оқу және дидактикалық материалдарды бейімдеу немесе құрастыру. 2.Мектеп қоғамына, құрдастары тобында мүмкіндігі шектеулі баланың бейімделуіне жағдай жасау: - интерактивті тәсілдер көмегімен сабақтар, сыныптан тыс сабақтар мен іс-шаралар ұйымдастыру; -әр баланың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, өзін-өзі таныту қажеттілігін іске асыруға, мектептің, сыныптың өміріне қатыстыруға бағытталған жұмыс жүргізу; -балалардың оқу жетістіктерін, оқу және сыныптан тыс іс-әрекет нәтижелерін адекватты бағалау тәсілдерін қолдану.

Инклюзивті білімнің сегіз қағидаты -Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді емес; -әрбір адам ойлау мен сезінуге қабілетті; -әрбір адам қарым-қатынас жасауға және пікірін айтуға құқылы; -барлық адам бір – біріне қажет; -түбегейлі білім шынайы өзара қарым – қатынас негізінде жүзеге асады; -барлық адам бір – бірінің қолдауына, құрдастарының достығына мұқтаж; - әр алуандылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру. Оқуға жалпы қабілеттерін дамыту және дамуындағы жеке кемшіліктерді

жеңу.

93

Балалар мультидпәндік мамандар командасының: логопед, психолог, арнайы педагог көмегін қажет етеді.

Оқушыларды оқыту стратегиялары мен әдістерін таңдау оқушылардың танымдық қызметі мен жұмыс қабілеттілігі ерекшеліктерімен анықталады.

Сараланған тәсілдеме олардың білім мазмұнын меңгеру мүмкіндіктерінің біртекті еместігімен айқындалатын айрықша білім алу қажеттіліктерін есепке алуды қарастырады.

Оқу бағдарламаларын құруда сараланған тәсілдемені қолдану ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға жеке даму әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндігін бере отырып, мазмұнның әралуандығын қамтамасыз етеді.

Жоғары оқу уәждемесін қолдау үшін оқушыларда өзіне деген сенімділік және барабар өзін-өзі бағалау қалыптастыруда педагог оқыту процесінде әр баланы табысты жағдаймен қамтамасыз етуі қажет. Оқуға тұрақты уәждемені қалыптастыру балалар жетістігін ерекше түрде ұйымдасқан бағалауға мүмкіндік береді. Ол үшін: - оқушылар жетістігін салыстырудан аулақ болу; - оқушының жетістігін оның өзінің алдыңғы жетістіктерімен салыстыру; - бағаның ашық сипатты түрін қолдану; - мұғалімнің бағасын оқушының өзін өзі бағалауымен үйлестіру өте маңызды болады.

Оқытудың жақсы нәтижелерін талқылауда оқушылар жетістігінің себептерін (тырысу, зер салу, шыдамдылық, ұйымдасқандық, яғни, адам өзінде өзгертуге қабілеттілердің бәрін) атап көрсетуге болады. Оқушының сәтсіздігін талқылауда ішкі тұрақты факторларды (мінез, қабілеттілік деңгейі және т.б.) көрсетпеуге тырысу керек.

Бірінші шарт – оқыту процесін дараландыру және саралау Арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушыларда біліктілікті,

дағдыларды және денсаулықтың психо-соматикалық резервін меңгерудің түрлі мүмкіндіктері бар.Жалпы білім беретін мектептер осы айырмашылықтарды ескеру керек. Атап айтқанда, жалпы білім беретін ортаға балаларды енгізудің түрлі нысандарын қамтамасыз етуге қажетті: а) қалыпты сыныпта оқыту – танымдық қабілеттері сақталған оқушыларға арналған. Олар үшін арнайы білім беру бағдарламаларының қажеттілігі жоқ, тек мұғалімнің жеке көмегі керек болуы мүмкін. Осы сыныпқа ерекше қажеттіліктері бар 1-2 оқушыны оқытуға болады. Мұндай сыныпта, ауытқуы жоқ оқушыларды оқытатын білім беру саласындағы педагог мамандар сабақ бере алады. Қажет болған жағдайда, мұғалім, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандарынан, ресурс орталықтарынан қосымша кәсіби ақпараттар ала алады. б) арнайы сыныпта оқыту – арнайы жағдайлар талап етілетін (арнайы бағдарламалар, арнайы әдістер мен оқыту тәсілдері, арнайы жабдықтар мен дидактикалық құралдар, психологиялық-педагогикалық үздіксіз қамқорлық) оқушыларға арналған. Бұл сыныптарда арнайы педагогикалық білімі бар немесе курстық даярлаудан өткен мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс. Оқытуды

94

ұйымдастыру арнайы білім беру ұйымдарына қойылатын барлық талаптарға сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

Екінші шарт – білім беру процесінің барлық қатысушыларын (балалар, ата-аналар, мұғалімдер, білім жүйесінің басшыларын) дамуында шектеуі бар оқушылармен өзара қарым-қатынаста қатар өмір сүруге дайындау [2,3].

Үшінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша мұғалімдер және ата-аналарды арнайы дайындықтан өткізу және оларға уақытылы кеңес беру.

Барлық оқу пәндерінде оқытудың түзетушілік бағыттылығы жүзеге асырылады, сонымен қатар дене, танымдық және сөйлеу әрекеті дамуындағы ауытқуларды жеңу мақсатын алға қояды. Оқу процесін ұйымдастыру арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдануды, бағдарламаның жекелеген бөлімдері мен тақырыптарын зерделеуге мүмкіндік беретін пропедевтикалық (алдын ала) оқытудың арнайы сабақтарын кіргізуді, сонымен бірге дамудағы ауытқуды түзету бойынша жекелеген және топтық арнайы сабақтар өткізуді қарастырады. Бұндай сабақтарда алынған білімдер мен дағдылар жалпы білім беретін пән сабақтарында бекітіледі. Арнайы сыныптар бұзылыс түрлері бойынша сараланады–есту, көру, ақыл-ой дамуы, сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары,психикалық дамуының тежелуі бар, тірек-қозғалыс аппаратының бұзылыстары. Олар контингент болған жағдайда, сонымен қатар ата-аналардың балаларын арнайы сыныптарда оқытуға ниеті болғанда ашылады. Бұл жағдайда барлық сабақтан тыс іс-шаралар (үйірмелер, факультативтер, спорттық, тәрбиелік), қалыпты сынып оқушыларымен бірлесе отырып жүзеге асырылады.

Жалпы білім беретін сыныпта есту қабілеті бұзылған баланы оқытатын мұғалім: - баланы бірінші партаға отырғызуға; - оған арқасымен бұрылмауға; - балаларға қарап тұрып, сұрақтарды анық қоюға; есту аппараттарының жұмыс күйін тексеруге; - сөйлеп отырған баланың бет әлпетін көру үшін оған артына қарауға рұқсат беруге; -оқу материалын толық және терең түсіндіру мақсатында көрнекілікті кеңінен қолдануға тиіс.

Сабақта оқу бағдарламаларын меңгеруде қиындықтарды сезінетін оқушылар үшін жалпы дамытушы және пәндік бағыттылық сынды білімдегі кемшіліктердің орнын толтыру бойынша жеке және топтық түзету сабақтар ұйымдастырылады. Түзету-дамытушылық жұмыстардың мақсаты мен міндеттерін оны іске асыру тәсілдері анықтаудың бастапқы принципі диагностика бірлігі мен түзетуді дамыту болып табылады. Түзету-педагогикалық ықпал етудің тиімді құралдары мен тәсілдерін таңдау оқу бағдарламасын меңгеру барысында балаларда пайда болатын қиыншылықтардың себептерімен анықталады. Жеке және топтық түзету сабақтарының мазмұны қандай да бір дағдымен «немқұрайлы қарау» сынды

95

формалды механикалық тәсілді жою керек. Баланың жалпы дамуы үшін жағдай жасау қажет. Сонымен қатар: - көп санды балалармен түзету сабақтарын өткізуге; - жаңа пән бойынша, сонымен қатар, оқу жоспарына енгізілген пәндер бойынша сыныптың барлығымен сабақ өту үшін түзету сабағына бөлінген сағатты пайдалануға; - қатарлар арасында түзету сабағына бөлінген сағаттарды қайта бөлуге жол берілмейді.

Түзету жұмыстарының нәтижелілігі баланың оқу қызметін қалыптандыру деңгейімен және оқытудың табыстылығымен анықталады. Емдеу-сауықтыру жұмысы қарастырылып отырған санаттағы балалардың дамуын қалыпқа келтіру үшін үлкен маңызға ие. Бұл бас миының функционалды жеткіліксіздігі психофизиологиялық даму қарқынының бәсеңдеуінен ғана емес, психоневрологиялық және соматикалық жабырқаушылықтан да пайда болатынын көрсетеді. Псхикалық дамуы тежелген оқушылар үшін түрлі инфекцияға қарсылықтың төменділігі, аллергиялық реакциялар, баланың ішкі орган ауруларының созылмалы түрге бейімділігі көрсетілетін вегетотамырлы дистония, зат алмасу процесінің бұзылу сипаттары тән болып табылады. Сондықтан көпшілік балалар үнемі педиатр, невропатолог, психиатрдың бақылауына және қайта-қайта емдеуіне мұқтаж болады. Әсіресе осындай көмек аз қамтылған отбасы оқушыларына қажет. Псхикалық дамуы тежелген балалардың тілі жас ерекшелік нормасынан кеш қалыптасады және үнемі ерекшеленеді.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) 2.Айдарбекова А.А., ЕрмекбаеваЛ.Х., Дербисалова Г.С., СамигулинаЗ.Р. Формирование позитивного психологического климата в инклюзивном классе общеобразовательной школы. Методические рекомендации. Алматы, 2014 г., 25 с. 3.Айдарбекова А.А., ЕрмекбаеваЛ.Х., Дербисалова Г.С., СамигулинаЗ.Р. Формирование социальной компетентности детей с ограниченными возможностями, обучающихся в инклюзивной (интегрированной) среде. Методические рекомендации. Алматы, 2015, 59 с. 4.Елисеева И.Г., Чумакова О.Ф. Профессиональное сопровождение педагогов общеобразовательных школ, реализующих инклюзивную практику. Методические рекомендации, Алматы, 2015 г., 56 с.

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ

96

ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ Сарсекенова А.Б.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Атырау облысы бойынша ПҚБАИ Тасимова А.С.

Атырау қаласы, Ә. Жангелдин атындағы орта мектеп мұғалімі

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім беру – негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Инклюзивті бағыт балаларды жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Балалардың тең құқығын анықтайды және барлық іс-әрекеттерге қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшелігін де ескерген жөн. Ал, бұл процесті жүзеге асыру үшін мектепте балаға психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет.

Баланың мектептегі қиындықтарының себептері баланың анасымен және басқа жақын туыстарымен тілдесудегі ауытқуы болып табылады. Көптеген ата-аналар орталық жүйке жүйесі іс-әрекетінің жеткіліксіз болған өз баласының даму ерекшелігін сезінбейді, оған көмектесуге ұмтылмайды. Қимыл-қозғалыс тежелуі, шектен тыс әлсіздік, басқа да белгілер жақын адамдардың теріс көзқарасына алып келеді. Үйде мұндай балалармен әдетте формалды-императивті түрде тілдеседі (айғайлау, бұйрық беру, жазалау) немесе проблеманы шешуден қашады.

Әдетте ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар бейтаныс адамға қауіппен қарайды. Ол адамның жанында балалар өздерін қысыңқы және қобалжулы ұстайды. Ондай балалар жаңа әлеуметтік ортамен танысуға ешқандай құлшыныс білдірмейді. Осылайша, төмен таным белсенділігі,

97

ерекше ақыл-ой және эмоциялық ерік-жігерлі қызметімен үйлескен тілдесу проблемасы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды мектеп жағдайына бейімделуіне кедергі жасайды. Осындай сыныптарда жұмыс жасайтын мұғалімдер мен мамандар алдында өте күрделі міндет тұр: бала бойында өз мүмкіндіктеріне деген сенім тудыру, білім алу қызығушылығын ояту және қолдау.Тек жақсы көңіл-күйдегі жағдай, баламен тілдесудің белгілі бір түрі баланың таным іс-әрекетін түзетуге, үлкендер және өз құрдастарымен тілдесуді дамытуға, тұлғаның жақсы қалыптасуына септігін тигізеді.

Әрбір бала өзін қызығатындай, үлкендерге жағымды, мейірімді ықыласқа бөлену сияқты сезімде болуы керек. Балалар бақшасындағы арнайы топқа қатысқан психикалық дамуы тежелген оқушылар әдетте білім алуға құштар болады. Сабақта балаларға арнайы жағдай жасалса олар оқуды сапалы меңгере алады. Балалық шақтарында психологиялық-педагогикалық және медициналық көмек алмаған оқушыларға білім алу қиындау. Кейбір балалар өздері ешнәрсені жасай алмайтындай сезімде болады, алға ұмтылмайды. Кейбір психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балаларда өзін-өзі бағалауы тым жоғары. Бұндай балаларда қалыпты өзін-өзі бағалау қабілетін, олардың мәртебелерін түсірмей, түзете отырып қалыптастыру қажет. Бағдарламаны толық меңгеруі үшін балалардың психикалық іс-әрекеттерінің көмек арқылы дамуын ескере отырып, сабақта арнайы жағдайдың жасалуы керек.

Сабақта ақыл-ой жүктемесі және демалуға өз уақытында үзілістер қатаң ретімен жүруі керек, қимыл-қозғалыс тәртібі сақталуы керек. Жаңа сабақты аз-аздан, ашып түсіндіру керек. Сөйлеу тілі мен көрнекі құрал арасында байланыс болуы керек. Сөйлеу тілі көрнекі құралдар көмегімен жүреді, бірақ көрнекі құралды аса көп қолдана беру баланы зейінді тұрақтандыруға септігін тигізбейді. Оқу материалының шартты-графикалық кескіндерін және графикалық кескіндерін пайдалану.Оқу материалын құрылымдаса оны меңгеру де жеңіл болады (әсіресе,егер кескіндер балалармен бірлесіп жасалса).

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту – адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды білім беру – барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен

98

болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген балалардың оқу үлгерiмi төмен болады.

Инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды бағыт беру арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ.

Е.И. Казакова психологиялық-педагогикалық қолдау «балаға, оның отбасына және педагогтарға көмек көрсету, оның негізінде өзекті проблеманың шешу жолын таңдауда дамыту субъктінің барынша бостандығы мен жауапкершілігін сақтау, педагогтар, психологтар, әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің күшін біріктірумен қамтамасыз етілетін мультипәндік әдіс, проблеманың диагностикасы мен оны шешудің субъектілік әлеуеті, мүмкін болатын шешу жолдарын ақпараттық іздеу, әрекеттер жоспарын құру мен оны іске асырудағы алғашқы көмек арасындағы үйлесімді бірлік, даму субъектінің өзі әрекеттері үшін жауапты болатын бағдарлық аумақты құруда көмек көрсету» деп түсінуіміз керек.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытудағы жалпы білім берумен өзара байланыстағы мақсаты – әлеуметтендіру және өзін-өзі іске асыруы, тез өзгеретін әлемде өмір сүруге үйрету, өмір бойы оқу болып табылады.

ЕБҚББ қанағатандырудағы әлемдік САПА - Оқу бағдарламасының өзгеруі - Оқу жоспарының өзгеруі - Оқыту нәтижесіне жетудегі даралық және бағалау - Оқытуда арнайы мамандандырылған тиімді әдісті қолдану - Оқулықты, оқу –әдістемелік құралды, дидактикалық тәсілді таңдау - Оқытатын ортаға бейімделу және оқу ортасына кірігу - Техникалық құралдардың жан-жақтылығы - Арнайы педагогикалық қолдау - Оқытушыға жан-жақты жағдай жасау - Психологиялық көмек, кеңес - Әлеуметтік-педагогикалық қолдау ҚР БжҒМ осы сапаны басшылыққа ала отырып типтік оқу

бағдарламасын бектіуі осының дәлелі. Жалпы білім беретін мекемелерде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаға мұндай сыныптарда жұмыс

99

жасайтын педагогтар оқытудың педагогикалық шарттары кешенін іске асыруы қажет: -қажетті нормативтік құқықтық базаны таңдау; -баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін анықтау; -оқушының жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу; -жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау; -баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын алуға бағытталған диагностика жүргізу.

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытуды тиімді жүзеге асыруға байланысты педагогтарға қойылатын талаптар: 1.Педагогтармен (пән мұғалімдері, арнайы білім мамандары, әлеуметтік педагог, психолог) ынтымақтастықта жұмыс жасау. 2.Әртүрлі педагогикалық тәсілдер мен оқыту стратегияларын ұтымды ұштастыруды үйрену. 3.Арнайы білім мамандарынан баланың жеке мүмкіндіктеріне қарай саралап оқыту әдістерін кәсіби қолдану тәжірибесін үйрену. 4.Кәсіби қауымдастық желісі арқылы арнайы білім ұйымдарымен байланыс орнату. 5.Ата-ананы қатыстыру арқылы триангуляция әдісін пайдалану. 6.Үздіксіз бақылау динамикасы бойынша жұмыс жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отыру. 7.Баланы әлеуметтендіруге ықпал ету үшін қолайлы орта қалыптастыру. 8.Баланың қоршаған ортасымен ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

Бүгінгі таңда балалардың ерекше қабілетін дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымы–барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру болып табылады.

Қазіргі таңда білім алушылардың қатарында ерекше білім алуды қажет ететін әртүрлі категориямен оқытатын, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мәселесіндегі өзектілігі бар. Әрбір оқушы жеке-дара тұлға болса да қарым- қатынас жасау үшін, қоғамдық белсенділігін арттыру үшін, қоғамдық орта мен білім беру ошағы керек екенін білеміз. Инклюзив — сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру болып саналады. Бала – бұл әрбір жас кезеңіне тән өзіндік морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері бар, үнемі өсу және даму үстіндегі организм. Әрбір бала, өз өмірінің әртүрлі кезеңдерінде, әлеуметтік жағдайына да қарамастан, өзінің де қалауынсыз түрліше қиын жағдайларға тап болып әртүрлі деңгейдегі көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж болуы мүмкін. И.Г. Кузина «өмірлік қиын жағдай» ұғымын, «адамның өзінің айналасындағылармен әлеуметтік қарым-қатынасы мен қалыпты өмір сүру дағдыларын объективті түрде бұзатын және субъективті тұрғыдан «күрделі»

100

деп танылатын, ақырында адамды өз мәселелерін шешу үшін арнайы әлеуметтік қорғау қызметтерінің көмегі мен қолдауына жүгінуге мәжбүрлейтін жағдайлар» деп қарастырады. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің, ыңғайына қарай ерекше білім берудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, осыған сәйкес білім алушы ыңғайына қарай тәсілдерді қарастырады. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп табылады. Инклюзивті білім беру арқылы білім алушылардың алшақтығын жоя отырып, оқушылардың тепе-теңдік қатынасын қамтамасыз ете отырып, кейбірінің арнайы жағдайлы ортасын қалыптастыру қарастырылады. Мүмкіндігі шектеулі балалар, тегін әлеуметтік және медициналық- педагогикалық қолдаулар алуға, мемлекеттік медициналық мекемелерде, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда немесе медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдерінде тегін тексеруден өтуге, Қазақстан Республикасы заңнамалары аясында бекітілген тегін медициналық көмектер алуға, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы бойынша дене бітіміндегі немесе психикасындағы ауытқушылықтардың көріну деңгейлерінің түрліше болуына қарамастан ауытқушылық анықталған күннен бастап тегін психологиялық-медициналық- педагогикалық түзету алуға құқылы.

Әлеуметтендіру немесе әлеуметтік дамуы дегеніміз – бұл өмірге келген барлық адамның қоғамдық өмірге араласып, өмір сүруге арналған білім-біліктер мен тәжірибелерді меңгере отырып қоғам мен мәдениетке кіруі.

Мектеп жасына келген оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне арналған бірнеше класс комплектілері бар, барлық жабдықтармен жабдықталған спорт, би залы, балалардың маусымдық ауруларының алдын алу шараларын кеңейту мақсатындағы физиотерапиялық кабинеттер, медициналық бөлме, (ауырған балаларды оқшауландыру бөлмесі), сенсорлық, дефектолог мамандардың жабдықталған арнайы бөлмелері, жайлы ойын бөлмелері бар, сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен педагогтың, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалынған.

Сабақтан тыс уақыттардағы ұйымдастырылған тәрбие сағаттарында тәрбиенің сегіз бағыты бойынша оқушыларды тәрбиелей отырып, тұрмыстық икемділікке, қоғамдық тәртіп ережелеріне, әлеуметтендіру жолдарына үйретіледі. Сонымен қатар, балалармен жеке, топтық жұмыс жасау кезеңінде, баланың ішкі сезімін, көңіл күйін, ықыласын, қажеттілігін сезіне отырып, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетіледі. Мектептегі әлеуметтік- психологиялық жұмыс оқушының әлеуметтік жағдайын жан-жақты зерттеп көп балалы, табысы аз отбасыларды анықтай отырып, оқушының өмірге бейімделуіне мақсатты әлеуметтік қолдау көрсетеді. Жетім, қамқорлықсыз

101

қалған балаларға, қамқорлықтағы балаларға қолдау көрсету аясында мектеп-интернат-колледж жағдайында бірнеше жұмыстар атқарылып келеді. Осындай дұрыс жолға қойылған әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қызмет оқушының толыққанды, жан-жақты дамыған тұлға болуына көп септігін тигізеді.

ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

Шарапова А.А. Атырау қаласы, №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектеп

Жайжанова А.А. Атырау қаласы, Т.Амандосов атындағы орта мектеп

Ата-аналарға жиналыстарда топтық кеңес беру, әр баланың үйіне

барғанда, мектепке шақырып жеке кеңес беру жүзеге асса, пән мұғалімдеріне кеңес беру жұмысы педагогикалық кеңесте,әдістемелік кеңесте, педагогикалық консилиум барысында жүргізіледі. Келесі жұмыс бағыты бұл –психологиялық алдын алу мен ағарту жұмыстары. Әрбір сынып бөлмесінде, мектеп дәлізінде, ТДО сыныбы бөлмелерінде, ата-аналарға арналған бұрыштарда ата-аналарға арналған ағартушылық материалдар мен кеңестер үнемі жаңартылып отырады. Мектеп психологінің мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысының негізгі педагогикалық консилиумда көрінеді. Жалпы және арнаулы (түзету) білім беру мекемелерінің психологиялық-дәрігерлік педагогикалық консилиум жағдайлары негізінде мектепте мектеп директорының бұйрығымен психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консилиум құрылады.Консилиум құрамына мектеп директоры, оқу ісі мегерушісі, психолог, әлеуметтік педагог, медбике, сынып жетекшісі, ТДО 41 сыныбы мұғалімі,тәрбиешісі,және оқыту мұғалімі қатысады. Консилиумға әр маман өз зерттеулері мен ұсыныстарын жазып, даярлап келеді. 1. Педагогикалық қорытынды (сынып жетекшісі) 2. Психологиялық қорытынды (педагог-психолог) 3. Медициналық қорытынды (медбике) 4. Әлеуметтік педагог қорытындысы 5. Логопедиялық қорытындысы (логопед).

Бұған қосымша балалардың жұмыс дәптерлері, бала дамуын бақылау күнделігі, сабақ үлгерімін тіркеу журналдары әкелінеді.

Инклюзивті оқыту – негізгі принцептері: 1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады. 2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 3. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы. 4. Барлық адам бір-біріне қажет. 5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. 6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

102

7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. 8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті білім берудің мазмұны: Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал: -жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары: -мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.

Қазіргі уақытта мен инклюзивті оқушылармн жұмыс жасаймын. Сол сыныппен жұмыс жасау барысында инклюзивті білім беру керек екендігін түсіндім. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі екенін естен шығармау керек. Танымдық қасиеттерін арттырудың бір жолы – сабаққа ойын элементтерін кіргізу, немесе сабақты ойын түрінде өткізу. 1.Түзету қасиеттері мен көру қабілеттеріне арналған ойын тапсырмалар: -«Із бойынша тап» 3-5 контурлық суреттер беріледі. Олардың барлығы бір-бірінің үстіне салынған. Мыс: цифрлар, геометриялық пішіндер, заттар, аңдар т.б. Барлық бейнені атап беру. -«Жасырынған бейнені тап» әріптер, геометриялық пішіндер, сандар элементерінен тұратын пішіндер берілген. Барлық бейнені ата. 2.Түзету қасиеттері мен есту қабілеттеріне арналған ойын тапсырмалар: - «Кім ненің даусын естіп тұр?» Бала көзін жұмып қандай аңның немесе заттың даусын естіп тұр. Соны айтуы қажет. т.б. 3.Түзету қасиеттері мен кеністікті қабылдау қасиетіне арналған ойын тапсырмалар: - «Жасырынған затты тап». Слайдтағы затты көріп отырып, сондай затты класс ішінде тауып алу.т.б. 4.Түзету қасиеттері мен барлық анализаторларының қабылдау қасиеттерін арттыруға арналған ойын тапсырмалар: -Есту-қозғалыс анализаторлары: егерде керекті дауысты немесе әріпті естісең, алақанды соқ. -Көру-қозғалыс анализаторлары: қанша зат көрсетсем, сонша орныңда секіру. - Есту - сипап сезу - қозғалыс анализаторлары: неше рет барабан соққысын естісең, сонша сипау арқылы зат санап ал т.б. ойындар түрі.

Инклюзивті оқыту–барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту–оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту–барлық

103

балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайында өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.

Қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. «Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім - барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.«Дефектология» журналы №1,2,3 2017ж. 2.«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы заң. - 2002 ж. - 23 шілде. 3.Искакова А.Т., Мовкебаева З.А. Основы инклюзивного образования. - Алматы, 2013. 4.Специальная педагогика / Под ред. Н.М. Назаровой. - М., 2001. 4. Мендалиева Р.Т. Организационно-педагогические условия функцирования психологической службы в школе. - Алматы, 2003. 5.Власова Т.А., Певзнер М.С. Учителю о детях с отклонениями в развитии. М., 1967г. 6.Воропаева И.П. Коррекция эмоциональной сферы младших дошкольников. Дефектология. 2005 г.-№ 6. 54 7.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 8.Диагностика и коррекция задержки психического развития у детей/Под ред. С.Г. Шевченко, М.Аркти 9.Кузнецова Л.В. Особенности мотивационно-волевой готовности детей с задержкой психического развития к школьному обучению 10.Жукова Н.С. Преодоление общего недоразвития речи у дошкольников 11.«Бала құқықтары туралы» ҚР Заңы 2002 ж. № 345- II 12.«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қ Р 2008 жылғы N 114-IV Заңы

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР

БАЛАЛАРДЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ТҰРҒЫДАН ҚОЛДАУ Абатова М.А.

104

Шалқар ауданы №1 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі

ҚР заңдылықтар мен Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік ұсынымдамалары мен нұсқаулықтарын басшылыққа алып, инклюзивті оқыту барысында оқу-әдістемелік құралдар мен дидактикалық материалдар қорын жинақтап жұмыс барысында қолдану қажет. Инклюзивті оқыту кезінде ПМПК қорытындысы негізінде ұсынылған, білім беру бағдарламаларына сәйкес оқушының білім деңгейіне талдау жұмыстарын жүргізе отырып, жеке оқыту бағдарламалары құрылып, бекітілуі тиіс екендігін ескеру керек. Мектептердегі мұғалімдер ерекше бала класқа келген кезде оны қандай оқулықтармен оқытып, қандай әдістемелік құралдарды пайдалану керектігін білу бүгінгі күннің сұранымы. Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе кадр жеткіліксіздігі. Ерекше оқытуды қажет ететін (әрі қарай ЕОҚЕ) балаларға сабақ беретін мұғалім бүгінгі заман талабына сай білікті, терең білімді, ашық жарқын мінезді, қажыр-қайратты, жаңашыл еңбекқор мұғалім болғаны дұрыс. Қарым-қатынас кезінде әр баланың жан-дүниесін сезініп кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болуы қажет. Дегенмен оқыту оңай емес, бірақ жанында ізгілік пен жанашырлық, өз ісіне деген сүйіспеншілікті бойына сіңіре білген ұстазға ерекше балалармен жұмыс жасау игі іс екені белгілі. Жалпы класта оқушы саны көп болғандықтан, әр балаға жеке көңіл бөліп, назардан тыс қалдырмай жұмыстану қажет, дегенмен өкінішке орай осы жайт ескерусіз қалып жатады. Осыған орай мен әлі де мүмкіндік болса курстан өтпеген педагогтарымызды арнайы курстан өткізуге ықпал ету керек деп ойлаймын. Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеледі. Атап айтқанда: 1. Жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; 2. ЕОҚЕ балалардың жеңіл ақыл ой кемістігі бар балаларға арналған І типті оқу бағдарламалары және орташа ақыл ой кемістігі бар балаларға арналған ІІ типті оқу бағдарламалары; 3.ЕОҚЕ балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке (арнайы) бағдарламасы. ЕОҚЕ оқушыларға білім беру бағдарламасы негізінде, типтік оқу жоспарларына сәйкес мектеп директорының орынбасары жеке сабақ кестесін жасайды. Оны ата-аналары мен және жүктемелері оқу жоспары бойынша бөлінген мүғалімдермен келіседі. Ата-аналармен келісілген кестені мектеп директоры бекітеді. Оқытудың ұсынылған бағдарламасына сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспар жалпы тәртіп бойынша бекітіледі. Тоқсан қорытындысы бойынша педконсилиум отырысында ЕОҚЕ оқушыларды бағдарламаны меңгергендігі немесе білім деңгейі, психологиялық, әлеуметтік жай-күйі туралы мәселелер талданып, педконсилиум төрағасының талдау есебі тыңдалады. Пән мұғалімдері әр оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып, өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын. Жаңаша білім

105

берудің негізгі тәжірибелік міндеттерін шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды, қолданылған әрекеттер мен құралдардың тиімділігін диагностикалау негізінде анықтауға болады. Осыған байланысты педагогтар өз қызметінің обьектісіне әлеуметтік психологиялық және педагогикалық мінездеме беріп, танып, білумен зерттеу әдістерін меңгерулері керек. Әр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып, өмірдегі өз орнын, өз мамандығын табуға әсерін тигізері анық. Интеллекті бұзылған оқушыларды соның ішінде ақыл ой кемісті бар оқушыларды оқыту барысында пән мұғалімдері зейіні тұрақсыз, тіл мүкістігі бар баланы қалай оқытып, сауаттандыратынын білмейді. Өз жұмысына, баланың болашағына жауапкершілік танытқан педагог ізденіп, қалайда алдына келген оқушыны деңгейіне қарай қатарына қосуға тырысуы қажет. Жоғарыда интелекті бұзылған ЕОҚЕ балалар 3 түрлі бағдарламамен оқытылатын айтқан болатынмын, соның бірі орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған «Санау» пәні туралы айта кетсек. Ақыл-ойы кешеуілдеген балаларда танымдық әрекеттерінің терең жетіспеушілігі байқалып, есептеу әрекетін игеруге күрделі қиындықтар келтіреді. Сондықтан оқушыларды оқыту едәуір дайындық кезеңінен басталып, ұзақтығы 2 жылға дейін созылуы мүмкін. Дайындық кезеңінде оқу үрдісі пәнсіз оқыту негізінде ұйымдастырылады. Барлық сабақтар кіріктендіре оқылып оқушылардың жалпы дамуына (қарым-қатынас, қимыл-қозғалыс, сөйлеу, сезімдік) бағытталған. Оқушылардың жеке дара дамуына қарай, оқу үрдісіндегі жағымды өзгеріс байқалған жағдайда пәндік оқытуға ауысады. «Санау» оқу пәнінің мақсаты – оқушылардың тұрмыста бейімделуге және қолжетімді шаруашылық-еңбекті меңгеруге қажетті қарапайым математикалық түсініктерді, икем және дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Бұл дегеніміз оқушыға көбейту кестесін т.б. есептерді үйретіп оқушыны жалықтырмай, қиындығы және көлемі қолжетімді деңгейдегі материалмен жұмыс жүргізу керек.

Санау пәнінің негізгі міндеттері: 1) қарапайым есептеу әрекетін меңгерген икем-дағдыларын күнделікті өмірде қолдануды үйрету; 2) танымдық аймағын, жағымды сезімдік-еріктік қасиеттерін, қозғалыс ептілігін, заттық тәжірибелік әрекеттерін дамытып, қалыптастыруға ықпалдасу; 3) сабаққа қызығушылығын арттыру, басқа балалармен және ересектермен қарым-қатынас орната білуін дамыту. Аталған бағдарламаның дайындық кезеңінде (пәнсіз оқыту кезеңі) және «Санау» пәні бойынша мұғалімнің жеке оқыту бағдарламасын құрастырғанда қолданатын оқу материалының үлгілі тізімі берілген. Бағдарлама мазмұны ұсыныс ретінде беріледі, сондықтан мұғалім әр оқушының мүмкіндігін және ерекше қажеттіліктерін ескере отырып оқыту мазмұнына өзгерістер енгізуге құқылы. Бағдарламадағы оқу материалдары оқу кезеңдеріне сәйкес бөлінген. Әр кезеңнің материалы аяқталған және жүйеленген, алдыңғы және келесі кезеңдегі материалмен логикалық байланыста және қиындығы және көлемі біртіндеп арта береді.

106

Балаларды оқытудың жаңа кезеңіне алдыңғы кезеңдегі дағдыларды бекіткеннен кейін ауыстырады. Әр деңгейдің икем-дағдыларын қалыптастыруға қажетті уақытты сыныптағы оқушыларға мұғалім өзі белгілейді. Мұғалім оқушыларымен қиындығы және көлемі қолжетімді деңгейдегі материалмен жұмыс жүргізу керек. Бұл оқудағы нәтижені қамтамасыз етеді және күнделікті өмірде қарапайым математикалық дағдыларды қолдануымен айқындалады. Оқушылармен жұмыс жүргізу кезінде пән шеңберінде келесі пәндермен пәнаралық байланыс орнатылады: «Дүниетану», «Заттық-практикалық әрекет», «Өзі-өзіне қызмет көрсету», «Бейнелеу», «Психомотрика және сенсорлы үрдістерді дамыту» түзету курсымен әсіресе дайындық кезеңінде. Дайындық кезеңіндегі және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру кезеңіндегі сабақтарда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру барысында аталған оқу пәндерінің мазмұнын пайдалану қажет. Оқушының өзін-өзі бағалауы біртіндеп дифференциалдануы керек. Басқаша айтқанда, оқудың алғашқы күндерінен-ақ бала әр қайсының өз бағалау критерийлері бар көптеген дағдалардың жиынтығы ретінде өз жұмысын көре алуға үйрену керек. Мысалы, математика пәнінің тапсырмасы қателер саны, тазалығы, ынталылығы, күрделілігі бойынша бағаланады. Жазбаша жұмысты бағалау кезінде орындалудың тек кемшіліктері мен қателіктерін ғана белгілемей, сондай-ақ сәтті орындалған барлық жерлерін белгілеп, ынталандыру жазбаларын жасау керек. Оқушы мен мұғалім оқыту әрекетінің өнімдерін портфолиоға орналастырады. Портфолио – бұл оқытудың белгіленген кезеңінде тұрақты, жинақталынған оқушының басты жұмыстары және жеке бас жетістіктерінің бағалары. Портфолио бағалау үдерісіне ғана емес, сондай-ақ, өзін-өзі бағалауға, жеке тұлғаға бағытталған бағаға, шынайы бағалауға жуықталған. Дәстүрлі бағалау әдістерінен портфолионың айырмашылығы бұл оқушының өзіндік жұмыс режиміндегі әрекеттерінің үдерісі мен нәтижелері туралы негізделген ақпаратпен мұғалімді қамтамасыз етуі, оның өз әрекетінің нәтижелері туралы өзіндік бағалық пайымдарын іске асырудың шығармашылық мүмкіндіктері мен дағдыларын жетілдіру. Портфолионың ең басты артықшылығы оның оқыту сапасын әр түрлі позициялар бойынша жан-жақты және сан қырлы сипаттайтындығында: оқушының ойлау әрекетін, оның салааралық дағдыларын, мәселені анықтай алуын, ерекше міндеттерді шеше білуін, оқу пәндерін білуі және дағдыларды меңгеруін, нәтижеге қол жеткізуге деген табандылығын және т.б. бағалау. Инклюзивті сыныпта портфолио оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін жете толықтыратын бақылау мен бағалаудың маңызды құралы болып табылады. Мұғалім әзірлейтін портфолио процессуалды, яғни оқу әрекетінің белгілі бір мерзімін қамтуы және визуалды (оқушының әрекет өнімдерінің материалдарын мұғалім папкаға, қағазға арналған қорапқа және т.с.с. салады) болуы тиіс. Портфолиоға оқушының оқу әрекетіндегі қиындықтары мен оны түзету процесін көрсететін ғана емес, сонымен қоса баланың мықты жақтарын айқындайтын материалдар да салыну керек. Жалпы алғанда,

107

мұғалім портфолиосы псифизикалық дамуында ерекшеліктері бар оқушының белгілі бір оқыту мерзімі барысында жеке жетістіктерін тіркеу, жинақтау және бағалау әдісі ретінде қарастырылады. Соңғы нәтижелердің негізіндегі бағалау. Инклюзия жағдайында тестілеу. Инклюзивті оқытуда бағалау өткізу барысында сәйкес құралдарды таңдау мәселесі туындайды. Мақсаттарға байланысты әртүрлі әдістер таңдалып алынады. Инклюзивті оқыту тәжірибесінде оқу бағдарламасын талдау, жұмыс үлгілерін талдау, сыныпта бақылау және сұхбат жүргізу, тестілеуді қолданады. Оқу бағдарламасын талдау оқушы игеруге тиіс білім көлемін анықтаудан тұрады. Талдаудың нәтижелері оқушының жеке оқу жоспарына енгізілетін оқу, түзете-дамыту және тәрбиелік мақсаттарды анықтауда есепке алынады. Мұндай талдау біздің жағдайларда жалпы білім беретін орта мектептер мен жалпы білім беретін арнайы мектептердің оқу бағдарламаларына жүргізіледі. Дегенмен, зерде дамуының бұзылыстары, сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары, сенсорлы бұзылыстары (есту қабілеті бұзылған), күрделі ауытқулары бар балаларға арналған оқу бағдарламаларында пәнді (саланы) оқытуда білім сабақтастығын қамтамасыз ететін материалдың минималды көлемі белгіленеді.

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДА

ҚОЛДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Абдуалиева Д.Г.

Ақтөбе облыстық білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы (түзетім) балабақшасының тәрбиешісі

Күнделікті өмірдегі көптеген мәселелер, нақты өмір тауқыметі,

қоғамдағы өзгеру деңгейлерінің жылдам алмасуы адамдардан жоғары белсенділікпен қатар алға ұмтылуды, ізденімпаздықты және де үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан болар, заманауи әлеуметтік жағдай өмір мен тұрмыстың бітпейтін мәселелерін, әрбір жаңа буынның, әрбір жеке адамның алдында тұрған және жалпы адамзатта қалыптасқан мәдени-тұрмыстық түсініктер мен шешімдерге тәуелсіз түрде, жаңаша тұрғыда қайтадан ой елегінен өткізуді алдыңғы орындардың біріне қойып отыр. Қазіргі уақытта қоғамда заманауи әлеуметтік-экономикалық ахуалда өсіп келе жатырған жас ұрпақ, нақты да сенімді әлеуметтік бағыттарды жоғалтып ала бастағанын байқаймыз.Әлеуметтендірудің қалыптасқан дәстүрлі формаларының қазіргі заманға лайықталмағандығы, олардың бір жолды таңдауын, яғни жастардың өз болашағы үшін өздерінің жауапкершілігі жоғары болуын талап етеді. Бұл жағдайда жастар мен жасөспірімдердің заманауи қоғамдық қатынастарға бейімделмегендігі мен дайын еместігінен көптеген маңызды мәселелердің туындауы себеп болады. Бұл мәселелерге

108

тән ортақ белгі бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту қазіргі заманның талап-тілектерін ескере отырып жүргізілуі керек.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.

Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.

Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.

Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.

Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты–тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:

1. Зердесін дамыту 2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту 3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту 4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту 5. Танымдық үрдісін дамыту 6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту 7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі

жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.

Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше,

109

ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.

Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі – ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер тобының біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей ұстады. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып қойып, үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді сұрады. Кейбір балалар бейнеленген заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты өткен тәжірибенің жағдайларын еске түсірді («Көзілдірікті көзге киеді. Мынау - көбелек, құрт деп аталады». «Қарбыз. Мен, анам және әкем- үшеуіміз үлкен қарбыз сатып алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші», тағы осындайлар). Әйтсе де есте сақтауға бағытталған балалардың ешбір іс-әрекеттері байқалмады

Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып бала есте сақтау мен еске түсіру міндетінің өзін бөле бастайды. Мұнда еске түсіру міндеті бұрын бөлінеді, өйткені бала алдымен дәл еске түсіруді, елестетуді қажет ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені қабылдап, жасағанын көрсететін іс-әрекетті білуі керек. Есте сақтау міндеті еске түсіру тәжірибесінің нәтижесінде пайда болады

Мектепке дейінгі жас–естің қарқынды даму жасы. Ес–бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жадында қалдырады және сақтайды.

Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау–тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларда логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды.Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады.

Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль атқарады. Оқушылардың есін тәрбиелеуде де мұғалім олардың жас және дара

110

ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде, материалды қалай оқу керектігін балаларға ұдайы ескертуі керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескерген жөн.

Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен пайдалануды талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді баланың шешуіне тура келеді. Ойында, сурет салуда, құрастыруда , жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып қана қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін қызықтырған мәселелерді түсіну үшін өзіндік эксперименттер жасауға кіріседі, құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға салып, қорытындылар жасайды. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында кейбір механикалық физикалық және басқа байланыстар мен қатынастарды түсінуді, осы байланыстар мен қатынастар туралы білімді жаңа жағдайларда қолдана білуді талап етеді. Осы жастағы балалардың жылдың соңына дейін абстрактылы логикалық ойлауы жақсы дами түседі. Бірақ тәжірибе түрінде, бала затты көрмей тұрса, берген сұраққа толық жауап бере алмайды. Бала ойлаудың барлық операцияларын жақсы қабылдауға тиіс.

Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады.

Таным әрекетінің бірі–қабылдау.Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс.

Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда «қауіпті» кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян «...осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін» деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс.

Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі

111

мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Кулагина И.А. Возрастная психология: Развитие ребенка от рождения до 17 лет. – М.,1998. 2.Леонтьев А.Н. Проблемы развитие психики – М., 1981. 3.Мухина В.С. Возрастная психология. – М., 1998.

ОБУЧЕНИЕ И РАЗВИТИЕ РЕБЕНКА С ЗПР В ОБЫЧНОМ

КЛАССЕ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ШКОЛЫ Байганина Койсын Кубашевна

Актюбинской область, Мугалжарский район учитель русского языка и литературы Кумсайской общеобразовательной

средней школы

Ещё древние мудрецы говорили:«Увидеть и понять проблему – наполовину решить её, если же не видишь проблему, это значит, что она в тебе самом». Для этого, впрочем, как всегда с учётом нашей профессии, необходимо ответить как минимум на три вопроса: Кого учить? Чему учить? Как учить? Наши дети учатся в школе. Они учатся и используют полученные знания по–разному.Тем не менее, цель образования заключается в достижении всеми учащимися определенного общественного статуса и утверждении своей социальной значимости.

Инклюзивное образование–обучение детей с ограниченными возможностями в развитии в общеобразовательных школах совместно со здоровыми детьми или в специально созданных группах (классах).

Доказано, что, если в классе все дети примерно одинаковые, страдают и отличники, и средние, и неуспевающие, у них не развивается критическое мышление, задерживается развитие самоконтроля и объективной оценки. Конечно, педагогам нелегко работать в разнородном классе, но результаты того стоят – по мнению исследователей, корректируются даже серьезные задержки в детском развитии. В инклюзивном классе будет складываться особый этический фон учебно-воспитательного процесса: ведь педагогическое общение с детьми будет проникнуто оптимизмом, уверенностью в том, что совместными усилиями учителя, специалистов, сверстников, родителей, других взрослых, участвующих в процессе инклюзивного образования, все дети получат равные возможности и преодолеют возникающие у них трудности.

Коррекционно-педагогическая поддержка осуществляется педагогами на уроках и во внеурочной деятельности в соответствии с диагнозом и рекомендациями ПМПК.

112

Особое внимание уделяется обучающимся с диагнозом ЗПР. Дети с диагнозом «задержка психического развития» очень и очень разные. Обычно в дошкольном возрасте эти дети ничем особенно не выделяются среди своих сверстников, а особенности их развития начинают проявляться с началом школьного обучения, приводя к стойкой неуспеваемости. При этом сложность заключается еще и в том, что каждый случай задержки имеет свою причину. Очень большое, а иногда даже и решающее значение, в этом имеют недостатки социальной среды, в которой воспитывался малыш. Тут на первое место выступает дефицит материнской ласки, человеческого внимания, тепла, недостаток ухода, недополучение информации.

Вследствие изменения окружающего общества они становятся на уроках вялыми, скучными или, наоборот, излишне беспокойными, не могут сосредоточиться на задании. Иногда даже становятся агрессивными.

Для таких учеников характерно снижение работоспособности с расстройством внимания, памяти. В результате ребенок не осваивает навыки чтения, письма, счета. Бывает и так, что не дается только письмо, только чтение или только математика.

Этим детям необходим индивидуальный подход, своевременная помощь учителя. В таких случаях необходимы максимум терпения, внимания, настойчивости.Недопустимо игнорировать этих детей, доводить неправильным подходом, невниманием, негативным отношением до срыва в психическом здоровье,до появления у него грубой педагогической запущенности, школьного невроза.

Необходимо учитывать, что дети, имеющие задержку в развитии, отличаются от умственно отсталых именно тем, что хорошо воспринимают предлагаемую помощь. При своевременной коррекции большинство из них хорошо продвигается и постепенно преодолевает отставание в собственном развитии.

Правильная оценка характера отклонений у ребенка дает учителю возможность найти успешные пути педагогического воздействия.

Инклюзивный подход означает, что учитель оказывает индивидуальную поддержку всем ученикам, но при этом в группах ученики с ограниченными возможностями не отделены от других.

Основным изменением в методике преподавания урока является использование многоуровневого подхода в объяснении нового материала и последующем контроле: работа с карточками, тестами разного уровня, работа в парах, групповая работа.

Особую сложность представляет для учителя планирование и проведение уроков в классе инклюзивного обучения.

На уроках и во внеурочной деятельности я активно использую методы и приемы по формированию универсальных учебных действий у данного ребенка. Это регулятивные универсальные учебные действия, к ним относятся следующие умения:

• умение действовать по плану;

113

• преодоление импульсивности, непроизвольности; • умение оценивать правильность выполненного действия; • учение вносить коррективы в результат. Обучение ориентировке в задании, планированию предстоящей работы.

Обучение выполнению предстоящей работы в соответствии с наглядным образцом и (или) словесными указаниями учителя. Обучение самоконтролю и самооценке в деятельности.

Расширение представлений об окружающем мире и обогащение словаря, овладение техникой речи. Кружок «Занимательная грамматика и развитие речи».

Важную роль в развитии личности играют коммуникативные универсальные учебные действия. К ним относится умение устанавливать дружеские отношения со сверстниками.

Вовлекаю ученицу в исследовательские проекты, творческие занятия, спортивные мероприятия, в ходе которых она учится изобретать, понимать и осваивать новое, быть открытыми и способными выражать собственные мысли, уметь принимать решения и помогать друг другу, формулировать интересы и осознавать возможности.

В процессе такой работы дети научатся понимать смысл и прогнозировать последствия собственного эмоционального поведения. Они осознают значение эмоциональной атмосферы добра, радости, сотрудничества для улучшения и собственного самочувствия, и отношений с одноклассниками. Внеурочная деятельность соответствующей направленности «Психология общения».

Ориентируюсь на организацию успеха ребёнка в учебной деятельности, путем опоры на его положительные, сильные качества. Задействую ее в мероприятиях, например, инсценировках, танцах, художественном творчестве. Создаю благоприятный психологический микроклимат в классе.

Особую роль в процессе обучения детей с ОВЗ играют взаимоотношения между педагогами и родителями. Родители лучше знают своего ребенка, поэтому в решении ряда проблем педагог может получить от них ценный совет. Сотрудничество учителей и родителей поможет посмотреть на ситуацию с разных сторон, а, следовательно – позволит взрослым понять индивидуальные особенности ребенка, выявить его способности и сформировать правильные жизненные ориентиры.

Очень важно постоянно подмечать и поощрять малейшие успехи детей, своевременно и тактично помогать каждому ребенку, развивать в нем веру в собственные силы и возможности.

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Бухарбаева Сандуғаш Мейрхановна Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы

114

Құмсай жалпы білім беретін орта мектебі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Инклюзив–сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты:Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.

Инклюзивті білім беру–мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп табылады.Қазақстан Инклюзивті оқыту–даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.

Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр.

Оқытуды күшейту құралы ретінде танымдық іс-әрекетті дамыту туралы құнды пікірлер Ф.Бэкон, Д.Локк, Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, К.Гельвеций, И.Г.Песталоцци, И.Кант және т.б. еңбектерінде айтылды. Я.А.Коменский «Ұлы дидактика» деген еңбегінде: «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажет»,-деп ерекше атап көрсетті. И.Г.Песталоцци оқыту әдісінің жалпы психологиялық қайнар көзін іздеді, сол арқылы ғана адамның дамуын жүзеге асыруға болады деп есептеді. Ол алғаш рет баланың танымдық іс-әрекетіне әсер ететін оқытудың эвристикалық әдістемесін жасайды. Н.Г.Чернышевский еңбектерінде оқу процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетіне арқа сүйеудің маңыздылығы туралы көптеген пікірлер айтылады. «Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді адам болғысы келсе, - деп жазды ол, - өз бетінше ізденіп, оқу арқылы білім алуы тиіс». В.Г.Белинский баланың танымдық әлемін кеңейтудегі индуктивті әдістердің маңызына тоқталды. Оқушының танымдық ой-өрісін дамытуда маңызды оқыту әдістемесін жасауда К.Д.Ушинский зор үлес қосты. Материалдың көлемін, сипатын және оқыту әдістерін анықтауда оқушылардың жас ерекшеліктерін, ой-өрісі

115

мен қабілеттерін қатаң еске алуды, материалдың біртіндеп және тізбектеліп берілуін әрдайым сақтап отыруды, мазмұндауда да, анықтамалар мен қорытындылар, тұжырымдарды анықтап дәл айтылуын талап етті. Сондай – ақ шәкірттердің ойлай білуін дамытудың және өздігінше білім алуда маңызды біліктері мен дағдыларын меңгеру мәселесіне зор маңыз берді. Қазақ мектептерінде оқыту мәселесін жетілдіруде Ы.Алтынсарин көп үлес қосты. Ол оқу-тәрбие жұмысымен тек сабақ уақытында ғана шұғылдану жеткіліксіз екенін айтып, мұның кластан тыс түрлерін көрсетіп берді. Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде. «Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және айналасын, өз ортасын тануға, ой еңбегін үйретуге тиіс», - деп атап көрсетті. Қазақ мектептеріне байланысты дидактикалық міндеттерді қоя білу, танымдық іс-әрекет жолдарын табу,тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіру саласында Алтынсарин еңбектері маңызды болып табылады. Алтынсарин мұғалімнің міндеттері туралы нұсқаулары - оларға қалай оқыту керектігі, оқушылармен болатын байланыс, олардың қалай оқу керектігі – оның өз заманындағы оқыту әдістемесін терең және жан-жақты білгенін көрсетеді. Ол: «Баланың әрбір еңбегі құр босқа жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек», - деп жазды. Ы. Алтынсарин шәкірттің танымдық іс-әрекетінде оқыту әдістері мен тәсілдерінің маңыздылығына ерекше тоқталды: «... оқыту әдістері–балалардың жүре келе мектепке, сабаққа кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын жол», - деп атап көрсетті. Әсіресе, танымдық іс-әрекетте мұғалімнің басшылық роліне мән берді. Ол: «Мұғалім балалармен істес болады, егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан, әрбір затты ықыласпен қарапайым тілмен түсіндіру керек», - деп жазды.

Ш.Құдайбердиев білім беруде шәкірттің ойлау белсенділігін, ақыл- парасатын дамытуды басты бағдар деп таныды. Берілетін білім мен оның тәлімдік – тәрбиелік ғибрат жолын бөлмей бірлікте қарауға ерекше мән берді. Оқытудың әдіс - тәсілдеріне уақыт деңгейі тұрғысынан қарап, білім алудың өнегелі жолын дұрыс көрсетті. Демек, берілетін білім де, тәрбиелік тәлім де шәкірттің шамасына үйлеспесе, нәтиже шықпайтынын дөп баса айтқан: «Оқыту мен үйрету зорлау, күштеу емес, баланың дербес ерекшелігі мен бейімділігіне қарай жүргізілсе дұрыс болады»,-деп көрсетті.Сондай-ақ, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, сынды қазақ педагогтары да танымдық әрекет туралы құнды пікірлер айтты. А.Байтұрсынов: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалім балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек», - деп жазды. М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» деген еңбегінде: «...Бала

116

заттарды, көріністерді, ұқсас сындары бойынша тап-тапқа бөліп үйренсін, жеңілден ауырға көшуді естен шығармауы керек, көріністердің, олардың араларындағы байламды һәм олардың қайсысына себеп екенін тауып үйренсін. Бұл балаға мысалдардан ереже–заң шығартқызып үйрету сықылды істермен болады», - деп жазды. Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және оны жетілдіру мәселесі төңірігенде жүргізілген зерттеулерді талдай отырып, бұл мәселені практикада шешудің түрлі жолдарын былайша бөліп көрсетеді: -танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (Әбілқасымова А.Е.,Есипов Б.П.,Скаткин М.Н.,Құдайқұлов Ә.М., Голланд Е.Я., Хмель Н.Д. т.б.); -танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру (Богоявленский Д.Г., Кабанова-Меллер Е.Н., Қазмағамбетов А.Ғ., Эльконин Д.В., Омарова Р.С. т.б.); - іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы (Гальперин П.Я., Смаилов С.С., Мустояпова А.С. т.б.); - оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы (Рувинский Л.И., Половникова Н.А., Шамова Т.И. т.б.).

Сонымен, оқушының танымдық іс-әрекеттегі біліктерінің сапалық деңгейі оның дербестігін анықтайды, бұл ақыл - парасат дамуының жоғары деңгейіне және оқушының ой-танымдық дербестік арналарының даму ерекшеліктеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасауға болады.

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ

ТҮЗЕТЕ-ДАМЫТУ КӨМЕГІН КӨРСЕТУДІҢ МАҢЫЗЫ Есетова Л.Д.

Ақтөбе облысы, Алға ауданы А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Әлеуметтік – экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде мүмкіндіктері

шектелген балалардың жеке даралық ерекшеліктеріне, қазіргі қоғамдағы орнына, олардың мінез-құлық және мінез ерекшеліктеріне мән бермеу бүгінгі қоғам дамуында мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар және бала жасынан мүгедектер медициналық-әлеуметтік көмек алуға, оңалтуға дәрі-дәрмектермен, протездермен, протезді-ортопедиялық бұйымдармен, жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай-ақ, кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар.

Л.С.Выготский: «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі – бала психикасының даму шамасына қарай тәрбие талаптары, екіншісі–кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы

117

ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» - деп атап көрсетеді. Сондай-ақ, ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген.

Қазақта жетіні қасиетті санға теңесе, мен үшін де осы бағдарлама мазмұнындағы жеті модульдің қасиеті ерекше болды. Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппін. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады.Осы 7 модульді апарып сабақтарыма салған кезде сыныптағы көрініс, оқушылардың көзқарасы мен оқу үрдісіне қатысы бойынша орын алған өзгерістерге тоқталғым келеді. Осы жасаған сабақ жоспарым практикада белгілі бір өзгерістер енгізуді көздейді. Бұл өзгерістер мектептегі оқушыларға және әріптестеріме ықпал етті. Менің сабақтарыма енгізген өзгерістерге әріптестерім аса қызығушылық танытты. Мен оқу барысында көптеген мәліметтер алдым, жеті модуль бойынша қалай оқыту қажеттігін үйрендім. Соның ішінде бірінші модульға тоқталар болсам, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді мен әрдайым жандандырып, жаңартып отыруым қажет екенін, қалай оқыту керек екенін түсінуім қажет. Өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау білім берудің негізі.Күнделікті өмірде білім алып, білім алуды үйретуім керек екенін білдім,практика кезінде өз сыныбыма топтық және жұптық тапсырмалар беру арқылы және осы топтарға диалогтік оқыту тәсілінен сұрақтар түрін пайдалану арқылы оқушылардың сыни тұрғыда ойлана алуына мүмкіндік аштым. Енді мен практика кезінде өткізілген жұмыстардағы оқушы өзгерісімен өзімдегі өзгерісті айтып өтсем деймін. Бұл оқу кезінде мен ынтымақтастықты, сұрақ қою мен жауап беру үдерісін бағалауды, мәдениеттілікке барар жолды, серіктестермен әңгімелесе отырып, жағымды кеңес алуды, дарынды және талантты оқушыларды аша білуді үйрендім. Мен практикада жүрген уақытымда орта мерзімдік және қысқа мерзімдік сабақ жоспарларын жоспарладым. Жоспарлау кезі осы курсты оқып келгеннен соң сабақ жоспарын дайындауда көп қиындықтар алып келгені рас. Ойлана отырып, оқушыларды сабақ үстінде сыни тұрғыдан ойланып жұмыс жасай алуына бағытталған тапсырмаларды көбірек дайындау керек екенін ойладым.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер бағытында Л.Выготский диалогтік оқыту тәсілінің оқушы ойын жетілдіре, ойлануына, өз жауабын саралай қарап, нақты шешімге келуге ыңғайлы және білім беруде ең керекті әдіс екендігін айтып өткен. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықты оқи отырып, Л.Выготскийдің диалогтік оқыту тәсіліне мән бере отырып, сабақ құрылымында пайдаланып, оқушының білімінің тереңдеуіне ықпал ету мақсатында сұрақ түрлерін түрлендіріп жасауға мән бердім. Сабақта түрлендіре берген сауалдар кезінде байқап қарасам, оқушы сыни көзбен қарай отырып, жауап бергендері, сол жауапты дәлелдей білуі, ойын ашық

118

жеткізуі оқушының білім деңгейін бір саты болса да жоғарылататынын байқадым. Оқушылардың түрлі сұрақтарға жауап беру кезінде олардың жеткізе білу шеберлігін, ойын дамыта отырып дәлелді ақпараттармен жауап беруіне назар аудардым. Оқушыларға сауалды қоя білсең олардың жауабының нәрлі болып шығатынына көзім жетті. Жеті модульді мүмкіндігінше сабақ құрылымына қатыстыра отырып, өзімнің сабақ өткізу тәсілімнің өзгергендігін байқадым және оқушылардың сабақ өткізу кезінде топтаса жұмыс жасап ынтымақтаса білімді алуы қуантарлық жағдай деп айтсам болады.Топтаса,жұптаса отырып,жұмыс жасап, оны өзіндік дәлелдерімен жеткізе алуы сөйлеу мәдениетін жоғарылатады және сыныпта шет қалатын оқушылар болмайды. Үнсіз, енжар, селқостық танытқан оқушыларда ортада өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыланды.

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау әдісімен оқушылардың өздерін сабақта сыни тұрғыда ойлана отырып, бір-бірінің жұмысын бағалауды сұрадым. Бұл сабақтар орта мерзімдік сабақ құрылымында орын алды. Сабақтар топтамасының бірінші сабағында топтық жұмыстардың бағалануы жайында бағалау парақшаларын әр топ басшысына тапсырдым. Сабақта оқушылардан топ басшысының бағалауымен қатар оқушылардың әр топтан көзқарасын, баға беруін сұрадым. Сабақ түрткі болу сұрағынан басталды. Балалар сауалдарға белсене араласа отырып, жаңа сабақтың тақырыбын сауал арқылы аша білді. Әр топқа мәтін бөліктерін бөліп бердім. Әр топ өздеріне берілген тапсырманы он минут ішінде оқып, түсіну тапсырылды. Берілген уақыттан соң оқушылар әр топтан өз түсініктерін мазмұндап, әр топтың оқушыларының сауалдарына жауап берді. Балалардың бір-біріне тақырыпты түсініп алуы балалар үшін тиімді тәсіл болды. Оны оқушылардың өздері де жақсы меңгергендіктерін айта отырып, сабақ үстінде осылай меңгерсек болады екен ғой деген ойларын айта білді. Барлық тапсырмаларда оқушылардың жас ерекшелігі ескеріліп, талантты және дарынды балалар әр қырынан танылды, «өз түсінігі мен тәжірибесіне өзгерістер енгізе отырып» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2012), оқушыларға бағыт беру барысында мұғалімнің көшбасшылығы, топтық жұмыстарда өз тобын ұйымдастыру қасиеттері бой берген оқушылар көшбасшылығы көрініс тапты. Тапсырмаларды ұсынуда интерактивті тақта, мәтіндерді тыңдатуда аудио жазбалар, оқушыларға қосымша ақпараттар іздеуде ғаламтар ресурстарын пайдалануда АКТ модулі кең көлемде қолданылды. Бағалаудың формативті түрі сабақтың әр кезеңінде бой берсе, сабақ соңында жиынтық бағалау белгіленген өлшемдер бойынша қойылып отырылды. Оқытудағы жаңа тәсілдер мен сыни тұрғыда ойлауға үйрету модулі аясын қамтыған әдіс-тәсілдер, стратегиялар қатары кең көлемде орын алғанына жоғарыда тоқталып өтілген сабақтар топтамасы дәлел.

Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсатым – осы жеті модульді жүйелі қолдана отырып, өз тәжірибемді жетілдіру болмақ.

119

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕНТТЕНДІРУ НЕМЕСЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ

Жекешева Рыскуль Аманжоловна Ақтөбе қаласы, №5 «Жұлдыз» санаториялық түрдегі туберкулез

бөбекжай-балабақша» ММ тәрбиешісі

Вольдорф педагогикасы баланың іс-әрекеті мен еңбек нәтижелерін бағалауды қажетсіз деп тауып, бұл ұстанымдарын былай түсіндіреді. Бағалаудың бала дамуында жақсы жақтарымен қатар, көлеңкелі де тұстары бар, өйткені бағалау баланың табиғи дамуына кері әсер етеді, жетістіктерге жету үшін балалар өз мүмкіншіліктеріне қарамастан талапқа бағына отырып, іс-әрекеттерді орындау барысында өз еңбегінен рухани ләззаттан гөрі, әуреге, іштей және сыртай күйзеліске түседі, бұндай еңбек нәтижесі балаға ешқандай қуаныш әкелмейді. Ал біржақты нәтижесін ғана ойлау, әрекеттің мәнін жойып немесе көмескілендіреді деп ой қорытады. Қорыта айтқанда бұл педагогиканың көздеген мақсаты баланы – жақсы көре отырып, жағымды ортада, жақсылық пен ізгілікке тәрбиелеу.

ТРИЗ педагогикасы бағытындағы бағдарламада балалардың жас күнінен дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, ақыл-ой күші мен интелектуалдық қажетсінулерін дамыту бағытында құрылған.

Бұл бағдарламаларды саралаудан шығатын қорытынды бағдарламалардың әр қайсысының өзіндік бағыт-бағдарымен, алға қойған мақсат-міндетеріне қарамастан барлығын тоғыстыратын негізгі мақсат – баланы тұлға немесе дербес адамға жеткізудің жолдарын, әдіс-тәсілдерін іздеуі мен сол ізденістерін ғылыми негіздеп тәрбие бағдарламалары мен педагогикалық бағыттарды жасауында.

Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш, ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.

Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек.

Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал, театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды. Театрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған.

Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын

120

жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту.

Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.

Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі, қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді.

Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып, өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді. Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.

Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы бес бөлімнен тұрады.

Театрландырылған ойын.Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді:

- дамытушылық; - әсемділік; - театрлық. Ырғақты иілгішті (ритмопластика)–бұған кешенді (комплекс)

ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының нақтылығымен еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым-қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық, психологиялық қабілетін дамытады.

Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрылымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айтылатын ойындар кіргізілген. Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту, шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйретеді.

Жаттығулар 3-ке бөлінеді: тынысалу және артикуляциялық, дикциялық және интонациялық сөздер мен шығармашылық ойындар.

Театр мәдениеті: Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.

121

Қойылыммен жұмыс–жанама бөлім, авторлық саханалауға негізделген. Оған кіретін тақырыптар:

- қойылыммен таныстыру; - қойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру; - қойылымға қажетті құралдар дайындау. Көріністі безендіру; - Дайындық; - Қойылымды саханалау; - Театрландырылған ойынның жіктелуі. Драматизация. Режиссерлық. Драматизациялық ойында бала – артист,

интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын–драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды. Ойын драматизациясы көрерменсіз музыкалық сипаттағы орындау болады.

Драматизация түрлері: жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны; мәтін бойынша негізделген диалог, монолог, рөлдік ойындар; шығармашылық көрсетілім; бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойлым қою. Ал, драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады.

Саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.

Қуыршақ бибабомен ойын – драматизациясы. Бұл ойында саусақтарға қуыршақ бибабоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға болады.

Режиссерлық ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер және сахна қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орнында болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді, сондықтан ойында интонация мен мимика ерекше орын алады.

Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Ең көп тараған түрі: ойыншықтар театры – бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакльдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.

Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды – марионеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігігіндей болады. Бала өзіне костюм, үлкен бетперде, үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздері қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болып үш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екі бұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақ

122

пен жүргізушінің мойынына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылы шығармашылықтарын дамытады. Бұл балалардың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне сене білуге көмектеседі.

Саусақ театрында–саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады, шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.

Үстел үстіндегі театры – сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрден, қораптардан жасалған ойыншықтар, таяқшадан жасалған театр, «киндер- театр», магнит театры, «мочалка театр», үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады (олар өздерінің формасын ұстағандай пластмасса бутылкаларға кигізіп қояды), ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар (дымковский ойыншықтар).

Суреттер (картиналар) театры–декорация мен кейіпкердің – суреттері. Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда болады, балалардың қызығушылығын арттырады.

Стенд-кітапша театры–бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі. Стенд-кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді көрсеттеді (оқиғалар, кездесулер).

Фланелеграф театры – суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалармен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.

Трафарет театры – трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзіне берілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл-қозғалысын өзгерте алады.

Көлеңкелі театр – жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке таетрдың қойлымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі

123

мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсеттеді. Көлеңке театрдың сахнасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың картоннан жасайды, ою-өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жұқа картоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрістері дамытады.

Ертегіден үзіндіні ойнау–әр түрлі мінез-құлықтармен өткізіледі. Режиссерлық ойын (құрылыс және дидактикалық материалдармен) Ертегі балаларға ерекше айқын эмоционалді оқиғаны әңгімелейді. Ертегідегі кейіпкерлердің суреттін салуға бояуға үйрету. Үстел үстіндегі қозғалмалы ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттінен кейін ойнатуға болады. Онда балалардың өздерінің шығармашылықтары арттады. Театрландырылған ойынды басқару негізіне әдеби шығармашылық мәтінмен жұмыс істеу жатады. Мәтінді оқығанда әдеби тілмен анық, мәнерлеп оқу керек. Әр түрлі жастағы бала бақша топтарында жүргізілеттін театр–ойын іскерліктерін дамыту жұмыстарының мазмұнының ерекшеліктері. Балаларға арналған қөркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінге балалардан эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады.

Тәрбиеші,дайындық топтарының балалары сәбилерге кішігірім спектакльдер көрсетеді, бұған әр түрлі театр түрлері қолданылады: бәрімізге таныс картиналар театры (фланелограф), саусақ театры. Сәбилердің ынталарын, әр түрлі түстерді ажырата алуына көмектеcеді. Сәбилер тобындағы балалар ертегінің мәтінін өздері қайталамау үшін, олар берілген іс-әректті орындайды. Мәтінді тәрбиеші 2-3 рет оқу қажет. Рөлмен ойнау балалардың елестету белсенділігін арттырады, өз бетімен шығармашылық ойынға дайындалуға көмектеседі.

Театрландырылған ойынға қызығушылықтарын қалыптастыруға қуыршақ театрының қойылымын көру көмектеседі. Оны тәрбиешінің өзі немесе дайындық топ балалары көрсетеді. Қуыршақ театры күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаларды мадақтау, мақтау үшін, олармен амандасып, қоштасу үшін қолданылады. Күнделікті ойнайтын ойындарды кеңейтіп, драматизация ойынның әр түрлігін меңгеру арқылы, балаларды қатыстыра отырып ойын тапсырмаларын біртіндеп қиындата түсу керек.

Адамдар, жануарлар және құстардың әрекеттерін ойын арқылы келтіру. Адамның негізгі эмоциясы (күн көрінді–балалар қуанады, күледі, алақандарын соғады, орындарында секіреді). Кейіпкердің эмоциясын біреу арқылы іс-әрекеттің бірізділікпен байланысындағы ойын – әрекеті. Жақсы таныс ертегілер кейіпкерлерінің бейнесіндегі ойын – әрекеті. Музыкалық ойын–әрекеті. Тәрбиешінің оқуы арқылы бір кейіпкермен мәтіндегі өлең арқылы ойын – әрекеті.

Қысқа ертегі,әңгіме,өлеңдердің мәтінін тәрбиешінің айтылуымен қойылатын ойын–әрекеті.Балалардың шығармашылығы тек рөлдерді

124

орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді.Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде театр ойындар түрі тиімді нәтиже береді.

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ: ТЕОРИЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ

Жетенова А.Ж. Ақтөбе облысы, Алға ауданы

А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі

Қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр. Оларды оқыту кеңейіп, түзетіп қолдау технологиялары жетілдірілуде. Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айырықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – олардың әлеуметтік ақталуы мен бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің 38 арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған [1, 17]. Инклюзивті білім беру– мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерде тең жағдайда бірдей білім алуына қолжетімділігін ұйымдастыру. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру. Тәжірибе көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады [2, 19]. Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін қандай арнайы жағдайлар қажет: -Ең алдымен, даму мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыс жасай алатын мамандар даярлау. -Екіншіден архитектуралық кедергілерді жою. -Білім мекемелерін арнайы тұтқалармен, парталармен, үстелдермен және басқа да компенсаторлық құралдармен жабдықтауды, көтергіш қондырғылар, пандустар, санитарлық бөлмелердің арнайы қондырғыларын орнататын іс-шаралар кешенін бастау қажет. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында

125

инклюзивті білім беруді жетілдіру мақсатында төмендегідей мәселелерді қарастырады. Инклюзивті білім беру шеңберінде жалпы және арнайы білім берудің өзара әрекетінің тетігі әзірленеді, мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары әзірленеді, мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың тәртібі әзірленеді. Осы жұмыстардың барлығы да Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы»,«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңдарын және Ережелерді басшылыққа алады. Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылардың тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді, бұл баланың өзін-өзіне бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады.

XX ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер» - деген. Әр ұстаз өзінің өмірлік тәжірибесінде баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру ретінде алдына мақсат етіп қоюы керек. Осы мақсатпен оқушының шығармашылық қабілетін дамытуды негізгі ұстаным ретінде қолдануы тиіс. Ондағы басты мәселе: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық мүмкіндік туғызу, қабілетіне қарай шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтандыру, бойындағы қасиетіне қарай ізденуге жол көрсету, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беру. Бүгінгі күнде қоғам қойып отырған талаптардың бірі, міне, осы шығармашылық адамын тәрбиелеу. Ендеше, осындай шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады.

Оқушының шығармашылық әрекетінің негізгі сипатамаларын және оларға сәйкес қалыптасатын қабілеттіліктерін Ю.Г.Юдина мына түрде қарастырады: 1.Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің міндетті түрде талап етілуі: оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы жыл соңындағы шығармашылық емтихан, жылдық мектептік көрмеге қорытынды жұмыс тапсыру, т.б. 2.Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің пайда болуының жан- жақтылығы: жаңа ситуацияға байланысты білім, икемділіктерін қолдана білу, таныс объектілердің жаңа функцияларын көре білу, шешімдердің баламасын таба білу, мәселенің белгілі шешіміне қоса шешімнің жаңа, тың әдістерін таба білу. 3.Сыныптағы ерекше эмоционалдық шығармашылық атмосфера және оқушының қызығушылығы, белгілі эмоция, сезімдердің барлығы оқушылардың шығармашылық әрекетінің шарты ретінде эмоциялық шығармашылық атмосферасы болып есептеледі. Кейбір оқушылар үшін эмоциялық қызығушылық белгілі-бір пәнді меңгеруге деген негіз болып

126

табылады. Ал, кейбір оқушылар үшін эмоциялық көңіл-күй олардың болашақ шығармашылық жұмыстарына бағыт береді. 4.Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған сол пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет оқушыны өзіне тарта, баули түседі.

Шығармашылық әрекет–мәселені қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану,негіздеу, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу барысында нәтиженің нақты көрінуі. Оқушының ең жоғары өздік шығармашылығының деңгейі–оның мәселені қоюы мен оны шешудің жолдарын табуынан көрінеді. Мұнда жаңа білімді меңгеру үрдісі шығармашылық ойдың қалыптасуымен және дамуымен бірге жүреді. Демек шығармашылық ойдың нәтижесі – тек қана белгілі ұғымдарды қайталап, жаңғырту ғана емес, сонымен қатар жаңа білімді жасау, тапсырманы орындауда жаңа жолдарды ашу.

Шығармашылық қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру, қазіргі оқу үрдісінің ең басты талаптарының бірі.Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы ең алдымен оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатына тән. Біздің міндетіміз, оқушыға оның бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптастыру үрдісінде пайда болады. Егер шығармашылық оқушының жас кезінде бағалы бағдар болып қалыптаспаса, онда болашақта оның қалыптасуы екі талай. Жалпы алғанда, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда түрлендірілген сабақтың берері мол.

Оқушының шығармашылық қабілетін тәрбиелеуде бала қызығушылығын оятудың әдіс-тәсілдерімен қатар алуан түрлі тарихи және осы заманғы деректерді жүйелеудің, тұжырымдардың жеке құжаттарды жан-жақты сын тұрғысынан талдай білудің өзіндік зерттеу әдіс-тәсілдерін үйрету, бала бойына дарыту ұстаздың соңғы технологиялық үрдістерді пайдалануына байланысты. Оқушы қазіргі уақыттағы қоғамның даму мәселелеріне қорытынды жасайды және шығармашылықпен дәйектей отырып, өзіндік тұжырым жасайды.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту проблемасын ұқыпты қадағалау, оқу процесінің тиімді болуында қандай көрініс табады? Жалпы үлгерім, яғни олардың шығармашылық қабілетін дамытуға және логикасын дамытуға бағытталған тапсырмалар тек білім мен ұқыптылығына ғана әсер етіп қана қоймай, оқушылардың ойлау қабілетін дамытады.

Оқушыларды шығармашылыққа даярлау ісіне зор мән беру керек. Шығармашылық қабілетті дамыту ойлау қызметін жетілдірумен тығыз байланысты. Баланың ойлау қабілетін дамыту мәселесі мектеп тәжірибесінде

127

үлкен орын алады. Оқушы қабілетіне қарай ең басты мәселені айыра білсе демек ол күрделі шығармашылық мәндегі тапсырмаларды орындай алады.

Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Қорыта келгенде, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта оқыту, олардың білімге деген қызығушылығын оятып, ой-өрісін, ынтасын танымдық ізденімпаздығын дамыта түседі.Сондықтан оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту–маңызды міндет,күрделі ғылыми проблема.

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚУ МАЗМҰНЫНА ИКЕМДЕУ

Жоламанова Р.Т. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы

№1 мектеп - гимназиясының биология пәні мұғалімі

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік

128

әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. «Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген.

Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады. Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен, жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен, жаңалықты енгізу жолдарымен.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс.Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды:

Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.

Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен мәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.

Бейімділік өлшемдеріне болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті жатады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды

129

таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді.

Танымдық өлшемдері болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады. Іс-әрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттерін анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық үрдісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді.

Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық-педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу-тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым-қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет.

Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті болашақ маманның шығармашылық-ізденушілік дамыту кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми-зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады. Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады.

Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді. Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Масырова Р., Линчевская Т. – «Жаңару» дегенімізді былай деп түсіндіреді: Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма,

130

әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея. Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады.

Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке–дара кешені, бір-бірімен байланысқан), жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).

- дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады;

- қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі; - оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген

жаңа қабілет; - саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен

әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;

- ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

- ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала -субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;

Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.

Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады. Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады. Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды.

131

Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады. Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен, жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен, жаңалықты енгізу жолдарымен.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс.Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыруы мына көрсеткіштерді қамтиды:

Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі,кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.

Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен мәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.

Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады. Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі, инновацияны жан-жақты меңгеру, инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру, инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары, инновацияны практикада дұрыс қолдану. Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері

132

баршылық, атап айтатын болсақ: білім сапасының төмендігі, білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы, құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы, білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы, білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы. Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу.

Инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады: -білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты; -жаңа инновациялық технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады; -жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты –оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай: -әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу; -білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу; -өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту; -аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ Кадырова Мирамгуль Калиевна

№2 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясы бастауыш класс мұғалімі

Инклюзивті оқыту–барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы

133

білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді. Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу – педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi.

Функционалдық сауаттылық –менің ойымша, балаларға сапалы білім беру, яғни алған білімін қоршаған ортада қолдана білу. Бүгінде функционалдық сауаттылыққа байланысты жазылған мақалалар, пікірлер өте көп. Заманауи кадр болу үшін, үнемі жаңалықтан хабардар болып отыру керек. Сондықтан, білім саласында жаңа қандай әдіс-тәсіл енгізілсе, соны меңгеруге, тек меңгеріп қана қоймай, тәжірибе жүзінде қолдануға тырысамын.

Құрылысшы үй салады, үй салар алдында оның фундаментін құяды, ол қаншама мықты болса, үй соншама кез келген жер сілкінісі, немесе басқа да табиғи апаттарға төзімді келеді. Бүлдіршіндерге білім беру де солай болмақ, яғни білімнің негізі – бастауыш сыныптан басталады. Мектеп табалдырығын алғаш аттап, қолына бірінші рет қалам алып, әліппемен танысып келе жатқан баланың ертеңгі болашағы бастауыш сынып мұғаліміне көбірек байланысты. Сондықтан, алдыма қойылған үлкен міндетті абыроймен атқару керек. Ертең шәкірттерімнің жүздерінде қуаныш көру – мен үшін үлкен бақыт.

Ең алдымен тақтадан бастадым. Күнді, тақырыпты жаза отырып, әрбір санның қасиетін, апта атауларының бір-бірінен ерекшелігін, бір-біріне ұқсамайтындығын, ай аттарының мағынасын, шығу тарихы мен олар туралы аңыздарды әр сабақ барысында қысқаша айтып, сұрақ-жауап арқылы қаншалықты түсінгендерін біліп отырдым.

Екіншіден, әдебиеттік оқу, дүниетану сабақтарында берілген тақырып бойынша эссе, ой толғау жазғызып отырдым. Балалар қандай қажетті мәлімет алғанын, оның өз өмірімен нендей байланысы бар екендігін талқылауға үйренді. Тақырып бойынша алған мәліметін қай кезде және қандай жағдайда пайдалануға болатындығын ортаға салып ой бөлісуге дағдыланып келеді. Болашақта әділ, еңбексүйгіш, отансүйгіш, ұлтжанды азамат болуға тырысады. Олар жас та болса, оқыған шығармалары арқылы, өмірдің кей асу

134

белестерінің қиындығымен таныса алады, пікір таласуға да жаттығады. Пікір таласа алу, өз пікірін орынды айтып, дәлелдей білу – адамның басты құндылықтарының бірі болғандықтан, шәкірттерімді осы құндылықтарды берік ұстауға үйретіп келемін.

Үшіншіден, жоғарыда айтылған эссе жазу барысында, грамматикалық қателіктеріне баса назар аударып отырамын. Жазған жазба жұмыстарын алдымен өзі, одан әрі бірін-бірі тексеріп, қатесін табуға, ол қателіктерді келесі шығармада жібермеуге, дәптерді таза ұстауға, тазалық адамзаттың негізгі парызы екендігін санасына құйып келемін. Осылайша, оқушылар таза, сауатты, көркем жазуға үйренеді. Және де олар бірін-бірі тексергенде, ең маңызды мәселеге, яғни құрбысының немесе құрдасының жазу стиліне, көркемдігіне аса қатты көңіл бөледі, себебі әр сабақ барысында олардың санасына «дәптер – оқушының айнасы, оны таза, көркем ұста» деген ұғым сіңдірілген. Өз жұмысы үшін әділ бағаланған оқушылар, өздерін басқа қырынан көре алады. Өзін «жеті қырлы, бір сырлы» сияқты сезіне алады. Төмен бағаланған оқушылар, келесі сабақты асыға тосып, қатесін түзетуге, жақсы баға алуға тырысады.

Ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы да сабақ барысында функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған жұмыстар жасалады. Яғни, аудио, бейнежазбалардың көмегімен ауызша әдеби, мәдени сөйлеуге, бір сөздің бірнеше баламасын пайдалануға үйретемін. Көргені мен естігенін әңгімелеп, пікірін нақты жеткізе алады.

Осылайша оқу мен жазуды қатар ала жүріп, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруға септігімізді тигізу керек. Бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі жастар, яғни мемлекетімізді басқарушы азаматтар бололмауына кім кепіл?! Олай болса, ертең бармағымызды тістеп, тілімізді шайнап қалмау үшін, кішкентай кездерінен сауаттылыққа үйрету керек.

Кемел болашақ құру үшін білімді ұрпақ тәрбиелеу керектігін бүгінде барша ақпарат беттерінен оқып жатырмыз, теледидар мен радиолардан тыңдап, қажетті мәлімет алып отырамыз. Осы тұста аты әлемге әйгілі ғалым, ғұлама Ибн Синаға бір кісі 6 айлық баласын алып келіп, өз баласын қалай дұрыс тәрбилеуге болатынын сұрағанда, оған 6 ай кешіккендігін айтқандығы туралы аңыз есіме түсіп отыр. Ендеше, балаға тәрбие беруде, білімін жақсылап бекітуде бастауыш сыныптағы оқытудың маңызы зор.

Өткен ғасырда пайда болып, бүгінде қолданыста жүрген функционалдық сауаттылық туралы әр педагог әртүрлі ой қорытып жүр. Балаға берген білімі мен тәрбиесін ой елегінен өткізіп, тұжырымдап, белгілі бағдармен жұмыс жасауда. Алға қойған мақсатқа жетіп, міндеттерін орындауға септігін тигізуде. Теория жүзінде алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға үйретуде. Үздіксіз ізденуде.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА НЕГІЗІНДЕ

135

ЕРЕКШЕ БАЛАҒА БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Кетебаева Гүлайым Базылқызы Ақтөбе облысы, Алға ауданы

А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі

Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту – даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында – тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі. Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді.Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе жалпы балалалр оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын сыни тұрғыдан ойлай білетін, тұлға дайындау болып отыр. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім». Біздің тәуелсіз елімізде өркениетке жетелер жолдың бастауы – білім ордалары десек, оның тірегі мұғалімдер қауымы. Ұстаз алдындағы зор міндет дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті

136

оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Сондықтан да, білім беруде реформалауды жүзеге асырау сатысы – іс-тәжірибені өзгертуді жүзеге асырушы: кәсіби-педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ. Мектеп мұғалімдері әдістемелік кешенді құру және әдіс-тәсілдерді дамыту мәселелері төңірегінде бірлесе жұмыс жасағанда ғана мектептегі білім мазмұны жаңарып, жетіледі, жұмыста оң өзгерістер пайда болады. Білім сапасын арттыру мен бағалаудың және білімге ынталандырудың пәрменді әдіс-тәсілдері жүзеге асырылады.

Заманауи мұғалімнің оқыту мен білім берудегі мақсаты: оқытудың жаңа әдіс-тәсіліне сүйене отырып, оқушының ізденгішітік, танымдық іс-әрекетін дамыту, өмірге көзқарасын қалыптастыру және оқушылардың игерген білімін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.

Оқытудың бұл түрінде–оқушы мен оқушы арасындағы, құрбы-құрдастармен әлеуметтік байланыс жасауда белсенді түрде білім жинақтайтындығымен құнды, табысты болып саналады. Сындарлы оқытуға негізделген тәсілде Сын тұрғысынан ойлауға үйрету ең басты әдіс болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің мақсаты – мұғалімді және оқушыны сыни тұрғыдан ойлатуға үйрету болып табылады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға сабақ барысындағы кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. «Біле бер қанша білсең – тағы тіле, жетерсің мақсатыңа біле, біле» деп Ж.Баласағұн айтқандай бұл сауалдың «сөз төркіні» әрбір ұстаз орта білім беру жүйесіндегі әлемдік озық жаңа әдіс-тәсілдерді оқып-үйрену және кәсіби білімі мен біліктілігін дамыту керек. Мұғалімнің сабағында жаңа әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, дұрыс нәтижеге жетсе, мұғалімнің мақсатының орындалғандығы. Мен өз сабақтарымда яғни, математика пәндерін өту барысында сабақ мақсаты мен міндеттерінің сабақтаса қойылуына үлкен мән беремін. Сондай-ақ берілетін білімнің көлемі мен сынып оқушыларының білім деңгейі де ескерілуі қажетті.

«Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс». Оқушының алған білімін өзі өңдеп, қорытындысын өзі дайындауға үйрету керек. Сонда ғана оқушы шығармашылыққа бет бұрып, ізденімпаздықты үйренеді. Мұғалім –басқарушы, ұйымдастырушы. Оқушы–ізденуші, орындаушы. Әрбір сабақтың нәтижеге бағытталып берілуі оқушы құзіреттілігін қалыптастырады. Оқыту жүйесі белгілі бір әдістемеге негізделеді.Әдістеме жан-жақты ойластырылып, тиімді қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың білімді меңгеруіне жеңіл тиеді. Мұғалім әдістемесі көп жылдар бойы ұстаздық қызметінің іс-тәжірибесінен күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға арналған зерттеулердің негізгі ерекшеліктері олардың оқу сабақтарын балалар үшін қызықты, тартымды және маңызды етуге бағытталуы болып табылады.

137

Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануда сабақ беру кезеңіндегі өз тәжірибемнің нәтижесінен түйіндегенім,әрине «дәстүрлі» сабаққа үйренген оқушыларымды жаңа жүйеге үйрету бірден аспағанын, белгілі бір уақыт қажет болғанын айтпай кетуге болмас, дейтұрғанмен өзім үшін де, оқушы үшін де жаңа бетбұрыс болғаны анық. Сабақтарымда топтық тәсілді тиімді қолданудың оқушының өзіндік білім алудағы нәтижелілігін ұғындым.

Қазіргі біздің қоғамға жоғары білікті, кәсіби дайындалған, шығармашылықпен ойлайтын оқушылар қажет. Заманауи білім берудің стратегиясы әрбір адамда табиғаттан берілген шығармашылық тума талантты жан-жақты дамыту болып табылады.

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – ӨМІР ҚАЖЕТТІЛІГІ Кулмуханбетова Жанна Жумабаевна

Ақтөбе облысы, Темір ауданы №4 Шұбарқұдық жалпы білім беретін орта мектебінің технология пәні мұғалімі

Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын,

енгіземін) немесе енгізілген білім беру–жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин.

Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарлама мен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген,яғни,баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарлама мен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп-интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.

Қазіргі таңда олардың мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағдарламалар және де әдістер бар. Алайда бұл тұрғыдан аса дарынды және талантты балаларды анықтау проблемасы мен орлардың ерекшеліктерін зерттеу әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған

138

проблемалалардың бірі болып отыр. Әдетте дарынды балара деп – өз құрбыларынан ерекшеленіп көзге түскен, өз жетістіктерін көрсете білген, және де құрбы құрдастарынан салыстырмалы түрде жоғары дамыған балаларды айтады. Бұл көрсеткіштерді барлығы мойындайды оқу орынындағы мекемелер де.

Көптеген зерттеулерге көз жүгіртсек, мұндай балалар көптеген жетістіктерде, ғылым жолындағы атақтарға, кәсіби шеберліктерде де өз құрбыларынан жоғары тұрады. Бірақ, оснындай жетістіктерге жеткен адамдардың өткен шақтарына тоқталатын болсақ, онда олардың оқып жүрген кездерінде мүлдем көзге түспегендіктері, тіпті кейбіреулерінің сабақты нашар оқығандықтары да анықталып отыр. Бірақ, оқудағы көріністер ол тек кана баланың жас кезіндегі бойына дарыған дарындылығымен ғана емес, сонымен қатар ол оқушының қызығушылығында, еңбекқорлығында да және де оның өз-өзін көрсетуге бағытталған жұмыстарына байланысты болуы мүмкін. Дарынды оқушыларда қызығушылық – таным процесіндегі таптырмайтын қажеттіліктердің бірі болып есептеледі. Бұған сүйенетін болсақ, онда тап сол қызығушылық дарынды оқщушыларды болашаққа жетелейтін баспалдақтардың бірі болып табылады.

Әрине бұл баспалдақтың ең алғашқы табалдырығында барлық балалар болады (дарынды да дарынды емес те). Қызығушылық – жаналық білуге ұмтылыс, барлық оқушыларға тән ойлау процесстерін нығайтуға бағытталған серпініс бастапқы кезде барлық оқушыларға тән. Ой оперцияларын қажет етіп отыру бірте-бірте оқушылардың одан әрі дамып жетілуіне және үнемі жаңалыққа бағыттап отыруы мүмкін. Қызығушылық, құмарлық, ой операцияларын үнемі қажет етіп отыру бірте-бірте тұлғаны қанағаттандыратын процестерге айналып отыруы мүмкін.

Дарынды балаларды қолдау, олармен мақсатқа негізделген нәтижелі қызмет атқару–12 жылдық білімге негізделген мұғалімнің басты да бұлжымас міндеті болып саналады. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Олай болса, бүгінгі мұғалімнің қызметі бала тағдырына аса ұқыптылықпен қарайтын жауапты да қиын қызмет.

ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ОҚУШЫМЕН ЖҰМЫС Кульмурзин Алтынбек Баккереевич

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Құмсай жалпы білім беретін орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі

Инклюзивті білім беру қазіргі кезде білім беру саласына етек жайып

келе жатыр, бұл дегеніміз сапалы білім алудың барлығы үшін тең болуымен

139

ескеріледі. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Инклюзивті білім беру – негізгі мектептегі барлық балаға олардың ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру болып табылады.

Жаңа технологиялар ішінде дамыта оқыту технологиясын ерекше атауға болады. Дамыта оқыту теориясы өз бастауын И.Г.Песталоцци, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин еңбектерінен алды. Ал дамыта оқыту процесінің ғылыми негіздемесі Л.С.Выготский есімімен байланысты.

Дамыта оқыту–күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының білікті кәсіби маман дәрежесіне ие болу қарастырылған, кәсіби білім беру барысында соған лайықты жағдайлар, материалдық база жабдықтау, өндірістік мекемелерге шығарып, тәжірибелік жұмыстар жүргізу.

Философияда дамуға мынадай анықтама беріледі: «Даму – мәңгі, қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс». Кеңістіктегі орын ауыстырудың даму болатыны себепті, онда уақыттағы өзгерістің түсірілген түрде сақталынатындығында. Қозғалыс әрқашан бір нәрсенің екіншісіне қарай қозғалуы, яғни басталуы мен аяқталуы бар заттардың, процестердің және басқалардың қозғалысы ретінде өмір сүреді. Даму спираль тәрізді, қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінде, санның сапаға ауысуы түрінде және керісінше өрбиді.

Негізінде,дамыту оқыту–нақты өмірде және сол өмірдегі табиғи дамудың заңдарын танып, соған сүйеніп ұйымдастырылатын оқу-танымдық үрдісті білдіреді.

Дамыта оқытудың мақсаты: -Оқушы субъекті, яғни ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, тәрбиелей алады. Мұғалім мен оқушының арасындағы «субъектаралық» қатынас болуы керек -Баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды. -Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала– тыңдаушы, мұғалім – информатор емес, керісінше бала–зерттеуші, ізденуші, жаңалық ашушы, мұғалім – оқушы іс-әрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші.

Дамыта оқытудағы негізгі мақсат – білім мазмұнын жаттандылықпен үйрету болып табылмайды, білім мазмұнын оқушы өз бетімен жасалатын көптеген ақыл-ой әрекеттерін орындау арқылы меңгерту және оқушыларды теориялық топтастырылған ұғым жасауға үйрету, яғни бастауыш сынып оқушыларының теориялық ойлауы мен тілін дамыту.

Дамыта оқыту жүйесінің міндеттері: • Біріншіден, ақпараттық (мәліметтік) жағынан қарастыру, яғни, оқушыларға қазақ тілінің морфологиясынан алатын білім мазмұнын іріктеу, қай мөлшерде екенін анықтау және қалай, қандай әдіс-тәсілдер арықлы тиімді түрде меңгертуге болады;

140

• Екіншіден, психологиялық жағынан қарастыру, яғни, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелерін қарастыру; • Үшіншіден, кибернетикалық жағынан қарастыру. Дамыта оқытудың басты ұстанымдары ретінде мынадай ұстанымдар алынады: -Сабақтың құрылымын проблемалық сабақ ретінде құру ұстанымы; -Оқушылардың ойлау қызметін белсендіруде көрнекі–нақты, практикалық,көрнекі–бейнелі, дерексіз, теориялық сияқты түрлі ой операциялары мен ой амалдарын қолдана отырып, сапалы түрде теориялық ойлауын дамыту ұстанымдары; -Пәнді оқытуда индивидуалдық және саралай оқыту талаптарын ескеру ұстанымы; -Оқушылардың тілдік құбылысты оқып-меңгерудегі ой қызметінің қадамдық, сатылық, алгоритмдік, эвристикалық, проблемалық, шығармашылық қызмет түрлерін қалыптастыру, ұстану; -Оқытудың ғылымилығы мен жүйелілігі ұстанымы.

Осы ұстанымдар негізінде пәнді дамыта оқыту әдіс-тәсілдері, құралдар және оқытудың негізгі формалары сабақ пен сабақтан тыс жұмыстардың құрылымы, оқушылардың ізденімдік қабілетін дамытуға арналған басқа да жұмыс түрлері анықталады.

Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде, т.б.

Кәсіби білім беру мақсатының бір шама тұжырымы бар. Маман тұлғасын дамыту, ол оның толық кәсіби маман ретінде өсуінің, кәсіптік қалыптасуының, маман ретінде жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан, кәсіби білім беру орындарының мақсаты оқушының кәсіби жоғарғы деңгейдегі маман ретінде барлық жағдай жасау болып табылады. Ол үшін маман тұлғасының дамуын көздейтін кәсіби білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

Дамыта оқыту – кәсіби білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, кәсіби оқу орнында және одан тыс істе асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашаққа болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал. Маман тұлғасының дамуы түсінігіне оның қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне позитивті өзгерістер енеді.

Қазіргі кезде дамыта оқыту кәсіби білім беру орынын қалыптастыру жер-жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Кәсіби білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Осының нәтижесінде кәсіби білім беру орындарында дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін «осылай істе» деген

141

ұстаным бойынша танымал және тәжірибелік міндеттерді шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, оқытушы берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүргені жасырын емес.

Әлемдік тәжірибеде бірнеше түрлі өзара балама кәсіби білім беру орындар баршылық, әрбіреуінің ұтымдылығы әр түрлі. Мысалы, дәстүрлі кәсіби білім беру орын түлектерінің білімділік деңгейі жүйелілік, теориялық, ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қолдануға іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңбері тар болып келеді. Маман тұлғасының дамуына айтарлықтай ықпал жасауды кәсіби білім беру орнының іргесінде іске асыру – қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Яғни, мемлекеттік білім беру стандарты бойынша, базистік оқу жоспарына негізделген, топты-сабақты ұстанымды сақтайтын, бірақ үнемі өзгерістегі, заманға қарай икемделудегі білім беру жүйесі және кәсіби мамандылық жетістіктерге ашық оқу орны болуы тиіс.

Маман тұлғасының дамуына максималды себепкер болу үшін дамыта оқыту идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан. Соның ішінен сабақ беруге басшылыққа алып, қолдануға ыңғайлысын келтіре кетейік. 1. Оқыту үрдісінде танып-білуге арналған материалға және оны игеру уәжіне

оқушының қызығуын тудыру. 2. Оқытушы білім беру мазмұнын өңдеп жоспарлағанда оқыту үрдісін маман

өз мамандығы бойынша біліктігі мол, не басқа білім алу мәселесін шешу барысында білікті мамандарға сүйене білу, ал нәтижесі оның үздік білікті маман болатындай етіп жасау керек.

3. Жұмысты тексеруде баға оқушының жеткен нәтижесіне емес, оның еңбегінің мөлшеріне сәйкес қойылуы керек.

4. Дамыта оқыту үрдісінде білім дайын берілмеуі тиіс, оқушы білім тереңіне қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқасында өзі жетуі керек.

5. Оқушы санасына әл бастан болашақ маман ретінде қарап, соған байланысты қиын тапсырмалар беріп, дұрыс орындалуын тексеріп отыру керек.

Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Оқытушы–сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Маман дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей: − оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын игеру жүйесін жетілдіру;

142

− оқыту үрдісінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;

− оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын дамыту; − оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекеттерінде жете ұғынуға

талпындыру; − белгілі бір мәселе шешуге оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін

ұйымдастыру; − көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану; − оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін

ұйымдастыру; − оқу үрдісінде комьютерлік технологияларды қолдану; − оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу

материалын игерудің мүмкіншілігін ашу; − дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану; − жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру. Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы

дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар: − оқу орындарында және әр топтарда, оқу топтарында оқытушылар мен

оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру;

− оқушы мен оқытушының қарым-қатынасы; − оқыту үрдісінде репродуктивтік және шығармашылық іс-әрекеттер

оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдаймен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы;

− оқыту деңгейінің анықталған бірізділікті-біртіндеушіліктің болуы; − оқу материалы бөлек-бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса кіріктірілген

курстардың да болуы; − оқушылардың кәсіптік мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты

дамуына ынталандыруды көздеген әр түрлі әдіс-тәсілдерінің кең қолданылуы;

− оқушылар әжептәуір уақыт аралығында мысалы, белгіленген бір тұрақты топтарда сабақтасуы;

− балалардың эмоционалды-сезімділік және абстрактілі, логикалық ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі;

− үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бәріне бірдей екендігін естен шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үрдісінде әрбір оқушының қажеттіліктері мен қызығуларының ескерілуі;

− оқу жоспарларында міндеттелген және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау;

− оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы.

Осының барлығын іске асыру үшін кәсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, ұстаздықтан жалықпайтын, жаңалықтан жаны шошымайтын,

143

танымгер, өз ісіне құштар, яғни деонтологиялық әлеуеті жете дамыған оқытушы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын жүзеге асыруға қатысты құжаттар жинағы. – Алматы, 1999.-350 б. 2.Давыдов В.В. Принципы обучения в школе будущего – М., 1974.-295 с. 3.М. Шалғымбаева. Даму негізі – білімде. //Қазақстан мектебі, 2005. №3.

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН

БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ Кульмурзина Жаркын Сарсенбаевна

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Құмсай жалпы білім беретін орта мектебінің физика пәні мұғалімі

Қазақстан қазір қарыштап дамып, дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді

мақсат етіп,осы жолда жан-жақты кемелденудің өзіндік үрдісін қалыптастыруда. Өйткені әлемдік жаһандану рухани даму мен кемелденуді талап етіп отыр. Сондықтан еліміздің жалпы біртұтас мемлекет ретінде қалыптасуына жастардың маңызды орын алатыны сөзсіз. Бүгінгі жастар қандай құндылықтармен тәрбиеленсе, болашақ та сондай болмақ, яғни, озық жетістіктерге негізделген білім нәрімен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын барынша бойына сіңірген жастарымыз ұлт тағдырын тереңнен таразылап, болашағын барынша болжайтын тұлға ретінде танылатыны анық.

Білім берудің озық технологияларын меңгеру қазіргі заманның басты талабы. Үнемі шығармашылықпен жұмыс істеу, үздіксіз іздену арқылы мұғалім өз шеберлігін арттырып отыруы қажет. Білім беруде оқытудың әр түрлі тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың тақырыпты терең де жан жақты түсінуіне жағдай жасап, өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастыра білу мұғалім міндеті. Мұның барлығы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді, әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатуды талап етеді.

Оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді, сыни тұрғыдан ойлауды, бағалау түрлерін пайдалана отырып оқыту қажет. Сабақтың басында оқушылардың сабақ алдындағы көңіл-күйлерін анықтап алып, тренингтер арқылы көңілдерін көтерулеріне мүмкіндік жасау–сабаққа дайындық кезеңі. Оқушылар бір-біріне күлімдеп қарай отырып, күлкі арқылы өзінің де, өзгенің де көңілін көтеруге болатынын байқайды.

Ынтымақтастық қағидаты оқушылардың мұғалім берген білімге сенім арту орнына жауапкершілік сезімін, өзара қолдау көрсету сынды қасиеттерді дамытуға арналған өз қызығушылықтарына сай әр түрлі шараларды өздері таңдай алуына негізделген.

Оқушылар әр тапсырма сайын өзін де, өзгені бағалауға үйренеді. Бір-бірінің дәптерлерін тексеріп, бағдаршамға топқа бөлінген түстер арқылы

144

бағалайды. Осы бағалауда жекелеген оқушылар өздерінің алған бағасына көңілдері толмады. Оларға неліктен ондай баға қойылғаны туралы түсініктеме берілді.

Қазіргі замандағы жастарымыздың құндылық бағдарындағы дүниетанымы өздерінің әлеуметтік тәжірибесі барысында әр алуан көзқарастарын біріктірумен қалыптастырады.Біз құндылықтық бағдарлардың қайта бағаланып, жатқан өзгерістер дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Құндылықты бағыт-бағдар – бұл стратегиялық өмір мұраттары және жалпы дүниетанымдық алғы шарт ретінде танылған құндылықтардың адам санасында бейнеленуі. Құндылықты бағыт-бағдарлардың негізгі мазмұны – адамның саяси, философиялық (дүниетанымдық), адамгершілік наным-сенімдері,терең әрі тұрақты бейімділіктері, қылық-әрекет, мінез принциптері. Осыдан, қай қоғамда да тұлғаның құндылықты бағыт-бағдары тәрбие және мақсатты ықпал жасау нысаны ретінде қарастырылады. Олар арқылы еріктік күш салу, зейін, ой-өріс бағдарлары анықталады.

Құндылықты бағдардың дамуы–тұлға кемелінің белгісі, оның әлеуметтенуінің көрсеткіші, құндылықты бағыттардың тұрақты бірлігі тұлғаның келесідей сапаларының дамып, орнығуына себепші болады: тұлғаның тұтастығы мен сенімділігі, белгілі мұраттар мен принциптерге адалдық, осы мұраттар мен принциптерді іске асыру жолында ерік күшін аямауға қабілеттілік, өмірлік ұстанымдарға орай белсенділік, мақсатқа жетуде табандылық пен өжеттік [1].

Құндылық – бұл құнды нәрсе. Алайда, адам үшін не құнды және неге құнды? Кейде біреу үшін құнды нәрсе өзгелер үшін құнсыз болатын кездері де кездеседі. Бұл мәселені құндылықтар теориясы немесе аксиология (грек тілінде «ахіа»- құндылық және «logos» - ілім) шешуге ұмтылады. Аксиология –құндылықтар жаратылысы туралы, оның нақтылықтағы орны мен құндылықтық әлемдегі құрылымы туралы, яғни әлеуметтік және мәдени факторлар мен тұлға құрылымы арасындағы әртүрлі құндылықтар байланысы туралы ілім.

Құндылықтар проблематикасы ежелгі Шығыс және антик философияларында қарастырылғанымен, «аксиология» терминін тұңғыш рет Э.Гартман қолданды. Ойшылдар үнемі сұлулық, береке, қайырымдылық және т.б. түсініктердің мәнін ұғынуға ұмтылды, кейінірек мұның бәрі «құндылық» ұғымына біріктірілді. Философия тарихында «игілік деген не?» деген сұрақты алғаш қойғандардың бірі Платон. Ол болмысты «заттар әлеміне» және «идеялар әлеміне» бөле отырып, заттар әлемінде ақиқат, әсемдік, әділеттілік және т.б. сияқты жоғары игіліктерге сәйкес келетіндей ешнәрсе жоқ деп есептейді.

Құндылықтар мәселесі ХІХ ғасырдың ортасына дейін философиялық талдаудың дербес объктісіне айналмағанын айта кетуіміз керек. Антик философиясында ғана емес, одан кейінгі орта ғасырлар мен жаңа заман философиясында да құндылықтық сипаттамалар нақтылық, болмыс шынайылығы ұғымдарына енгізілді [3].

145

Бүгінгі Қазақстандық қоғамда құндылықты бағыттар қатарында ұлтжандылық, отаншылдық сезімдері, яғни өз халқымызды, оның салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін, әдеттерін, туған ел табиғатын құрметтеп білу- жоғары маңызға ие болып отыр. Сонымен әрбір адам үшін жоғары құндылық – бұл өмір, қамқорлық, гуманистік қатынастар негізі - әр адамның өз басын сыйлауы, өз адамгершілік сапаларына болған қатынас, ата-ананы, туған-туысқанды, отбасы, бала-шағаны ардақ тұту, табиғатты аялау және ең жоғары инабатты құндылық ретінде еңбекті қадір ету болса, өз халқымыздың бойындағы кемшіліктерді, теріс қылықтарды Абай былай келтірді: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі –надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік–күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады. Залымдық–адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адам баласына бөлінеді, бір жыртқыш хайуан есебіне қосылады». Абай өз сөздерінде қазақ халқын жамандау үшін айтпаған, ол тарихи тұманнан шығу жолын іздейді. Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес құнды із қалдырғандардың бірі, Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген Шәкәрім Батыстағы материализм мен идеализм тәрізді екі анықпен шектелмей, өз жолы – үшінші анықты ұсынады:

Еңбекпенен, өрнекпенен, Өнер ойға тоқылса,

Жайнар көңіл,қайнар өмір, Ар ілімі оқылса,-деп адамдыққа лайық қасиеттерді атап көрсетті [2].

Құндылықтар өмір сүріп қана қоймайды, сонымен қатар бір-бірімен салыстырыла отырып, өзіндік құндылықтық қатарды құндылықтық сатыны құрайды. Бізге белгілі барлық құндылықтар адамға бағытталған.

Әдебиеттерде құндылықтар жіктелуі былайша беріледі: виталды (өмір, денсаулық, игілік, экология және т.б,), әлеуметтік (әлеуметтік статус, жағдай, байлық, отбасы, тәуелсіздік және т.б.), діни (Құдай, сенім, ғұрып, шіркеу және т.б.), моральдық (қайырымдылық, достық, сүйіспеншілік, парыз, адалдық, әділеттілік және т.б.), эстетикалық (сұлулық, идеал, үйлесімділік және т.б.), саяси (заңдылық, мемлекеттілік, ата заң, азаматтық еркіндіктер және т.б.).Осылайша құндылықтар жалпы динамикамен сипатталатын мәдени реттеушіліктің қозғалмалы саласын білдіреді.

Әртүрлі аксиологиялық теориялар адамдардың құндылықтық қатынастары тәжірибелерін қорытындылай келіп, құндылықтардың қайталанып отыратын кластарын қарастырды.Мысалы Г.Риккерт құндылықтардың алты саласы болады деп есептейді: ғылым, дін, өнер, мораль, жетілген өмір және «құдыретті сүйіспеншілік».Г.Риккерттің құндылықтар иерархиясы принципі «бағалаушы субъекттен» келіп шығады [3].

146

Белгілі поляк философы және эстетигі Р.Ингартен құндылықтарды витальды (өмірлік) және мәдени деп бөледі. Алғашқылары – бұл утилитарлық құндылықтар, пайдалылық құндылықтары. Екіншілері – бұл таным құндылықтары, эстетикалық құндылықтар, әлеуметтік қасиеттер мен адамгершілік құндылықтары. Н.Ресчер өзінің құндылықтар типологиясында оларды әртүрлі адамзаттық қажеттіліктермен, мүдделермен, талап-тілектерімен байланыстырады. Н.Ресчер бойынша құндылықтардың мынадай категориялары бар: материалдық, экологиялық, моральдық, әлеуметтік, саяси, эстетикалық, діни, интеллектуалдық, кәсіби, сезімдік [3].

Жоғарыда айтылғандай, құндылықтар қоғамдық-тарихи практика үрдісінде пайда болады және оның сипаттамалары болып табылады. Құндылықтардың көптүрлілігі адамдардың практикалық әрекетіне енген субъекттік-объекттік және тұлғалық-қоғамдық қатынастар көптүрллігінен туындайды. Субъект объекттің қасиетін адамның танымдық және өзгертуші әрекеті үрдісінде бағалайды. Өйткені әлемді танудан оны өзгеруге көшу алуан түрлі бағалаулар жүйесінде іске асады.

Құндылықтар типологиясын ресейлік және қазақстандық зерттеушілер де келтіреді. РҒА әлеуметтік зерттеулерінің мәліметі бойынша негізгі он төрт құндылық тұрақтылығы байқалады: адам өмірі, еркіндік, адамгершілік, қарым-қатынас, отбасы, жеке бақыт, ұрпақ көбейту, әрекет мәні және күнкөріс көзі ретіндегі жұмыс, игілік (кіріс, денсаулық), инициативтілік (дәстүрді құрметтеу), тәуелсіздік, мейірімділік, беделділік, заңдылық.

ҚР ҰҒА саясаттану және әлеуметтану институтының 1996 жылғы мәліметі бойынша республика түрғындары үшін ең басты құндылықтарды былай үш топқа біріктіруге болады: 1.Өмірдің тұрақты және қалыпты деңгейі, республикадағы бейбітшілік пен тыныштық, отбасындағы береке, денсаулық, жеке және отбасы қауіпсіздігі, жақсы төленетін жұмыс, ұлтаралық келісім. 2.Азаматтардың құқығы мен еркіндігінің кепілі, экономикалық қауіпсіздік, жеке тәуелсіздік. 3.Қос азаматтылық, Қазақстанның тәуелсіздігі, кәсіпкерлік үшін жағдай жасалуы, қызметтік карьера.

Адам іс-әрекетінің, таным процесінің құндылық бағыттарын заман талабына сай гуманистік тұрғыда өзгерту теориясы мен практикасы педагогикалық жағынан іздеу, олардың өзара байланысын қамтамасыз етуді аксиологиялық әдіснама жүзеге асырады. Бұл әдіснама бір жағынан адамның қажеттіліктерін құндылық тұрғысынан қамтамасыз етуді зерттесе, екінші жағынан қоғамды гуманизациялау (ізгілендіру) міндетін атқарады.

Аксиологиялық көзқарас төмендегі аксиологиялық принциптер арқылы жүзеге асырылады: -біртұтас гуманистік құндылықтар жүйесіндегі философиялық көзқарастардың теңдігін мәдени және этникалық ерекшеліктерді сақтауы негізінде жүзеге асыруы;

147

-дәстүр мен шығармашылықтың теңдігі принципі, өткенді зерттеу мен қолдану бүгін және болашақта рухани жаңалықтар ашумен байланыста дәстүрді сақтаушылар мен жаңашылдардың бірін-бірі толықтыратын ынтымақтастығы негізінде жүзеге асуы қажет; -адамдардың экзистенциалдық теңдігі принципі құндылықтар туралы пікірталастан әлеуметтік мәдени парагматизмге көшу.

Аксиологиялық көзқарас гуманистік педагогикаға тән, себебі мұнда адам қоғамының ең жоғары құндылығы және қоғам дамуының өзіндік мақсаты болып табылады. Осыған байланысты білім беру бағытындағы, яғни педагогикалық құндылықтар да өзгереді. Ғылымда бұл құндылықтарды 3 топқа біріктіреді: - әлеуметтік педагогикалық құндылықтар; - топтық педагогикалы құндылықтар; - жеке педагогикалық құндылықтар;

Аталған педагогикалық құндылықтардың ішінен пәннің мазмұнынан туындайтын төмендегі құндылықтарды бөліп көрсетуге болады: - өзін қамтамасыз етуге бағытталған құндылықтар (мақсат құндылықтарын белгілейді); - құралдық құндылықтар (педагогикалық іс-әрекет, коммуникативтік іс-әрекет, педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретінде танылатын іс-әрекеттер); -қарым-қатынас құндылықтары (кәсібіне қарым-қатынасы, өзіне қарым-қатынасы, яғни қазіргі – «мен»- ретроспективті – «меннен» - идеал – «менге», оны үйреншікті «менге» айналдыру, маман – «менге» жету диалектикасы); - жеке қасиетке байланысты құндылықтар (теориялық білім, оны тәжірибеде қолдану іскерліктері, соған байланысты ізденісі, жаңашылдығы т.б.).

Педагогикалық құндылықтар гуманистік табиғатымен, бір-бірімен байланыстылығымен бірінен-бірі туындайтын тұтастығымен ерекшеленеді.

Ал нарық заманындағы адамның жағымды құндылықтарына белсенділік, жауапкершілік, іскерлік, жасампаздық, нақтылық, мақсаткерлік және т.б. жатады. Оның теріс жақтарына қатыгездік, өзімшілдік, тікмінезділік, әсіресе рационалдық, есепшілдік, тұрақсыздық, дәйексіздік, принципсіздік, құрал таңдамау, дәстүр сыйламау сияқты қылықтарын айта аламыз [2].

Қоғамдағы дамудың құндылықтық негіздерін іздеу, құндылықтардың белгілі бір жүйесін таңдау қарам-қайшылықты, бірақ табиғи үрдіс. Құндылықты бағыттар арасында қайшылықтар, әрекет-қылық пен мінездегі тұрақсыздықты туындатады. Құндылықты бағыт-бағдардың мешеуленуі адамның селқостығы мен енжарлығына себепші болады. Қоғамдағы қайшылықтарды шешу үшін, бір орталыққа негізделген құндылықтарды тепе-тең үйлестіру жүйесін құру қажет. Оның тетігін ұстап тұратын адам немесе әлеуметтік топ «ортақ мүдде» дегенді басшылыққа алу керек. Сонда ғана үйлесімді қоғам қалыптасады.

Қорыта айтқанда, жаһандану әлеміндегі студент әртүрлі құндылықтарды бойына сіңіре отырып, құндылықтарды бір-бірінен ажыратып, әдіс-тәсілдерін

148

айқындау барысында кәсіби психологиялық жағынан дербес, жоғары оқу орындарында алған білімі мен машығы негізінде отбасыларының құқықтарын әлеуметтік жағынан қорғай алатын, әлеуметтік ортада, оқу барысында, еңбек қызметінде және бос уақытында жан-жақты жарасымды дамуының мәселелерін пайымдай алатын іскер маманға айналады.

ЕРЕКШЕ ОҚЫТУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ОЙЫН

АРҚЫЛЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ Мустафин Бердігали

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Құмсай орта мектебінің математика-информатика пәндері мұғалімі

Бүгiнгі елiмiздiң өзiнiң даму барысындағы басты ұстанымы– Қазақстан

Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың әлемдегi бәсекеге мейлiнше қабiлеттi елу елдiң қатарына қосылу стратегиясы. Бұл – өмiрiмiздiң барлық жағын қамтитын күрделi де кешендi мiндет. Осы мiндеттi орындау барысындағы ақпараттық технологияны дамытудың рөлi мен маңызы ерекше.

Дамудың мүмкіндіктері шектеулі балалармен түзету-дамыту жұмысының мазмұнына қойылатын қазіргі таңға сай жоғары талаптарды іске асыруда ең алдымен логопедтің тұлғалық қасиеттері өте маңызды. Ол әлеуметтік және ұйымдастырушылық белсенділігімен ерекшеленіп, балаларды сүйіп, өз мамандығына берілген болуы керек. Логопедке педагогикалық шығармашылықтағы елес, бақылаушылық, жауапкершілік қажет.Қазіргі заман маманы мәдениеттің, қоғамның, рухтық құндылықтардың жеткізушісі, тек қана педагог емес, ең алдымен, жаңашыл, зерттеуші, шығармашылдық тұлға болуы керек. Адам өмірінде қарым- қатынас аса маңызды, ал қарым-қатынас сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан шыр етіп дүниеге келген бала қоршаған ортамен, анасымен дыбыс, тіл арқылы қарым-қатынас жасайды. Баланың сөйлеуі бойының өсуімен және дамуымен бірге қалыптасады және дамудың әртүрлі қатардағы сатыларынан өтеді.

Алайда тіпті кейбір балалардың естуі мен интеллектісі қалыпты болған жағдайда да, сөйлеуінің дамуында кідіріс болуы мүмкін. Бұндай балаларға дыбыс шығаруының бұзылуы, фонематикалық естуінің дамымауы, сөз қорының аздығы және грамматикалық қатарының дұрыс болмауы тән.

Студент - өз болашағын жасаушы, күнделікті дәріс және практикалық сабақтарда алған білімдерін іскерлік пен дағдысын, ерік-жігері мен шығармашылық белсенділігін іс-әрекеттің белгілі бір түрін меңгеруге жұмылдырып, өмір ағысына икемделе білген, болашағына сеніммен қарайтын жеке тұлға. Оның алдында тұрған мақсаты – әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу жөніндегі нақты қадамдарға өз үлесін қосу, қоғамымыздың жаңадан қалыптасып келе жатқан жаңа сапалық қарым-

149

қатынастарды бойына сіңіре отырып, нарықтық қатынастар жағдайында жемісті қызмет ету, мінез-құлық мәдениеті мен адамгершілік қадір-қасиеті бар, өмірге деген жеке дүнитанымдық көзқарасы бар рухани дүниесі бай, жалпы білімі мен кәсіби біліктілігі жоғары, әрі жан-жақты жетілген, кәсіби жағынан білімді маман болу. Жоғарыдағы міндетті шешу мақсатында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «...осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды,идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту, сонымен қатар білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қызметке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» – деген болатын.

Елімізде озық ақпараттық технологияларды жасауға жақсы ғылыми, математикалық негiз бар.

Қазіргі кездегі республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі саналы жан-жақты өзгертуге бағытталған кешенді шығармаларымен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мақсаты,бағыты,сипаты Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болуына, ұлттық білім беру ісінің әлемдік жүйесіне кірігуіне тығыз байланысты.

Үшінші мыңжылдық кезеңінде қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық қоғамға өту ісі алынады да, ал оның ең анықтаушы рөлін ақпарат түсінігі атқарады. Ақпарат стратегиялық қорға айналып, бұрынғыдай еңбек пен табиғи қорлар құны ең негізгі байлық болып саналатын болады. Ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тарату тәсілдері мен құралдары динамикалық түрде өзгеріске ұшырап, солар арқылы қоғамның инфрақұрылымы қалыптаса бастады.

Қазіргі замандағы ақпараттық және мәселені шешу құзыреттілігі оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Дыбыстық, графикалық,видео,мультимедия,гипертекстік элементтер мен қашықтан компьютерлік оқытудын мүмкіндігі пайда болды. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларда даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған программалық құрал.

Оқу процесінде жаңа ақпараттық технологияны енгізу ісі де математикамен тығыз байланысты өткізіледі. Сондықтан, математика пәні мұғалімдерді компьютерлік техниканы меңгеріп қана қоймай, оны өз пәндерінде кенінің қолдануда.

Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Пән ерекшелігіне қарай матаматика курсын толығымен компьютерлік негізде ауыстыруға болмайды. Мысалы,

150

аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Тек кейбір тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуді ғана компьютерлік технологияға жүктеу керек.

Оқушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады. Жаңа технологиялар–педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Сабақты компьютермен сүйемелдеу ісін жүзеге асыру, оны негіздеу осы негізден қарастырылуы тиіс: -матеметикада компьютерді пайдалану арқылы оқу сапасының артуы мен оқыту аймағының кеңеюіне байланысты қоғамның әлеуметтік талабына сай болуы; -компьютерлік технологияның бұрынғы дәстүрлі пәндерге, оның ішінде матеметикаға араласуы, енгізілуі; -оқушылардың әртүрлі компьютерлік техникалық құралдары игеріп, соларды тұтыну тәсілдерінің қалыптасуы, яғни оларды игеру оқушыларды жаңа білім ортасына жылдам енгізеді; -математикалық түсініктер мен концепциалды оқып үйренуге қажет жоғары деңгейдегі ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамытуда компьютерлік техниканың тұрақты қолдану мүмкіндіктерінің пайда болуы.

Ақпараттық оқытудың өз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше өткізу тәсілі бар екені белгілі.

Осындай сабақтар жасаудың мынадай негізгі кезеңдері: -оқыту мақсатын анықтау; -өтілетін тақырыптың, бөлімнің материалдарын талдау, керектілерін таңдап алу және оның тиісті құрылымын жасау; -оқыту тәсілін таңдау; -сабақты жобалау, яғни оның сценариін құрастыру; -сабақты жүргізудің программасын жасау (программалау); -оқу процесінде компьютерлік сүйемелдеу бар сабақтарды кіргізу.

Оқу материалының мазмұнын талдау мен тандап алу кезеніңде алдымен пән бағдарламасына сәйкес оқушылардың игеруге тиісті теориялық сұрақтарын, білімдерін анықтап қарап шығып, оған арналған сағаттар санына да көңіл бөлу керек. Бағдарламаны талдау кезінде пәнаралық байланысты есепке алып отыру ұмытылмауы тиіс. Материалды тандап алу кезінде сыныптың дайындығы, алдыңғы тақырыптарды игеру нәтижелері есепке алынады.

Мынадай тақырыптар: -арифметикалық (геометриялық) прогрессияның n – ші мүшесін және қосындысын табу; -квадраттық функциялардың графиктерін тұрғызу және зерттеу; -тригонометриялық, логарифмдік функциялардын графиктерін тұрғызу; -n – ші дәрежелі теңдеуді шешу.

151

Білім жүйесін ақпараттандыру және мәселені шешу құзыреттілігін әрі қарай дамыту барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кенінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады. Міне осыған байланысты тұлғалық өзекті тақырыптын мақсаты: -оқу танымдылық коммуникативтік құзіреттіліктің және ақпараттық оқу технологияларын жетілдіре отырып, математикаға деген қызығушылығын арттырып, оқушылардың ой-өрісін кеңейту.

Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі. Осы мақсаттарды жүзеге асырғанда оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Математика сабағында оқушыларды шығармашылық жұмысқа жұмылдыра отырып, электронды оқулықты пайдалануға болады. Электронды оқулықта барлық тақырыптар, тарау бойынша тест сұрақтары, өзіндік есептер, функциялардың графиктері толықтай қамтылған. Оқушылар электронды оқулықты пайдаланғанда, үлкен ізденіс үстінде жұмыс істеуге, оқуға, тақырыпты біліп-тануға қабілетін шыңдай түседі.

Оқытудың техникалық құралдарының ең маңызды дидактикалық ерекшелігі – оның ақпаратпен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілетіндігінде. Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде уақытты тиімді пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді. Оқытудың техникалық құралдар арқылы оқылатын тақырып пен құбылыстарға тереңірек бойлай аламыз. Компьютерлік технология мен оқытудың техникалық құралдары көмегімен оқушыларға колледж жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес құбылыстарды көрсете аламыз. Оқытудың техникалық құралдары көмегімен, оның ішінде экрандық-дыбыстық құралдар көмегімен оқу материалын ғылыми ақпараттық тұрғыдан бере аламыз. Сонымен компьютермен оқытудың техникалық құралдары төмендегі мәселелерді қамтиды: 1.Оқушыларға оқылатын тақырып туралы дәл ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттырады; 2.Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді; 3.Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады; 4.Оқушылардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады; 5.Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды; 6.Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.

Сонымен оқыту үрдісінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде дәстүрлі әдістер мен жаңа әдіс-тәсілдерді, технологияларды өзара сабақтастықта пайдалану, дәстүрлі сипаттағы жұмыс түрлерін жаңаша тұрғыда өзара ықпалдастықта пайдалану, математикалық білім беруді ақпараттандыру оң нәтиже береді деп есептейміз.

Пайданылған әдебиеттер: 1.Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. – Егемен Қазақстан, 19 қаңтар 2006 жыл (№16)

152

2.Математика және физика. №3-2005 жыл 3.Қазақстан мектебі. №9-2006 жыл

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ Нурманова Гульнара Салимгереевна

Ақтөбе қаласы №50 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Еліміздің Ата заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы тиістігі жазылса да, өкінішке қарай, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе күйінен түспей тұр. Олардың қатары жыл сайын өсіп жатқандықтан, жарымжан балаларға білім беру жүйесін жетілдіру қажет. Мәселен, 2002 жылы олардың саны 120 мыңды құраса, 2009 жылы 150 мыңға жеткен.Оның тек 38 пайызы ғана арнаулы білім бағдарламасымен қамтылыпты. Республика бойынша 101 коррекциялық мектепте және жалпы білім беретін мектептердің 1096 арнайы сыныптарында 24 мың бала білім нәрімен сусындауда. Ал жалпы білім беретін мектептерде 56 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі балалар оқып жүр. Қазір олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына жағдай жасау қажет. Сондықтан мамандар елімізде инклюзивті білім беруді дамыту қажет екендігін алға тартады. Осы мақсатта Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми – педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтта бас қосқан педагогтар, мүгедек балаларға инклюзивті білім беруді талқыға салып жатыр.

Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мекттептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы ерекше оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл сынып ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар.

Ерекше білім берудің мақсаты–даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Ерекше білім беру–мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды.

Ерекше оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік

153

беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата- анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, ерекше оқытуға міндетті.

Ерекше оқыту– ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Ерекше оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткеніндей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Ерекше бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Ерекше оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Ерекше бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ НЕГІЗІ – БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

Шәукебаева И.А. Ақтөбе облысы, Алға ауданы

А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Сөзімді «Еліміздің ертеңі–бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келеді. ХХІ ғасыр-бұл ақпараттық–қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениетіне мұқият қарайтын дәуір.

Ғылыми салада білімді технологияландыру жөніндегі зерттеулер пайда болып, кәсіби дайындықтың мазмұндық және жеке аспектілерімен қатар оның технологиялық аспектілеріне де қызығушылық көрсетілуде. ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесі білім беру проблемаларын шешудің жаңа бағыттарын қажет етеді. Біліктілік пен сол жаңалықты дұрыс ұғыну үлкен қажеттілік деп ойлаймыз. Қазіргі білім беру стандарттары құзырет, құзыреттілік ұғымдары арқылы дайындауды ұсынады.

154

Болашақ мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мәселесінің теориялық негізін айқындау «құзырет», «құзыреттілік», «түйінді құзырет», «білімділік құзыреттер», «базалық құзырет» ұғымдарының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты.Бұл ұғымдардың сипаттамасының маңызын белгілеу мақсатында оның ғылыми әдебиеттерде кездесетін қайнар көздерінің түпкі нәтижелерін анықтауға назар аударылуда.

Ғылыми әдебиеттерде бұл ұғымдарға әр түрлі бағытта анықтамалар берілген.

«Құзырет» ұғымы латын сөзінен шыққан, ол адамның мәселелерге жақсы хабардарлығын, танымдар мен тәжірибелерді меңгеру аумағын білдіреді.

Отандық, ТМД және шетел тәжірибелерінен «жалпы құзырет», «түйінді құзырет», «базалық құзырет», «пәндік құзырет», ұғымдарын анықтап, талқыланғаны айқындалады.

«Құзырет» латын сөзі, аударғанда адамның жақсы хабардар мәселелер шеңбері болып және танымдық пен тәжірибеге ие болуы деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір салада құзыретті болу – осы салаға негіздемелік талдау жасау және ондағы тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін лайықты білім мен қабілетке ие болу дегенді көрсетеді.

Қазіргі уақытта педагог-зерттеушілер бұл ұғымдардың мазмұнын, мәнін, категориялар арасындағы орнын, жалпы білім берудегі мақсатын ашып көрсетумен шұғылдануда. Осы орайда педагогика ғылымдарының жетістіктеріне сәйкес «құзырет», «құзыреттілік», ұғымының мазмұнын анықтау мақсат етілді. Атап айтқанда педагог ғалымдар берген анықтамалар төмендегідей:

• құзырет–білім алушының меңгерген білімін, оқу біліктері мен дағдыларын, әрекет тәсілдерді өмірде тәжірибелік және теориялық міндеттерді шешу үшін пайдалана алу;

• құзыреттілік – пайда болған мәселелер мен міндеттерді жедел түрде шешуге мүмкіндік беретін, түсініктілік жүйесін және соған сәйкес түсінудің, сыни ойлаудың болуын талап ететін тәжірибелік әрекетті жүзеге асыруға қабілеттілік;

• құзырет–тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білім, біліктілігі, дағдысы, мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы;

• құзырет– адамның өзінің іс-әрекет саласына сай құзыреттерді меңгеруі. Бұл анықтамалардан педагог-ғалымдардың өзінің зерттеу мақсатына

қарай «құзырет», «құзыреттілік» ұғымының мәнін әр түрлі бағытта ашып көрсеткені байқалады.

Әлемдік білім беру тәжірибесі құзыреттің төмендегідей сапаларын айқындап берді:

• интеллектуалды және іс-әрекеттерден тұратын білімді біріктіру; • нақтыланған білім беру мақсаты ретінде көріну;

155

• бір-біріне жақын мәдениет әрекеттердің біліктіліктері мен білімдерінің интегративті табиғатын сипаттау.

М.Чошанова кәсіби құзыреттілікті «кәсіби шеберлік деңгейі жүйесінде орындаушылық пен жетілдірушілік арасында аралық мәнге ие болу» деп түсіндіреді. Біріншіден, құзыреттілік нақты жағдайда ұтымды қолдану үшін жаңа ақпаратты меңгеріп, үнемі білімді толықтыруды ұсынады. Екіншіден, құзыреттілік тек білімді меңгеруге ғана емес, білімге байланысты міндеттерді шешуге әлеуетті дайындықты көрсетеді. Ал әдістердің икемділігі құзыреттіліктің маңызды сапасы болып табылады. Үшіншіден, құзыретті адам сыни тұрғыдан ойлауды меңгерген болуы қажет.

Кәсіби іс-әрекет – болашақ мұғалімнің сезімі, қабілеті, санасы, ойы мен тілін, ерік-жігерін, мінез-құлқын қалыптастырудың негізі болып табылады.

Ш.Таубаеваның пікірінше, тұлғаның кәсіби мәдени деңгейін көтерудегі негізгі қозғаушы күш – мұғалімнің кәсіби қызметке ынтасы мен өзіндік сұранысы болып табылады. Адам қажеттіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы – мұғалім ретінде өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі болып саналады. Аталған қажеттіліктің негізін болашақ мұғалімнің ойлауға, қарым-қатынасқа, еңбекке деген қабілеті құрайды.

Кәсіби мәдениеті жоғары деңгейде қалыптасқан болашақ мұғалім игеруге тиісті дағдылар: 1.Жаңаша ойлау, мәселені өз бетінше шешу әдістерін меңгеру. 2.Өзімен өзі және қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру. Оқушыны өзін-өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету.

Кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалімің меңгеруге тиісті білім: 1.Ғылыми теория, гносеология, әдістеме негіздерін білу; 2.Мамандықты және пәнін жақсы білу; 3.Өзіне деген сенімділік пен жағымды энергияның қалыптасуы.

Педагогикалық мәдениеті жоғары деңгейдегі мұғалім менгеруге тиісті қасиеттер: 1.Балаларды сүйе білу–ізгіліктілік қағидасының маңызды бөлігі және мұғалімнің маңызды сапасы. 2.Адамды құрметтеу – әр адамның бойынан тұлғаны көре білу – мұғалімге қажетті қасиет. 3.Оқушыларға, жалпы адамдарға сену–оқу үрдісіндегі жетістік кепілі, ізгіліктілік пен өзіне өзі сенім бағытын көрсетеді. 4.Баланы, адамды білу – тұлғаның жан-дүниесін білмейінше тәрбие жүйесіз жүргізіледі, гуманды болу – адамды тани білу деген сөз. 5.Қоршаған дүниені оқушының көзқарасы тұрғысынан тану. 6.Жеке тұлғаның рухани дүниесі мен табиғатына қамқорлықпен қарау – әрбір тұлғаның қайталанбайтын өзіндік рухани әлемі, оның тәжірибесі, әдеттері мен көзқарастары болады. 7.Жеке абырой сезімін сақтау және дамыту-онсыз тәрбие де, өзін-өзі тәрбиелеу де мүмкін емес.

156

8.Психологиялық білімді игеру. 9.Педагогикалық еңбек мәдениетіне бағытталу–мұғалімнің тұтастай дүниетанымын қалыптастыруға бағытталу. 10.Тұлғаның денсаулығына, психикасына, шығармашылыққа деген ұмтылысына зиян келтірмеу. 11.Тұлғаның дүниені тұтастай қабылдауына көмектесу. 12.Оқушының дұрыс шешім қабылдауына, проблеманы шеше білу қабілетінің дамуына ықпал ету. 13.Оқытудың инновациялық технологияларымен жұмыс істеу.

Кез-келген әлеуметтік жүйе, оның ішінде оқыту жүйесі өзара байланысты үш өлшеммен: құрылым, қызмет және даму деңгейімен анықталады. Аталған өлшемдер арасында өте тығыз байланыс қалыптасады.

«Құзыреттілік» анықтамасы әдебиетте білім мен мүмкіндіктің бірігуін, кәсіптік еңбек нәтижесін, жеке тұлғаның сапа мен құрам-қисынын, жалпы мәдениет пен кәсіптік бірлестігін, кәсіптік білім мен кәсіптік мәндік жеке сапа кешенін, тапсырмаларды барабар түрдегі дағды көлемінде орындай алуды, істің күрделі мәдени жиынтық түрлерін іске асыра алуын, адамның өзгелермен қажетті байланыс құрып, оны сақтай алуын т.б. білдіреді.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.«Біліктілікті арттыру жүйесі және XXI ғасыр білімі» ББЖ КБАРИ 40 жылдығына арналған халықаралық ғылыми- практикалық конференция материалдарының жинағы. - Алматы: ББЖ КБАРИ, 2005.-410 бет. 2.М.Ж. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» Алматы 2002 3.Жаңа педагогикалық технологиялар Қ.З. Бұзаубақова 4.ҚР-да білім берудің 2005-2010 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарлама 5.«Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту» атты облыстық ғылыми конференция материалдары 6.«Білім» ғылыми - әдістемелік журналы 7.«Қазақстан мектебі» журналы 8.ҚР-ны «Білім туралы» Заңы.

ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ

ЖАЗБАША СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ БҰЗЫЛУЫ МЕН ОЙ ӨРІСІН ЖЕТІЛДІРУ

Жанетова Данагуль Муздакбаевна Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кенті

А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің арнаулы сынып дефектологы

157

Қазірігі таңда Қазақстандық қоғамдағы жеке тұлғаға деген қызығушылықтың жоғарлауы бала құқығы туралы мәселелерді қарастыруға,мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік психикалық медициналық-педагогикалық көмек көрсетумен және оны зерттеу мәселесіне байланысты жаңа мәселелерді белсенді қарауға мүмкіндік беруде. Түзете дамыта оқыту сыныптырындағы психикалық дамуы тежелген оқушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес білім алуда. Психикалық дамуы тежелген оқушылар дегеніміз – оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін балалар. Психикалық дамуы тежелген балалардың бір бөлігінің жазбаша сөйлеу тілінің жүйелі түрде бұзылыстары болады, ал бұл олардың тақырыптарды меңгерулеріне кедергі келтіреді.Осы оқушылардың оқытудағы түзету міндеттерінің біріне сөйлеу тілін жан-жақты дамыту жатады. Оқушылардың тілін дамыту қазіргі кезде оқу-тәрбие ісендегі басты мәселе.Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларына мектеп бағдарламасын балалардың жас ерекшелітеріне сай тапсырмалар беріледі.Сол сияқты тіл дамыту жұмыстарына, мәтіндерді оқыту, ертегілердің мазмұнын айту,логикалық тапсырмаларды шешу арқылы жүзеге асырылады.

Психикалық дамуы тежелген оқушылардың тән белгілері: 1)Тез жалығу және шаршаудың әсерінен ынта мен қабілеттін төмендеуі. 2) Сезіммен еріктің жетілмеуі. 3)Сөздік қорының жеткіліксіздігі. 4) Ойын іскерлігінің толық қалыптаспағандығы. 5)Өзін-өзі бағаллау деңгейінің төмендеу. 6)Сөйлеу логикалық операциясының ойымен қиылыспауы 7) Ақыл-естің барлық түрлерінің бұзылуы. 8)Оқу бағдарламасының қабылдауының баяулауы

Сөйлеудің бұзылуына биологиялық және психологиялық факторлар ықпал етеді. Осыған байланысты тіл мүкістіктерінің бұзылуының бірнеше түрлерін ажыратып кетуге болады: 1.Дислалия - сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Мұнда тек дыбыстардың айтылуы ғана бұзылады. 2.Дизартрия – сөйлеу тіл аппаратындағы ағзалар мен тіндердің нервпен қамтамасыз етілуінің органикалық жеткіліксіздігінен сөйлеу тілінің дыбыстарды айту жағынан бұзылуын көрсетеді. 3.Ринолалия – ең алдымен сөйлеу тіл аппаратының анатомо-физиологиялық құрылысы бұзылады, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылады. 4.Алалия – тіл мүкістіктерінің ішіндегі ең ауыр түріне жатады. Мүкістіктің мұндай түріне шалдыққан баланың сөйлеу тілі іс жүзінде қатынас құралы бола алмайды. Баланың ана құрсағында және сәбилік кезде дамуындағы ми қабығының сөйлеу орталықтарына табиғи байланыстардың бұзылу әсерінен

158

сөйлеуінің дамымауы немесе мүлдем болмауы деген сөз. Алалия сөйлеудің болмауы, сөйлей алмау деген мағынаны білдіреді. 5.Афазия – бұған бас миының белгілі бір жеріне жинақталған зақымнан сөйлеу тілінің мүлде немесе жартылай жойылып кетуі жатады. Бұл көбнесе үлкен ми сыңарларының белгілі бір бөлігінің зақымдануынан болады. Афазия көбіне мидың белгілі бір жеріне қан құйылу, ми тамырларының тромбоз сырқатына шалдығуы, мидың ісуі, қабынуы, жарақаттануы салдарынан болады.

Сөйлеу екпіні оның мәнерлі тәсілдерінің бірі болып табылады. Аз ғана сөйлеп үйренген барлық балалар дерлік бір нәрсені бөлісуге асығады және олардың сөйлеу екпіні тым жылдам болады. Көптеген жағдайда жас үлкейген сайын бұл басылады, бірақ та кейде екпінінің патологиялық бұзылуы – тахилалия пайда болады.

Тахилалия (грек сөзінен tachus - тез, lalia - сөйлеу деген мағына береді) – сөйлеудің патологиялық жылдамдауы. Бұл ауруға жүйке жүйесі тозған, қоздырылған, шыдамсыз балалар бейім, алайда ауру кейде тұқым қуалайды. Бала тез сөйлегендіктен, тіпті оның дыбыс шығаруы дұрыс болғанымен оны түсіну ақылға сыймайтындай қиын. Бала демі жеткенше сөйлей береді және сөздерін қолдың жестикуляцияларымен; кейде аяғының және барлық денесінің ретсіз қозғалыстарымен жеткізеді.

Бала оқыста қатты қорқып, шошынып қалса тұтығу пайда болуы мүмкін. Тұтығу - бұл сөйлеу ырғағымен сөйлеу екпінінің бұзылуы. Әдетте

тұтығу сөйлеудің интенсивті даму кезеңінде пайда болады, көбінде бала 2-5 жасында фразалармен айта бастаған кезде көрінеді. Тұтығу балаларда үнемі жүйке жүйесінің әлсіреуінен болады. Сонымен қатар тәрбиелеу кемістігі, жанұядағы конфликтілік жағдайлар және тағы басқалары үлкен роль алады.

Тұтығуды органикалық және функционалды деп 2-ге бөледі. 1.Органикалық тұтығу–тек орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануынан туады, кез-келген жаста көрінеді және сирек кездеседі. 2.Функциональді тұтығу-көбінде орталық және жүйке жүйесінің перифериялық сөйлеу механизмдерінің органикалық зақымдануынсыз кездеседі.Бұл жеңіл қоздырғыш балаларда аяқ-астынан психикалық жарақаттың әсерінен туады.

Ата-аналар, егер бала тіпті кішкене тұтықса және бұл өте сирек болады, сонда да дереу маманға бару керек екендігін түсінуі өте маңызды. Кішкене стресстің болуы, қорқу және шаршау тұтығуды күшейтуі мүмкін.

Баланың сөйлеу тілінің бұзылуы-орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан себеп болады. Органикалық зақымдануға мидың қабынып ісінуі, сырттан болатын қатты соққыдан зақымдануы, босанған кезде миға қан кетуі және нәрестенің құрсақтағы дамуы кезеңінде және толғақ кезінде, сондай-ақ дүниеге келгеннен кейінгі бір айлығынан бір жас аралығындағы дамуында ағзадағы зат алмасу процесінің бұзылуы жатады.

Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тіліне қысқаша сипаттама. ПДТ балалардың тіл байлығы әдеттегі балаларға қарағанда

159

20-30% төмен деңгейде болады. Сөздік қорында бар сөздердің өзін қолданғанда олар көбінесе қате жеберіп,сөз мағынасын толық түсінбейтінің көрсетеді.Бұл балалардың сөйлеу тілін, күнделікті қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандырады. ПДТ балалардың сөйлеу тілінде лексика және грамматикалық ,логика,нақтылық,анықтылықтың сөздік қорының және грамматикалық үйлесімнің аздығымен ерекшеленеді,олардың фонетика-фонематикалық есту қабілеттері толыққанды жетілмеген. Дыбыстардың артикуляциялық ұқсастықтарын және дыбыстардың белгілері бойынша орындарын ауыстыру қателігі,дыбыстарды естіп ажыратуда қиналады.Сөзді қабылдауы және ритмін қайталуы бұзылған балалалр.Психикалық дамуы тежелген балаларда артикулияциялық жаттығулар жасағанда, тілді ұстап тұруда,бір қалыптан екіншіге ауысуда қиналады. Психикалық дамуы тежелген балалардың көбіне жазбаша сөйлеу тілі толыққанды дамымайды.Осы балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытда,халық ертегілерінің алатын орны ерекше. Сол ертегілердің негізінде көрініс қою, әңгімені сахыналау байланыстырып сөйлеу тілін дамытады. Ертегілердің осындай ерекшеліктері, балалардың талғамын күшейтіп,сөйлеу мәдениетін, байланыстырып сөйлеуін дамытып,өз ойын жүйелі айтуға,жеткізе білуге үйретеді.Психалық дамуы тежелгеоқушыларды оқытуда тіл дамтыу жұмыстары мынандай бағытта ұйымдастырылады. Сабақ түсіндіру барысында психикалық дамуы тежелген баламен қарым–қатынас жасағанда әсерлә сөйлепң твңдаушысын өзіне баурап алуы.Баланың тілін дамыту үшін өзіне қажет деген әдісті қолдану. Тілін дамытуға мақал-мәтелдер, мысалдар,өлең-жыр, қызықты әңгімелер,шешендік сөздер жаңылтпаштар,жұмбақтар айтқызып, оның шещімін табуға жетілдіруге таңдалынып алынады.Сөздік жұмысын жүргізі, жаңа сөздерді үйретіп,оны іс жүзінде қолдана білуге үйрету.Баланы әдеби тілде ауызша сөйлетуге және жазбаша сауатты жазуға үйрету.Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің бірі –оқушының тілін дамыту.Балалардың көбінесе, дұрыс айта алмайтын, тілі келмейтін дыбыстарға «р» «с» «ж» «ш» дыбыстарын дұрыс айтуға бағытталған жаңылтпаштар қолданылады. Жаңылтпаштарды жатқа, мүдірмей айту арқылы баланың сөздік қоры байып, ой-қиялы дамиды. Халық жаңылтпашты бала тіліндегі мүкістікке байланысты шығарған. Псикалық дамуы тежелген оқушылардың көбінде церебралды-органикалық типті балалар кездеседі.Бұл тежелеудің бұл түрі баланың құрсақта жатып даму кезіңіне бастау алуы мүмкін.Бұл кемшіліктер әйелдің жүктілік кезінде өз денсаулығын қадағалаумалауының, ағзасы арқылы сәбінің бойына баратын дәрумендерді қажетті мөлшерде қабылдамауынан өз жұмысына жаупкершілікпен қарамауының салдарынан орын алатыны анық. Сөйлеу тілі бұзылуының көпшілігін алдын-ала ескертуге болады. Ол үшін баланың жалпы тірлігінің және сөйлеу тілінің тәртібі, әртүрлі сырқаттардың асқындырмауын, оның сөйлеу тілінің дамуына қамқорлық жасауын, сөйлеу тілінің бұзылуына әкеліп соғатындай шамадан артық салмақ

160

салмауын қадағалау қажет. Ана мен баланың денсаулығын қорғау және логопедтің тіл кемістігінен алдын-ала сақтандыру шараларын ұйымдастырудың да зор маңызы бар.

ЖАЛПЫ ТІЛ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Рашева Алтынай Буранбаевна Құлсары қаласы, Жылыой ауданы, «Жылыой ауданы білім бөлімі

№2 Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ Педагог-логопед Қазіргі жаңа замандағы психология мен психолингвистика тіл адамның

ақыл-ойын құрайтын органика ретінде қарастырылады.Тілдік икемдік бұл қарым қатынастағы және танымдағы жүйелік ережелерді меңгереді.Балаларда тіл шықаннан кейін ойлауға үлкен әсерін тиігзеді, ол баланың тілдік жүйесінің қалыптасуына да әсерін тигізеді .Балалардың тілді меңгеруі ересектермен тығыз байланыстылығының арқасында тексеріледі. Ақыл- ойында ауытқушылығы бар балаларға психолингвистикалық эксперименттік зерттеулер жасағанда интеллект сөйлеу тілінің дамуына өте үлкен әсерін тигізетіні анық.

[Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша бірінші кемшілік екінші кемшіліктің және үшінші кемістіктің туындауына әкеліп соғады].Ақыл-ойында ауытқышылығы бар балаларда бас миының зақымдауымен бірге екіншілік кемшілік психикалық процестердің жоғарғы психикалық функциалардың бұзылуына әкеліп соғады және сөйлеу тілінің бұзылуында әсерін тигізбей қоймайды. Ондай балаларда: - сөйлеу тілінің жүйелеігінің дамымауы және олардың компоненттерінің байланыстылығының жоқтығы -информацияны жеткізудегі жылдамдық көлемдіктің және сапасының жоқтығы -жоспарлау және когнитивтік функциаларының сөйлеу тілінің айтарлықтай төмендігі - сөйлеу тіліндегі бұзылыстары оның әртүрлі функциалардың бұзылыс деңгейіне байланысты. Л.С.Выготский айтқан: Ойлау іске аспайды, тек сөз арқылы жүзеге асады, ол «ойлау» мен «ой» арқылы ішіміздегінің барлығын сөзбен жеткізе білуіміз қажет]деген.

а) Тіл-адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы. Адам

баласы өз ойын, қажеттіліктерін, іс-әрекетін тіл арқылы жеткізіп, қанағаттана алады Сәбилердің сөйлеу тілі дамуының әдістемесі мен теориясы соңғы онжылдықта Қ.Қ.Өмірбекова, К.Б.Бектаева, Р.А.Сүлейменова және т.б.ғалымдар зерттеулері барысында айтарлықтай толықтырылды.

Ол психологиялық қатынастың қалыптасып, оны тіл арқылы жеткізу болып табылады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері

161

қарқынды дамып, баланың қалыпты дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным мен іскерлігі қалыптасады. Соңғы кезде балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездесетін құбылысқа айналып барады. Сөйлеу тілі бұзылған баланың белсенеді қозғалуында жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикаларында ауытқушылықтар байқалады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Адамның бас миындағы тілдің моторлы орталықтары саусақтың моторлы орталықтарына жақын орналасқан. Сондықтан, ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Су - Джок терапиясының авторы Оңтүстік Корея профессоры Пак Чже Ву адамның ағзасының белсенді нүктелері қол саусағында орналасатынын дәлелдеген болатын. Балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзету жұмыстарына кіріспес бұрын, оның жеке тұлғалық белгілерін міндетті түрде білу қажет. Кейбір балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар, нервті - психология саласында да психологиялық ауытқушылықтар болатыны да назар аудару қажет. Сол себепті де балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет. Ойын жаттығуларын беруде мына принциптерге сүйеніп отырамын. Ойын жаттығулары балаларға қызықты, тартымды болуы, ересек пен бала арасындағы қарым - қатынас сенімділікке құрылуы керек.

Жалпы сөйлеу тілі бұзылысы бар балаларға логопедиялық жұмыстың негізгі міндеті – олардың өз ойын, қоршаған ортадағы оқиғаларды грамматикалық және фонетикалық дұрыс жүйелікпен байланыстырып айтуды үйрету.Бұл жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда, балалардың үлкендермен қарым-қатынасында, мектепте оқытуда маңызды орынды алады. Барлық жағдайда баланың сөйлеу тілінің қалыптасуы дұрыс жүре бермейді: кейбір балаларда тілдің барлық компоненттерінің кешеуілдеуі байқалады. 1.Отбасында баланың сөлеу тілінің қалыптасуына дұрыс жағдай жасамау (басқа балалар мен ересектермен қарым-қатынастың жеткіліксіз болуы, басқа тілде сөйлеу, ата- анасының саңырау болуы және т.б.) 2.Балалар үйі жағдайында тәрбиеленетін балаларға тілдік қарым-қатынастың жеткіліксіздігі. 3.Билингвизм, мысалы, балабақшада баламен қазақ тілінде, ал отбасында басқа тілде сөйлеу. 4. Бала тәрбиеленетін әлеуметтік жағдайдың нашарлығы. 5.Жалпы тіл дамымаушылығынің пайда болу себептері әртүрлі: биологиялық және әлеуметтік. Ең күрделісі ерте жастан мидың органикалық зақымдану салдарынан туындайды. Жалпы тіл кемістігі бар балалар өз қатарластарынан кеңістікте – уақытта бағдарлану тапсырмаларын орындау бойынша артта қалады.

Саусақ, қол білегі координациясының ұсақ қимылдың дамымауы байқалады. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринолалия,

162

дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологияларының түрлерінде байқалуы мүмкін. Сөйлеу тілі дамуының төрт деңгейге бөлінетіні білеміз

Есту арқылы қабылдау. Сөйлеуі бұзылған балаларда, фонетико-фонематикалық қабылдау кемшілігі кездеседі және сөйлеу – есту мен сөйлеу қозғалу анализаторларының байланысы міндетті түрде байқалады. Көру арқылы қабылдау. Сөйлеу патологиясы бар балаларда, аталған психикалық қызмет тежеле дамиды. Зерттеулер көрсеткендей, нақты объектілер мен бейнелерді көру арқылы қабылдау, бұл балаларда анағұрлым төмен деңгейде болады. Әсіресе, таныс емес берілген заттарды тану қиындық туғызады. Олар заттың бейнесін қабылдау үшін, ұзағырақ уақытты қажет етеді. Мысалы, перцептивтік әрекеттерді қажет етеді. Бұлар бағдарлаудың ең қарапайым түрлерін ғана қолданады, айталық, үлгіге сәйкестендіру сияқты. Мысалы, фигураларды салыстыруда олардың пішіндеріне емес, түстеріне сүйенуі мүмкін. Ал, қалыпты дамудағы балалар, негізінен көру арқылы салыстыру жолын қолданады. Өз тәжірибемде балалар тілін жетілдіруде мынадай заңдылықтарға сүйенемін:

Бірінші заңдылық. Ана тілді меңгеру мүмкіндігі баланың сөйлеу бұлшық еттерінің жаттығу деңгейіне байланысты.

Екінші заңдылық. Сөйлеу тілінің мағынасын түсіну баланың лексика-грамматикалық тілдік белгілерді меңгеруіне байланысты.

Үшінші заңдылық. Тілдің мәнерлілігін меңгеру- тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық мәнерлілік әдістерін қабылдау деңгейіне байланысты.

Төртінші заңдылық. Сөйлеудің қалыпты деңгейін меңгеру баланың тілдік сезімінің дамуына байланысты. Егер балада тілдік белгілер нормасын – үйлесімділік (синтагматика), өзара алмасу мүмкіндігі (парадигматика), әртүрлі тілдік ситуациялардағы орындылық (стилистика) т.б. есте сақтау қабілеті болса ана тілін меңгеру мүмкіндігі бар.

Бесінші заңдылық. Жазба тілін меңгеру ауызша сөйлеу тілі мен жазбаша сөйлеу тілінің арасындағы координацияның дамуына байланысты.

Алтыншы заңдылық. Тілдің баю жылдамдығы тілдік машықтар құрылымының деңгейіне байланысты

Қайталап айту әдісі Мектепке дейінгі бес-жеті жастағы балаларды, жоғарыда айтылған тілге

үйрету әдістерінен басқа, қайталап айту әдісімен де үйретемін, ол балалардың сөзін тілдің барлық компоненттерімен (лексикамен, грамматикалық формалармен, интонациямен) байытатын, олардың байланыстырушы сөздерін жаттықтыратын қайталап айту әдісімен сөйлеуге үйретеді. Қайталап айту әдісінде балаларға көркем әдеби шығарманы оқып беріп немесе серуендегенде өздері көрген нәрселерді олардың есіне салып, немесе «өз өмірінде болған оқиғаларды» айтып береді немесе балалар көрмеген әлде бір затты, хайуанатты сөзбен суреттеп айтады, содан соң оларды: 1) логопедтің әңгіме айтуы барысында сұрақ қоюға, 2) оның әңгімесін қайталап айтып беруге ынталандырып отырамын. Қайталап айту

163

әдісі еліктеу әдісіне ұқсас. Бұл әдістердің арасындағы айырмашылық мынада:логопед оқып болысымен-ақ текстің кейбір жерін бала қайталайды (еліктейді); жуықта естіген текстің мазмұнын бала мүмкіндігінше айтып береді; баланың тексті .қабылдауы мен оның мазмүнын қайталап айтуы арасында біршама уақыт өтуі қажет.Балаларды көркем әдебиетпен таныстыруға байланысты методикада қайталап айтудың көптеген тәсілдері бар, мысалы: сүйікті кейіпкерлерін ойнау, ертегілерді, әңгімелерді және т. б. сахнада көрсету.

Құрастыру (әңгімелеп беру) әдісі Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әңгімелеп беру)

әдісіне кең дербестік беріледі. Оньң мәні мынада: балалардың ертегілерді өз бетінше «құрастыруын», олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін, көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуына жаттығып отырады. Осы жоғарыда айтылған теориялық әдістемелерді басшылыққа ала отырып өз жұмыс тәжірибемде жүргізілетін жұмыстрым туралы баяндап беруді жөн көрдім.Менің негізгі мамандығым орыс тілі пәні мұғалімі, кейін осы Х.Досмухамедов атындағы университетті дефектология мамандығы бойынша оқып, тәмәмдадым. Логопед мұғалім болып, Жылыой ауданы білім бөлімінің №2 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде жасағаныма 10 жылдың үстінде уақыт болды. Мен алдымен ОПМПК қорытындысымен келген баланы 15 күн бойы сөйлеу тілін зерделеп, қаншалықты тіл кемістігі барын біліп алғаннан кейін логопедиялық түзету жұмыстарын жүргіземін. Баланың сөйлеу тілін зерделегенде Қ.Қ.Өмірбекованың «Сөйлеу тілін тексеру әдістемелері» еңбегін және келесі 12 бағытты басшылыққа аламын.Ол бағыттар: 1.сенсорлы-перцептивті жағдайы,

2.зейіні, 3.есте сақтауы, 4.ойлауы, 5.сөйлеу ерекшеліктері, 6.өзін-өзі бағалауы, 7.ерік-жігері, 8.психомоторлық жағдайы, 9.оқу біліктілігі, 10.әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы,11.еңбек біліктілігі, 12. коммуникативтілігі.

Баланың сөйлеу тілі картасы толтырылып болған соң әр балаға жеке даму бағдарламасын құрамын. Сол бағдарламаға сүйене отырып түзету жұмыстарын жүргіземін. Логопедиялық түзету жұмыстарының бірі қол ұсақ моторикасын дамытудан кейін артикулляциялық жаттығулар немесе қол массаж, арнайы зондпен массаж жасалады. Артикулляциялық жаттығулар немесе массаж дегеніміз баланың сөйлеу тілі аппаратын белсенді жұмыс жасауға даярлайды, себебі мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілінде жалпы кемістігі бар балалардың жақ бұлшық еттері мен тілі қызметі, қимыл-қозғалысы баяу болады. Сондықтан масаж жасаумен қатар баланың сөйлеу тілінің дамуына саусақ жаттығуларының да маңызы зор.Түзету сабақтарында ойнай отырып,саусақ жаттығуларына мән беремін және үнемі өз сабағымда саусақ жаттығуларын жасатып отырамын. Сонымен қатар жалпы тіл кемістігі бар балаларда жиі кездесетіні дауыссыз дыбыстар қатар келген кезде ауыстырып алады. Ауыстыру артикуляциялық және акустикалық жағынан

164

ұқсастық белгілері бойынша болады. Мысалы; р л, с т, ш х, к п, в л, к т ауыстырылады, сондықтан артикулляциялық жаттығуларының маңызы зор. Ал енді лексикалық жағына тоқталатын болсақ, осы балалардың белсенді және енжар сөз қорының қалыптасуы нашар жағдайда болады. Сөз қоры аз, сөздерінің мағынасы жеткілікті түсінікті болмайды. Енжар сөз қоры белсенді сөз қорына қарағанда көбірек келеді. Сөз мағыналарының құрылымы қалыптаспаған. Сөз қорының даму деңгейі төмен, қоршаған орта, айнала туралы айтуға сөздіктерінің аздығы, сөйлеу арқылы әлеуметтік қатынасқа қажеттілігі төмен болады. Осындай балаларға сөздік жұмыстарын жиі жүргізуді талап етемін.

Баланың сөйлеу аппаратын жұмысы жақсарғаннан кейін дыбысты қою жұмыстары жүреді.Балаға дыбысты дұрыс қоюда дыбыстың артикулляциялық құрылысын айна алдында отырып салу өте маңызды.Дыбыс толық қойылып бала анық айта бастағанда буын,сөз кейін сөз тіркесі айтылып машықтандыру жұмыстары жүргізіп отырамын. Бала еркін сөйлей бастағанда тіл ұстарту жұмыстары, яғни жаңылтапаштар,мақал-мәтелдер айту. Жалпы тіл кемістігі бар балалар дыбыстық талдау түрлерін меңгергені қажет, себебі сөзде,сөйлемде дыбысты дұрыс айтуға маңызы зор.Бала дыбыстардың айтылуын толық меңгерген соң байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары жүргізіледі. .Осы жоғарыда көрсетілген балалардың сөйлеу тілінің жағдайларын ескере отырып,төмендегі әдістерді қолданамын.

I. Сюжеттік суреттер сериясы. 1. Сюжеттік суреттер сериясының дұрыс қоюы. 1. Мағыналық жағы ( суреттер бойынша әңгімелеп беру) 2. Өз бетімен орындауы(көмекті қажет етпеуі) 3. Сөз қоры 4. Грамматикалық жағы (жұрнақ, жалғау, сөз жасам, сөз өзгерту дағдылары).

II. Сюжеттік суреттер. 1.Мағыналық жағы (суреттер бойынша әңгімелеп беру); 2. Өз бетімен орындауы (көмекті қажет етпеуі); 3.Сөз қоры; 4. Грамматикалық жағы (жұрнақ, жалғау, сөз жасам, сөз өзгерту дағдылары).

III. Мәтін мазмұны. Менің жұмыс тәжірибемде тұттықпа балалармен де жұмыс жасау

болды.Тұттықпа балалармен жұмысты невропатолог дәрігермен біріге отырып жасаймын, себебі кейбір балаларға дәрігердің көмегі қажет болады. Осындай диагнозды балалармен жұмысымды көбіне алдымен А.Н.Стрельникованың тыныс алу жаттығулары әдіснемасын басшылыққа алып бастаймын. Алғашқы түзету жұмыстар баланың дауыс ырғағын, тыныс алу дифрагмасын жұмыс қабілетін белгілі бір ритмге келтіру қажет, мысалы: тыныс алудың әдіс-тәсілдері І. Ойын арқылы тыныс алу жаттығулары.

1. Мұрнымен тыныс алып, мұрыннан шығару. 2. Ауызбен тыныс алып, мұрыннан шығару.

165

3. Мұрынмен тыныс алып, ауыздан шығару. 4. Ауызбен тыныс алып, ауыздан шығару. Вокалды жаттығулар. А-О-У-

И дауысты дыбыстарды созып айту. АУИО, АУИО, АИУО, АОУИ дыбыстарын бір тыныста бөлмей тез айту.Тыныс алу жаттығуларын ауыз қуысы арқылы қайталаау.

ІІ. Диафрагмалды тыныс алу жаттығулары. Бұл тыныс алу жаттығуларын іш престері арқылы жасау. «Бүркітке ұқсаймыз» ойыны. Бастапқы қалып жан-жаққа қолдарын көтеру. Қолды жоғары көтерген

кезде мұрынмен тыныс алып, тынысты терең ішінен алу қажет. Қолдарын төмен түсіргенде демді ауыздан шығарады.

«Штанга» ойыны. Ауыр штанганы көтергендей алдымен кеуде тұсқа дейін, содан жоғары

көтеру керек. Жаттығуды 10-15 секунд жасаймыз. Қол, аяқ, кеуде бұлшық еттерінің жиырылуына ерекше назар аудару керек. Алға қарай еңкейе отырып, штанганы жерге тастау керек. Бұл кезде қолды барынша еркін ұстап ауада бос ұстау керек. Дене босаңсуына мән беріледі.

«Алақан» Бала жаттығуды тұрып орындайды. Алақанды ашып ауаны ішіне алады да,жұмып ауаны сыртқа шығарып тыныс алады.

ІІІ. Мимикалық және артикуляциялық бұлшықеттерге арналған релаксациялық жаттығулар.

А) басты сәл ғана артқа шалқайтып, 10 секунд ұстаймыз. Ә) 15 секунд қолымызды жоғары көтереміз. Б) 5 секундқа қабақты түйеміз. В)5секундқа тістенеміз. Г)5 секундқа тісімізді көтереміз. Артикуляциялық жаттығулармен бұлшық етті дамыту жұмыстарын бала

қимылмен орындайды. Осындай жаттығулар жиі жасалып отыру тиіс. Содан кейін барып бала сөзді, сөйлемді мәнерлеп, әуендетіп қайталау

арқылы жаттығады. Тұттықпа баламен жұмыста логопедпен қосылып текст оқу, сыбырлап сөйлеу және әуендетіп айту әдістерін қолданып отырамын, арасында өлең де айтып отырамыз.Мысалы: берілген мәтінді баламен қосылып әндетіп оқимыз. Осындай еңбектерімнің жемісін көріп те жүрмін, көптеген балалар оңалып, жақсы болып кетті. Олар: Болатбекұлы Бекмухаммед, Әскер Әли, Абильгазин Мансур, Малдыбай Әлішер, Абдигалиев Нурасыл, Нұржан Нұрила, Аманжол Саянтай, Құбайдолла Гүлбаһрам, Сагидуллаев Султан, Маңғыбай Өмірбек, Жүсіп Дәулет, Қосай Сезім, Сапарбекұлы Шынтас

Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары өте аумақты іс, сондықтан әр баланы үйретуде маманның біліктілігі жоғары болу керек. Балаға жағдай жасап, белгілі бір бағыт әдісті қолданып отырған дұрыс. Өз жұмыстарымды қорыта келе, мектепке дейінгі сөйлей алмайтын балалардың оқу орындағы жетістіктері мына жағдаймен анықталады, өйткені балабақшада балалар өздерінің қатарларының

166

қастарында болады. Бұл арнайы оқуға жақсы жетістік етеді,ол сөйлеу қабілетін жақсарту, адекватты әдістің оқуын таңдау және балалармен жұмыс істеу және олардың жан-жақпен түзете-тәрбиелеу жұмыстарының жасына қарай және кемістіктің құрылымының байқалуы. Мектепке дейінгі жас сөйлеу қабілетіне өте сензивті кез болып байқалады,яғни оның дамуына жас ерекшелігінің оптималды мүмкіндіктері.Сонымен мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу қабілеті бұзылуы үлкен эффектпен жүзеге асады. Арнайы мектепке дейінгі оқу орындарында сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен түзету жұмыстары жүргізіледі,тек қана кемістіктерін дұрыстау емес,сонымен қатар балаларды мектепке дайындау.Табиғатпен байланысты және сөйлеу кемістігі ауыр балалар аралас мамандық мектебінде немесе сөйлеу қабілеті өте ауыр балалар мектебінде оқи алады.Арнайы оқуда белгілі бір жағдайдағы немесе сөйлеу қабілеті жеңіл бұзылған балалардың кемістіктері мектепке дейінгі жаста толық жойылады,бірақ ары қарай логопедтің көмегін қажет етеді. Мектепке дейінгі оқу орындарында арнайы ең жоғарғы бағытты қажет етеді. Арнайы бағдарламада тек сөйлеу тілі бұзылған балаларды ғана емес, сонымен қатар оқуға деген алдын ала дайындығы бар,фонетика-фонематикалық бұзылысы бар балалардың, ауызша, жазбаша бұзылыстары немесе тұтықпасы бар балаларды оқытып,тәрбиелейді. Балалардың фонематикалық қабылдауының біртіндеп дамуына бағытталған кішіпейілділік қарым-қатынасында жаттығулар жүйесінен көрінеді деп есептеймін.Осы себепті ауцданымызда 2016-2017 оқу жылында «Гүлдәрен»ясли бақшасында инклюзивті оқыту тобы ашылғанын айта кетуді жөн көрдім. Топқа 16 мүмкіндігі шектеулі балалар келеді.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1.Өмірбекова қ.қ «Формирование связной письменной речи учащихся ІVклассов» Москва, 1985 2. Өмірбекова қ.қ «Формирование связной письменной речи учащихся ІV классов средней школы» Диссертация на соискание ученой степени кандидата педагогических наук Москва,1985 3.Бекетаева К.Б, Рахимов С.Т «Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы» Алматы,2007 4. Акименко В.М «Речевые нарушения у детей» Ростов на Дону,2005 5.Спирова А.Ф «Особенности речевого развития учащиеся с ТНР» Москва,Педагогика,1980 6.Аксенова А.К «Развитие связной письменной речи учащихся коррекционно-развивающихся направленность» 7.Зикеев А.Г «Практическое овладение лексико-грамматическими отношениями младшими школьниками с нарушениями в речи» Дефектология 1999,№4 8.Львов М.Р «Тенденция употребления сложоподчененных предложений в письменной речи учащиеся» Москва.1974 9. Курещина А.М «Формирование связной речи 5-6 летнего возраста с ф.ф.н речи» Дефектология 1998,№6

167

10. Фотекова Т.А «Тестовая методика диагностики связной устной речи младших школьников» Москва, 2000 11. Грушникова П.А, Горецкий В.Г «Работа над предложениями и связной речью в начальных классах» Москва, Просвещение 1984 12. Өмірбекова Қ.Қ, Тулебиев Г.Н, Коржова Г.М, Оразбаева Г.С «Логопедия негіздері» Алматы,2009 13. Волкова Л.С «Логопедия» Москва,1989 14. Өмірбекова Қ.Қ, Өмірбекова С.Ж «Сөйлену тілін тексеру әдістері» Алматы кітап, 2002 15. Петрова В.Г «Развитие речи уч-ся вспомогательной школы» Москва 1977 16. Өмірбекова Қ.Қ «Работа над сочинением по серии сюжетных картин для дошкольников» Алматы, 1993 17. Өмірбекова Қ.Қ., Серкебаев Қ. «Логопедия» Алматы,1989

«ТОРҒАЙ» ДЫБЫС: [А-Ә] ДЫБЫСТАРЫН АЖЫРАТУ

Сакенова Лязат Атырау облысы білім беру басқармасының «Облыстық арнайы мектеп-

интернаты» Коммуналдық Мемлекеттік Мекеме Бекітемін: Оқу ісінің орынбасары: Жұмағалиева С.С. Пән: Есту қабілетін дамыту (жеке сабақ) Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім. Тірі табиғат Сынып: 3 нашар еститін

Мектеп: Облыстық арнайы мектеп-интернат Мұғалімнің аты-жөні: Сакенова Лязат Қатысқандар саны:1 Қатыспағандар саны: -

Сабақ тақырыбы «Торғай», [а-ә] дыбыстарын ажырату Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1 инструменталды аспаптарды қабылдап ажырата алу 3.1.1.2 өлең әуендерін, атақты әншілер дауыстарын қабылдап, ажырата алу

Сабақтың мақсаттары Бір тыныста буындарды, сөздерді, бөлмей айтуды, мұғалімге еліктеу арқылы және өз бетімен сұрақ қойған кезде дауысты қаттырақ шығарып логикалық екпін түсіріп айта білу, [а-ә] дыбыстарын буында, сөзде ажырату, «Торғай» мәтінімен жұмыс

Жетістік критерийлері [а-ә] дыбыстарын анық, нақты айтып үйренеді, буында, сөзде ажыратады

Құндылықтарды дарыту

Мұғалімді тыңдап, сыныпта дұрыс отыруға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс Қазақ тілі Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы Ынтымақтастық

- Тұр. Амандас! - Сәлем, апай!

Сұрақ-жауап

168

атмосферасын қалыптастыру 2 минут

- Сәлем! Отыр Қазір, мен сендерге сұрақтар қоямын, сендер жауап бересіңдер.

- Тыңда! - Қазір қай жыл мезгілі? - Ауа-райы қандай? - Бүгін қай күн? - Қазір қай сабақ? - Мұғаліміңнің аты кім? - Сен не істедің? - Жарайсыңдар!

Сабақтың басы 2 минут

Тыныспен жұмыс жасаймыз. - Бір тыныста буындарды, сөздерді бөлмей

оқы! Мамамаааааатотото Папапаааааатутуту

- Бір тыныста 1-ден 10-ға дейін тура сана! Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он

- Бір тыныста 10-нан 1-ге дейін кері сана! Он, тоғыз, сегіз, жеті, алты, бес, төрт, үш, екі, бір

- Сен не істедің? - Мен тыныспен жұмыс жасадым

Тыныспен жұмыс (карточкалар)

2 минут Енді, дауыспен жұмыс жасаймыз. - Дауысыңды қатты шығарып, логикалық

екпінді сақтап, сұрақтарды қайтала? (мұғалім оқып көрсетеді)

- Қазір қай жыл мезгілі? - Далада ауа-райы қандай? - Тірі табиғатқа не жатады?

Дауыспен жұмыс (карточкалар)

Сабақтың ортасы 2 минут

Тіл жаттығулары жасау. «сағат», «шарлар», «күрек» жаттығуларын жаса

Тіл жаттығуларының суреттері

Сабақтың соңы 4 минут

[а-ә] дыбыстарының артикуляциялық кескіндерін көрсетіп, екі дыбысты салыстырамыз. Буында ажырату: Па-пә пап-пәп ал-әл Та-тә лап-ләп ай-әй Сөзде ажырату:

- Сөздердегі [а-ә] дыбыстарын ажыратып оқы! Дауыстап оқы! Сан-сән Нан-нән Асқар-әскер Жай оқы! Дән-дәулет Дәулет-дарын Тары-дәрі

- Тыңда! Қайтала! Суретті көрсет! Аспан,тау,тақта,жаңбыр,салқын,әже,әтеш,дәптер, әліппе,сәбіз

Дыбыспен жұмыс [а-ә] дыбыстарының артикуляциялық кескіндері, аспан, тау,тақта,жаңбыр,салқын,әже, әтеш, дәптер, әліппе, сәбіз суреттері, кеспе буындар

169

- Кеспе буындардан сөз құрастыр! Оқы! Буынға бөл, неше буынды?

Жаңбыр, әтеш, дәптер, терезе - Сөздерді толықтыр. Көп нүктенің орнына

керекті дыбысты қойып, сөзді оқы, неше әріп, неше буын?

...т, т...у, ...же, д....птер, т...қт..., с...лқын, с...біз Сөйлемде ажырату:

- Мақалды оқы, дыбыстарды қадағала! [а] әріпінің астын бір рет, [ә] әріпінің астын екі рет сыз

Әдепті бала Ата-анасын мақтатар. Әдепсіз бала Ата-анасын қақсатар.

- [а-ә] дыбыстарын ажыратып сөйлемді оқы, дыбыстарды қадағала!

Алматы – әдемі, әсем қала. Медеу – әлемге әйгілі мұз айдыны. Жер жанаты Жетісуда Талдықорған қаласы орналасқан.

Есту қабілетін дамыту кезеңі 6 минут

ЕҚД. Инструменталды аспаптарды қабылдап ажырата алу Өлең әуендерін, атақты әншілер дауыстарын қабылдап, ажырата алу Мәтінмен жұмыс: Торғай Жаңа сөздер: ығында – қасында, бүрісіп – тоңып, жасқана – қорқып, қалшылдап – дірілдеп.

- Мәтінді мұғалім оқиды; - Мәтінді оқушы оқиды; - Мәтінді мұғалім түсіндіреді; - Қима сөйлемдермен жұмыс

Мәтінге байланысты суреттер

Аяқталуы Бағалау 1 минут

- Жарайсың, сабаққа жақсы қатыстың! Смайликпен бағалаймын

Смайликтер

Бекіту 1 минут

-Бүгін қандай дыбыстардың үйрендің? -Қайтала! -Сабақта не істедің? (тыңдадым, қайталадым, оқыдым)

Табличкалар (сұрақтар)

«Арнайы және инклюзивті білім беру мекемелерінде логопедтік жұмыстарының әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру жолдары»

тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

ҰСЫНЫСТАР 1. ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы инклюзивті білім беруді дамыту бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен, мүгедектердің мемлекеттік емес ұйымдарымен,

170

денсаулық сақтау және әлеуметтік-қорғау департаменттарымен, қалалық және облыстық әкімшіліктерімен әлеуметтік серіктестіктігін күшейту; 2. Мүмкіндігі шектелген балаларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың әдіс тәсілдерін жүйелендіру. 3. Білім беру жүйесін жаңарту мақсатындағы ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларды оқыту процесіне замануи психологиялық–педагогикалық әдістемелер мен технологияларды кеңінен еңгізу; 4. Арнайы түзету білім мекемелері мен инклюзивті оқыту бағдарламасын қамтитын жалпы білім мекемелерінде материалдық -техникалық базасын күшейту, яғни пандустар мен демеуші қондырғылар, арнайы лифттер және т.б., сонымен қатар, балалардың бұзылыстарына сәйкес қажетті арнайы компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету; 5. Арнайы (түзету) білім беру ұйымы оқушыларын қазіргі кезеңде кәсіптік еңбекке дайындауды жетілдіру; 6. Мүмкіндігі шектеулі балаларға түзете-дамыта оқыту және тәрбиелеу бағыттарына арналған пәндік оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік нұсқауларын, оқу құралдарын, аудио-бейне материалдарын, электронды оқу-әдістемелік құралдарын жетілдіру және әзірлеу; 7. Тұлғаны дамытуға бағытталған білім берудің жаңа үлгісін ендіру мақсатында мұғалім мен арнайы білімді қажет ететін балалардың тұлғалық-бағдарлы өзара қарым-қатынасын күшейту; 8. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде, дамытуда арнайы білім беру ұйымдары мен отбасының бірлесіп жұмыс атқаруда, отбасын сүйемелдеу орталығымен қамтамасыз ету; 9. Инклюзивті мектепте психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық -ұйымдастыру аспектілерін іске асыру; 10. Инклюзивті білім беру мектептерін инклюзивті үрдісті басқаратын координатор және тьютор,дефектолог,логопед мамандарымен қамтамасыз ету. 11. Ерекше балаларды оқыту мен тәрбиелеуде әдістемелік авторлық кітаптар шығару. 12. Оқу-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастыру жұмыстарын дәстүрле айналдыру. 13.Жас логопед, дефектолог, тьютор мамандарына әдістемелік көмектерді көрсету.

Мазмұны

Галимжанова М.А. Алғы сөз 3 Урымбаева А.Д. Арнайы сынып оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру арқылы тілін дамыту

7

Кабенова Г.С. Аса қажеттілігі бар оқушыларға арналған қазіргі замандағы психологиялық көмек

11

Тауманова Ж.Б. Мүмкіндігі шектеулі баларды әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға тарту шаралары

20

171

Тәжбентай Ә.С. Психомоториканы және сенсорлы үдерістерін дамыту пәнін зерде дамуы бұзылған балаларға заманауи әдіс - тәсілдермен оқыту

23

Кабиева Г.Н. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру бағытында жүргізілетін жұмыстар

30

Құспанова А.М. Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда заманауи технологияларды қолдану

42

Жұмағазиева Ж.З. Инклюзивті білім берудегі психомоторикалық және сенсорлық үдерістерін дамытуда ойын-жаттығуларды пайдаланудың маңызы

48

Ахметова Н.М. Инклюзивті оқытудағы физикалық ұғымды қалыптастырудың психологиялық негіздері

58

Ермуханова С.Т. «Ғ» дыбысы мен әрпі 62 Сарина М.Л. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру: теориядан тәжірибеге

66

Малиева Н.Ж. Тұтықпа диагнозы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының тиімділігін арттыру әдістері

69

Кадирова К.Т. Арнайы педагогиканың өзекті мәселлелерінің бірі зияты бұзылған балалардың жазуында кездесетін қателерді жан-жақты қарастыру және анықтау

72

Аталыкова Р. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін психологиялық жұмыс түрлері

74

Кабышева М.Б. Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында инклюзивтік білім берудің негізгі аспектілері және жағдайы

77

Кажимгалиева К.У. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға түзете –педагогикалық көмек көрсету мәселелері

84

Сарсекенова А.Б., Балапанова Ж.Т. Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы мектептерде оқытуда инклюзивті білім берудің маңызы

89

Сарсекенова А.Б., Тасимова А.С. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіру

96

Шарапова А.А., Жайжанова А.А. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері

101

Абатова М.А. Жалпы білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларды әдістемелік тұрғыдан қолдау

104

Абдуалиева Д.Г. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолдаудың маңыздылығы

107

Байганина К.К. Обучение и развитие ребенка с зпр в обычном классе общеобразовательной школы

111

Бухарбаева С.М. Инклюзивті білім беруде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі

114

Есетова Л.Д. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың түзете-дамыту көмегін көрсетудің маңызы

116

172

Жекешева Р.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеументтендіру немесе әлеуметтік тәрбие

119

Жетенова А.Ж. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру: теориядан тәжірибеге

124

Жоламанова Р.Т. Биология сабағында ерекше білім қажеттілігі бар білім алушыларды оқу мазмұнына икемдеу

127

Кадырова М.К. Инклюзивті білім беру қажеттіліктері 133 Кетебаева Г.Б. Мемлекеттік бағдарлама негізінде ерекше балаға білім берудің мазмұны мен инновациялық жолдарын жүзеге асыру

135

Кулмуханбетова Ж.Ж. Инклюзивті білім беру – өмір қажеттілігі 137 Кульмурзин А.Б. Ерекше білімді қажет ететін оқушымен жұмыс 139 Кульмурзина Ж.С. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі

143

Мустафин Б. Ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларды ойын арқылы әлеуметтендіру

148

Нурманова Г.С. Ерекше білім беру қажеттілігі 152 Шәукебаева И.А. Ағылшын тілін оқытудағы жаңашылдық негізі – білім сапасының кепілі

153

Жанетова Д.М.Психикалық дамуы тежелген оқушылардың жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы мен ой өрісін жетілдіру

157

Рашева А. Б.Жалпы тіл кемістігі бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстар

160

Сакенова Л.Торғай»Дыбыс: [а-ә] дыбыстарын ажырату 167 «Арнайы және инклюзивті білім беру мекемелерінде логопедтік жұмыстарының әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру жолдары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция ұсыныстары

170